Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң оқытушылары мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 17 маусымдағы N 982.

      "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетiнiң мәртебесi жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1059 K931059_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 2, 21-құжат) сәйкес республиканың дербес, жетекшi және iргелi жоғары оқу орны ретiндегi оның мәртебесiн ескере отырып, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық Университетiнiң ғылыми және педагогтық әлеуетiн сақтап қалу мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1.
      ЕСКЕРТУ. Күшi жойылды - ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 17 маусымдағы N 665
               қаулысымен. P020665_
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 қаулысында P961737_ :
      25-тармақтың бiрiншi абзацындағы "Әл-Фараби атындағы Қазақ

 

мемлекеттiк ұлттық университетi" деген сөздер алынып тасталсын;

     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер

енгiзу және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 сәуiрдегi N 465 қаулысына 


P970465_


  (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 107-құжат):

     аталған қаулының 2-қосымшасында:

     2-тармақ алынып тасталсын;

     3 - 7-тармақтар 2 - 6-тармақтар болып есептелсiн.

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады