Ақмола облысы Iшкi iстер басқармасының N 84 еңбекпен-түзеу колониясын тергеу изоляторы етiп қайта жаңарту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 13 маусымдағы N 968

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi Ақмола облысының әкiмiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде еңбекпен-түзеу колониясын ұйымдастыруға қажеттi Ақмола облысы Державин ауданының Степной поселкесiнiң мемлекеттiк мүлкiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне иелiк ету, пайдалану және билiк ету құқығымен (иелiгiнен алу және аманатқа беру құқығынсыз), өткiзу актiсiне сәйкес беретiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
      1997 жылдың 15 шiлдесiне дейiн мерзiмде Ақмола облысы Державин ауданының Степной поселкесiнiң объектiлерiн күзетуге алсын;
      Ақмола облысы iшкi iстер басқармасының N 84 еңбекпен-түзеу колониясын тергеу изоляторы етiп қайта жаңартуды жүзеге асырсын;
      1997 жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей Ақмола облысының iшкi iстер басқармасының N 84 еңбекпен-түзеу колониясын және тергеу изоляторын көшiрсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы (келiсiмi бойынша) және Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Ақмола облысы Державин ауданының Степной поселкесiн еңбекпен-түзеу колониясына қайта жаңарту және Ақмола облысы iшкi iстер басқармасының N 84 еңбекпен-түзеу колониясын тергеу изоляторына қайта жаңарту жұмыстарын Қазақстан Республикасының астанасын көшiру және Ақмола қаласын және оның ықпал ету аймағын одан әрi дамыту жөнiндегi бiрiншi кезектi шаралардың мемлекеттiк бағдарламасына енгiзу мүмкiндiгiн және аталған жұмыстарды 1997 жылы қаржыландыру үшiн қажеттi қаражатты "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорының есебiнен бөлудi қарастырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезiнде Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне Ақмола облысы Державин ауданының Степной поселкесiн еңбекпен-түзеу колониясына қайта жаңартуды аяқтауға және жаңа тергеу изоляторын қайта жаңартуды аяқтауға қажеттi қаражат бөлудi көздесiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады