Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1001 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1857. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Салық төлеушiлердi салық есебiнде аударым жасау тәсiлiне көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 20 маусымдағы  N 1001  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 28, 251-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "1997" деген сан "1998" деген санмен ауыстырылсын; 
      2-тармақта: 
      бiрiншi абзац "салықтарды" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын; 
      екiншi абзацта: 
      "салық сомаларын" деген сөздерден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "өсiм" деген сөзден кейiн "және Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды" деген сөздермен толықтырылсын. 
      2. Осы қаулы 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгiзiледi. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады