Мемлекеттiк меншiктi тиiмдi басқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 маусымдағы N 980 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
Мынадай мазмұндағы 2 және 3 тармақтармен толықтырылсын:
"2. Департамент пен оның Алматы, Арқалық, Байқоңыр, Жезқазған, Көкшетау, Семей және Талдықорған облыстары мен қалаларындағы аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және оның аумақтық комитеттерiнiң мүлiктiк және өзге құқықтары және мiндеттерiнiң құқықтық мұрагерлерi болып айқындалсын.
3. Департамент пен оған тiкелей бағынатын аумақтық органдары мемлекеттiк меншiктi басқаруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының меншiк қатынасында мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi";
2 және 3 тармақтар 4 және 5 тармақтар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi