Ресей Федерациясына сәулеленген ядролық материалдарды әкетуге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 1052

      "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет көрсету) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298 P960298_ қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында ресей ядролық материалдарын пайдалану туралы 1995 жылғы 15 маусымдағы Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөнiндегi министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен және Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк арасындағы Келiсiмнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтына бөлiнгiш изотоп уран-235 (СЭҚ ТН коды 2844 20 190/ бойынша 138205 грамм мөлшерiнде сәулеленген ядролық материалдарды Ресей Федерациясына әкетуге рұқсат берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы институтына белгiленген тәртiппен көрсетiлген мөлшердегi ядролық материалдарды әкетуге лицензия берсiн.
      3. Ядролық материалдарды әкетуге бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Атом энергиясы жөнiндегi агенттiкке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады