Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына жер учаскесiн беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 1 шiлдедегi N 1038

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ақмола облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiнiң Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының құрылысы мен объектiлер кешенiне қызмет көрсетуге Ақмола облысының, Целиноград ауданы Ақмола ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кәсiпорнының жер пайдалануынан жердi тұрақты пайдалану үшiн 67 га алаң, оның iшiнде орманды - 47,5 га, жайылымды - 14,7 га және басқа да алқап - 4,8 га жер учаскесiн бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасы аталған жерлердi алуға байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарына өтеу жүргiзбейдi деп белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады