"Алаш" акционерлiк қоғамын мемлекеттiк тiркеу орны бойынша "Алаш", "КРАМДС-Кварцит", "Оңтүстiк Топар кен басқармасы", "Центргеолсъемка" акционерлiк қоғамдары мен "Абайкен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бiрыңғай салық төлеушiсi деп айқындау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 маусымдағы N 1004

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Алаш" акционерлiк қоғамы мемлекеттiк тiркеу орны бойынша қызметiн бiрыңғай өндiрiстiк кешенде жүзеге асыратын кәсiпорындар ретiндегi "Алаш", "КРАМДС-Кварцит", "Оңтүстiк Топар кен басқармасы", "Центргеолсъемка" акционерлiк қоғамдары мен "Абайкен" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң бiрыңғай салық төлеушiсi болып айқындалсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады