Салық төлеушiлердi салық есебiнде аударым жасау тәсiлiне көшiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1001. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 40-бабының 1997 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Салық есебiнде, кассалық әдiстi қолданған салық төлеушiлерге кассалық әдiстен аударым жасау әдiсiне көшу кезiндегi жинақталған салық сомаларының айырмасын төлеу уақыты, бюджетке салық жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн өсiм аударусыз 1999 жылдың 31 желтоқсанына дейiн ұзартылады.<*> 
      Бұл ретте салық төлеушiлер тiркеу орындары бойынша салық органдарына тиiстi өтiнiштi табыс етедi. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.12.30. N 1857 
қаулысымен
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.12.15. N 1285  қаулысымен
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген шешiмдерi бойынша несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыруды тоқтатудың нәтижесiнде пайда болған дебиторлық берешегi бар салық төлеушiлер аударым жасау әдiсi бойынша салық салу мақсатында кiрiстер мен аталған қарыздар бойынша шығыстарды және олар бойынша есептелген салықтарды және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды айқындасын.<*> 
      Аталған борыштар бойынша бюджетке тиесiлi салық сомаларын және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды төлеу салық жарнасын уақтылы төлемегенi үшiн оларды өсiм және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды есептемей өтеуiне қарау жүзеге асырылады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.12.30. N 1857 
қаулысымен .  
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бес күн мерзiмде салық төлеушiлердi салық сомалары айырмашылықтары есебiн қоса, салық есебiнде аударым жасау әдiсiне көшiру туралы түсiндiрме әзiрлесiн. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады