Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Түркия Республикасының Ұлттық бiлiм министрлiгi арасындағы Бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 974

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. 1997 жылы 4 наурызда Анкарада қол қойылған Қазақстан

Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Түркия Республикасының Ұлттық

бiлiм министрлiгi арасындағы Бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы

хаттама бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмiн белгiленген тәртiппен

Түркия Тарапына хабарласын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


              Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi

         мен Түркия Республикасының Ұлттық бiлiм министрлiгi

          арасындағы Бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы

                             ХАТТАМА



 
       Бұл Хаттама 1992 жылғы 1-шi мамырда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркия Республикасының Үкiметi арасындағы қол қойылған бiлiм, мәдениет, ғылым және спорт салаларындағы ынтымақтастық Келiсiмiн басшылыққа ала отырып жасалынды.
      Бұдан әрi Хаттамада Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi "Қазақстан Тарапы", Түркия Республикасының Ұлттық бiлiм министрлiгi "Түркия Тарапы" деп аталынады.
      Тараптар, бiлiм беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың нығайғанын атап өтiп,
      мына төмендегiлер жайында келiстi.
 

                                1-бап



 
 
       а. Тараптар жыл сайын екi жақты негiзде таңдаған мамандығы бойынша жоғары бiлiм алу үшiн шәкiртақы алушылар тобын өзара тиiмдiлiктi ескере отырып анықтайды.
      б. Тараптар сонымен қатар шәкiртақы бөлiнетiн мамандықтар түрлерiн анықтайды, олардың санын және жоғары бiлiм бағдарламасы бойынша бөлу жағын қарастырады, анықталған қажеттi мәлiметтердi екiншi Тарапқа хабарлап отырады. Оқушылардың таңдаған мамандықтарын ауыстыруына рұқсат етiлмейдi.
 

                                  2-бап



 
 
       Түркия Республикасы жоғары оқу орындарында мемлекеттiк стипендиат есебiнде оқу үшiн Қазақстаннан таңдалынып қабылданатын оқушылар түркi тiлдес мемлекеттер және туысқан қауымдастықтарға арналған емтихандар сынағынан өткiзiледi. Жоғарыда аталған емтихандар екi мемлекеттiң Бiлiм министрлiктерiнiң, Түркия Республикасы Жоғары бiлiм беру кеңесi төрағалығы мен Түркия Республикасы тест орталығы өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiледi.
 

                                    3-бап



 
 
       Тараптар Түркия Республикасында жоғары бiлiм алып жатқан/алатын Қазақстандық студенттер үшiн қойылатын келесi талаптардың орындалуын қамтамасыз етедi:
      а. 1996-97 оқу жылынан бастап Қазақстан Республикасынан жiберiлетiн оқушылар ең алдымен Алматыдағы Түркия Республикасы Елшiлiгiнде бiлiм туралы құжаттарын тiркеуi тиiс және рұқсатнама, сонымен қатар басқа да барлық қажеттi құжаттарды алып Түркия Республикасына оқу жылы басталардан кешiкпей келуi тиiс.
      б. Оқушылар үлгерiмдерiне керi әсерiн тигiзетiн оқудан тысқары жұмыстармен айналыспауға тиiстi.
      с. Оқу барысында оқушылар ЮРТКУР немесе университет жатақханаларында тұратын болады. Қабылдау емтиханын ойдағыдай тапсырып, бiрақ түрiк тiлi емтиханын тапсыра алмағандар Түркияда ТӨМЕР-де бiр жыл оқиды.
      д. ЮРТКУР немесе университеттер жатақханасының тәртiбiн бұзушылар, ТӨМЕР-де немесе университеттерде сабақ үлгермеушiлер, сабаққа себепсiз қатыспаушылар оқудан шығарылады және Қазақстанға қайтарылады.
      Түркия Республикасы лицейлерiнде оқып жатқан Қазақстандық оқушылардың 5 семестрде оқуын бiтiргендердiң түркi тiлдес мемлекеттер және туысқан қауымдастықтарға арналған (ТСS) қабылдау емтихандарына дейiн оқып жатқан пансиондарында қалуы, емтихандарға дайындалуы және бұрынғы жылдардағыдай шәкiртақы шығыстарын алуы қамтамасыз етiледi.
 

                                    4 бап



 
 
       а. 1997-98 оқу жылында Қазақстан Тарапы мемлекет тарапынан жоғары оқу орындарына бөлiнген ақша сомасына қарай Түркия Республикасынан келетiн оқушылар үшiн 50 шәкiртақы бөледi. Олар тегiн оқумен қатар жатақхана және дәрiгерлiк көмек түрлерiмен қамтамасыз етiледi. Сонымен қатар, олар Қазақстан студенттерi алатын мөлшердегi шәкiртақымен және Қазақстан оқушылары сияқты әлеуметтiк құқықтармен қамтамасыз етiледi. Түрiк студенттерi сабақтан тыс уақытта оқу үлгерiмiне керi әсерiн тигiзетiндiгi себептi ақылы жұмыспен айналыспауға тиiстi.
      б. Түркиядан Қазақстанға оқуға жiберiлген оқушылар Түркиядағы тест емтихандар сынағы арқылы айқындалады және емтиханда алған ұпай санына байланысты мамандықтары анықталады.
 

                                  5 бап



 
 
       Тараптар Түркия азаматы ретiнде Қазақстанда, Қазақстан азаматы ретiнде Түркияда жоғары бiлiм алатын шәкiрттерге қатысты төмендегi жағдайлардың орындалуын қамтамасыз етедi.
      а. Тараптар оқу орындарының тәртiбiн бұзған және шәкiртақы алу хұқығынан айырылғандарды өз елiне қайтаруға барлық қажеттi шараларды жасауға, аталған категориядағы оқушыларды қайтадан сол елге стипендиат ретiнде жiберiлмеуге шаралар қолданылады.
      б. Егер студент өз елiне демалысқа (каникулға) келген кезде сырқаттанып қалса немесе емделу курсынан өтiп, сабаққа кешiгiп қалған жағдайда бiр жетiнiң iшiнде Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiне және Түркия Республикасы Ұлттық бiлiм министрлiгiнiң шетелдерде оқыту Бас Басқармасына хабар берiлуi тиiс және қайтып оралған кезеңде ауырғаны туралы денсаулық ұйымдарынан алған анықтаманы сыртқы iстер өкiлдiктерiнде куәландырып өткiзедi.
      с. Студенттер сел, жер сiлкiну, өрт, iндет немесе жеке басының отбасындағы бiрiнiң ауруы себептi ресми орындардан алынған құжаттары болғанда ғана академиялық демалыс үшiн рұқсат ала алады.
 

                                  6 бап



 
 
       Тараптар Қазақстанға Түркиядан келiп ақылы бiлiм алушылар үшiн төмендегi жағдайлардың орындалуын қамтамасыз етедi:
      а. Қазақстан Республикасына келiп ақылы бiлiм алушы түрiк азаматтары ең алдымен Түркия Республикасынан тест емтихандар сынағынан өтуi тиiс. Осы себептi Қазақстан Тарапы Түркия Республикасында тест емтихандар сынағынан өтпеген түрiк азаматтарының өтiнiштерiн қабылдамайды.
      б. Қазақстанда ақылы бiлiм алуға тiлек бiлдiрген Түркия азаматтары мамандық түрлерiне бөлiнген кезде олардың тест емтихандары сынағында алған ұпай сандары ескерiледi. Яғни, Қазақстанда бiлiм алғысы келген оқушының мамандығына бөлiнуi Түркияда алған ұпайына қарай қалай жасалатын болса, оқушының емтиханда сол көлемде ұпай алуы тиiс.
      с. Қазақстанда бiлiм алатын Түркия азаматтары оқудың тек күндiзгi бөлiмiне және Қазақстан студенттерiмен бiрге бiр топта оқуға қабылданады.
      д. Тараптар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарын бiтiргендерi туралы диплом алған Түркия Республикасы азаматтары алған дипломдарын Түркия Республикасының Жоғары бiлiм беру кеңесi әзiрлеген ережелерге сәйкес нострификациялануы шәкiрттерге хабардар етiледi.
      е. Осы аталған бапта көрсетiлген жағдайлар Қазақстан Республикасында оқып жатқан түрiк азаматтарының студенттiк статусы және дипломдарының нострификациясы Түркия Тарапынан анықталынады.
      f. Қазақстан Республикасында өз қаражатымен бiлiм алғысы келген Түркиялық студенттерден ақы бiрдей, тең түрде алынады және алғашқы келiсiм-шартта әр жыл үшiн төлейтiн ақысының көлемi көрсетiледi.
 

                                7-бап



 
 
       Жеке адамдар ұйымдар және қорлар Түркиядан Қазақстанға немесе Қазақстаннан Түркияға бiлiм алуға шәкiрттер жiберу үшiн екi ел Бiлiм министрлiктерiнiң рұқсатын алуы тиiс.
 

                                 8-бап



 
 
       а. Тараптар өзара негiзде кәсiптiк бiлiм беру орталықтарын ұйымдастыру және түрiк тiлiн оқып-үйрену орталықтарын ашу, жетiлдiру, кеңейту жұмыстарын жалғастырады.
      б. Тараптар Қазақстанда Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетiнiң нығаюы үшiн жан-жақты көмек көрсетедi.
      с. Тараптар бiрiгiп ашқан мектептерде оқу процесiн екi жақты кеңесiп басқарады.
 

                                 9-бап



 
 
       а. Түркия Тарапы шамасына қарай Қазақстан Республикасында ашылған оқу орындарын қажеттi оқытушылармен мүмкiндiктерiне қарай қамтамасыз етедi.
      б. Қазақстан Тарапы Түркия Тарапынан Қазақстанға жiберiлген мұғалiмдерге келесi жағдайларды жасауы тиiс:
      - қызметтiк пәтермен қамтамасыз ету;
      - жергiлiктi Ұлттық әуе компаниясы жолын қазақстан азаматтары тәрiздi қысқы және жазғы демалыстарда қолдану;
      - жұбайы мен балаларына бұл хақтың жылына бiр рет берiлуi;
      - денсаулық сақтау қызметтерiнде Қазақстан Республикасы Заңы мен ережелерi белгiлейтiн актiлерге сәйкес жеңiлдiктердi пайдалана алуына қолайлықтар жасау.
 

                                  10-бап



 
 
       а. Түркия Тарапы жыл сайын қазақстандық оқытушылар үшiн Түркия Республикасының оқыту жүйесiмен таныстыру және түрiк тiлiн үйретуге байланысты семинар сабақтарын өткiзудi жалғастырады.
      б. Қазақстан Тарапы Түркиядан Қазақстанға жұмыс iстеуге келген түрiк мұғалiмдерi үшiн Қазақстан оқыту жүйесiмен таныстыру және қазақ тiлiн үйретуге байланысты семинар сабақтарын өткiзудi ұйымдастырады.
      с. Семинарларға жiберiлетiндердi iрiктейтiн комиссия құрамына екi елдiң жауапты өкiлдерi кiруi тиiс. Жыл сайын өткiзiлетiн семинарлар курсына жаңа адамдар жiберiлуi тиiс. Жiберiлетiндер бiлiм саласында немесе бiлiм саласын басқару ұйғарымдарының, сонымен қатар Бiлiм министрлiгiнiң қызметкерлерi болуы мiндеттi. Iрiктелiнген және келiсiлген тыңдаушылар тiзiмiне өзгерiстер енгiзуге тыйым салынады.
 

                                  11-бап



 
 
       Осы аталған Хаттаманы жүзеге асырып және оны қадағалап отыру мақсатында әр Тарапта оқып жатқан 1500 оқушыға екi жақтың Бiлiм министрлiгiнен бiр өкiлден қабылдануы тиiс. Осы өкiлдiк айлық жалақысы, пәтермен қамтамасыз етiлуi, ел iшiндегi жүрiп-тұруы, қатынасы, байланыстарды, рұқсатнамасы мен жұмыс iстейтiн бөлмесi

 

қабылдаушы Тараптың айқындалып өтеледi.


                                 12-бап


     Тараптар бiлiм жүйесi туралы, бiлiм беру мен мамандық түрлерi

ақпараттарымен өзара алмасып отырады.

     Бiлiм туралы құжаттарды өзара баламалы тану, мойындау мақсатымен

жоғары деңгейдегi комиссия құрылады.


                               13-бап



 
       а. Тараптар өз мемлекеттерiнiң тарихын, мәдениетiн және әдебиетiн оқып-үйренуде жан-жақты өзара қолқабыс тигiзедi және бiрлесе дайындалған ортақ тарих және әдебиет оқулықтарының қысқа уақытта бiтiлiп, оқу процесiне енгiзiлуi үшiн қажеттi жұмыстарды жалғастырады.

 

     б. Тараптар өз елдерiндегi оқу мекемелерiнiң кiтапханаларын

қажеттi оқу және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi.


                                14-бап


     Бауырлас мектептер бағдарламасы шеңберiнде шетел тiлдерi,

басқа да пәндер түрлерiнен сайыстар, мәдениет, бiлiм және спорт

жарыстары ұйымдастырылады. Оқушылармен олардың отбасылары және

бауырлас мектептер мұғалiмдерi арасында жақын қарым-қатынас орнатуға

ықпал жасалынады.


                                  15-бап



 
       Тараптар екi жақты негiзде өткiзiлетiн көрмелерге, фольклорлық музыкалық, спорттық салаларда өтетiн жарыстарға қатысады.
 

                                  16-бап



 
 
       а. Тараптар ғылым саласында өзара ынтымақтастықта болады және жұмыстарына жiберiлетiн ғалымдардың қысқаша өмiрбаяны, мамандық саласы мен бағдарламасы, бiлетiн шетел тiлдерi т.б. туралы анықтамалары қарсы жаққа кем дегенде 2 ай бұрын хабарланады.
      б. Тараптар өз елдерiнде бiлiм саласы бойынша өткiзiлетiн халықаралық симпозиумдар, конгрестер, конференциялар, семинарлар туралы бiрiн-бiрi хабардар етедi және осындай шараларға қатысу үшiн қарсы тараптың ғалымдарын, басқа да мамандарын шақырып отырады.
 

                                     17-бап



 
 
       а. Аталған Хаттаманы жүзеге асыруға байланысты жұмыс сапарында болатын делегациялардың бағдарламалары қабылдаушы Тарапқа кем дегенде бiр ай бұрын хабарлануы қажет.
      б. Шақыру алынып, дайындық жұмыстары бiткеннен кейiн қабылдаушы Тарапқа 15 күн бұрын делегацияның нақты келетiн күнi, құрамы және басқа да қажеттi мәлiметтер хабарлануы тиiс.
 

                                  18-бап



 
 
       Тараптар осы Хаттамаға сәйкес және төмендегi аталған жағдайларға байланысты оқушылармен және мамандармен алмасып отырады.
      - жiберушi Тарап жiберiлетiндердiң қарсы алушы елдiң астанасына дейiнгi келу-қайту жол қаражаттарын өз мойнына алады.
      - Қабылдаушы Тарап жiберiлгендердi оқумен, тұрғын жаймен, тамақпен, денсаулық сақтау қызметiнде елдiң заңы мен ережелерi белгiлейтiн актiлерге сәйкес жеңiлдiктердi пайдалануға қолайлықтар жасауды (ауыр созылмалы аурулар мен протез түрлерiнен басқа) және елдiң iшiнде жүрiп-тұруға мүмкiндiгiнше жеңiлдiктер жасаумен қамтамасыз етедi.
 
                           19-бап
 
      Осы аталған Хаттаманың барлық баптары мен пункттерi екi елдiң қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады және ресми түрдегi хабар алмасу тәсiлi дипломатиялық жолмен iс-жарғыларды сақтау негiзiнде жүзеге асырылады.
 
                           20-бап
 
      Екi елдiң Бiлiм министрлерi орынбасарларының төрағалық етуiмен және студенттер мәселесiмен шұғылданатын екi мүше, осы аталған Хаттаманы жүзеге асыру, пайда болған мәселелердi шешу үшiн ортақ жұмысын жалғастырады.
 
                              21-бап
 
      Осы аталған Хаттамаға күшiне енгеннен бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы бiлiм саласында қол қойылған келесi Келiсiмдер өз күштерiн жояды:
      а. 1992 жылдың 8-шi ақпанында Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Түркия Республикасының Ұлттық бiлiм министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы Хаттама,
      б. 1992 жылдың 18-шi мамырында Анкарада қол қойылған екi министрлiктiң арасындағы Ынтымақтастық туралы Келiсiм,
      с. 1992 жылдың 19-шы мамырында Анкарада қол қойылған екi министрлiктiң арасындағы Ынтымақтастық туралы Келiсiм,
      д. 1994 жылдың 23-шi қыркүйегiнде Алматыда қол қойылған Тұрақты комиссияның Хаттамасы,
      е. 1995 жылдың 28-шi шiлдесiнде Анкарада қол қойылған екi министрлiктiң арасындағы 1995-96 жылға арналған Ынтымақтастық туралы Хаттама,
      f. 1996 жылдың 15-шi сәуiрiнде Анкарада қол қойылған 2-Тұрақты комиссияның Хаттамасы,
      g. 1996 жылдың 20-шы қыркүйегiнде Анкарада қол қойылған 3-Тұрақты комиссияның Хаттамасы.
 

                                     22-бап



 
 
       Осы Хаттама екi Тараптың бiр-бiрiне iшкi мемлекеттiк iс-жосықтардың келiсiмнiң орындалуына жағдай туғызатыны туралы жазбаша хабарландыруынан кейiн күшiне енедi және екi жыл мерзiмге дейiн қолданыста болады. Егер тараптардың бiрi осы Хаттаманың

 

қолданыс мерзiмiнiң бiтуiнен үш ай бұрын Хаттаманы бұзатыны туралы

тiлегiн екiншi Тарапқа жазбаша түрде мәлiмдемесе, онда Хаттама

мерзiмi тағы да екi жылға ұзартылады.

     Хаттама Анкара қаласында 4 наурызда 1997 жылы екi дана болып,

әрқайсысы қазақ және түрiк тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ мәтiндердiң

күшi бiрдей.


     Қазақстан Республикасының      Түркия Республикасының

      Бiлiм министрлiгi үшiн     Ұлттық Бiлiм министрлiгi үшiн





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады