"Қалжат" шекара асуын iске қосу кешенiнiң құрылысын аяқтау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 маусым N 969. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.12.27. N 1897 қаулысымен.~P001897

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының арасында болған келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Алматы облысы әкiмiнiң Мемлекеттiк кеден комитетiмен бiрлесiп өткiзген "Қалжат" шекара асуын iске қосу кешенiнiң құрылысын жалғастыруға арналған тендердiң жеңiмпазы ретiнде "Алматы-келiсiм-шарт" агенттiгiн айқындаған тендердiң нәтижелерiне келiсiм берiлсiн.
      Алматы облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң көрсетiлген кешеннiң құрылысын 1997 жылы "Алматы-келiсiм-шарт" агенттiгiнiң қаражаты есебiнен аяқтау туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Алматы облысының әкiмi белгiленген тәртiппен шекара аймағынан "Алматы-келiсiм-шарт" агенттiгiне терминалдар мен әлеуметтiк сала объектiлерiн орналастыру үшiн ақысыз негiзде жердi тұрақты пайдалануға 22,5 га жер учаскесiн бөлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi ақысыз негiзде "Алматы-келiсiм-шарт" агенттiгiнен "Қалжат" шекара асуын iске қосу кешенiне кiретiн, құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдап алсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi пайдалануға енгiзiлген "Қалжат" шекара асуын iске қосу кешенiн балансына қабылдасын және 1997 жылдың 1 қазанынан бастап оны пайдалануды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады