Құрылыста мердiгерлiк тендерлердi дайындау мен өткiзудiң тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 шiлде N 1056. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.02.25. N 141 қаулысымен. ~P980141

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Құрылыста мердiгерлiк тендерлердi дайындау мен өткiзудiң тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша бiр ай мерзiм iшiнде тапсырыс берушi мен құрылыстағы мердiгерлiк тендердiң жеңiмпазының арасында жасалатын үлгiлiк шарттың жобасын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      2 айлық мерзiм iшiнде бастапқы тендерлiк және тiркеу құжаттамаларының нысандарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн мемлекеттiк қаражат пен инвестициялық кредиттеудiң есебiнен жүзеге асырылатын объектiлердi жобалауды және салуды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 14 желтоқсандағы N 1726 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 37, 487-құжат);

 

     "Ақмола қаласында және оның ықпал аймақтарында жоғары және

орталық мемлекеттiк органдарды орналастыру үшiн ғимараттарды

жобалауға және салуға арналған тендерлер өткiзу жөнiндегi Ереженi

бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28

маусымдағы N 815 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996

ж., N 29, 259-құжат) күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 3 шiлдедегi

                                         N 1056 қаулысымен

                                             бекiтiлген


           Құрылыста мердiгерлiк тендерлердi дайындау мен

                       өткiзудiң тәртiбi туралы

                               ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумақтарында құрылыста мердiгерлiк тендерлердi дайындаудың, өткiзудiң және олардың қорытындыларын шығарудың тәртiбiн айқындайды.
      Ереженiң қаржыландыруы мемлекеттiң бюджет қаражатының, сондай-ақ үкiметтiк кепiлдiктермен немесе мемлекеттiк банктердiң кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлетiн несиелердiң есебiнен жүзеге асырылатын құрылыс жобаларын орналастыруға және жүзеге асыруға, мердiгерлiк жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындауға арналған мiндеттi сипаттамасы бар.
      Ереже Қазақстан Республикасының аумақтарында орналасқан өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсаттағы үйлер мен ғимараттардың жаңаларын жобалауға және салуға, бұрынғыларын қайта жаңартуға, техникалық қайта жарақтандыруға және күрделi жөндеуге қолданылады.
      Тендерлердi ұйымдастыру мен өткiзу тендерге барлық үмiткерлер мен қатысушылардың тең құқығын, жеңiмпаздарды анықтау кезiнде объективтiлiктi қамтамасыз етуi тиiс.
      Тендерлерге қатысуға Қазақстан Республикасының аумақтарында тапсырыстарда орындау үшiн қажеттi қызметтердi жүзеге асыруға арналған лицензиялары бар отандық және шетелдiк заңды тұлғалар жiберiледi.
 
      II. Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
 
      Мердiгерлiк тендер - құрылысқа тапсырыстарды орналастыру мақсатымен конкурстық негiзде, жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау үшiн екi немесе одан көп қатысушылардың мердiгердi таңдап алуды қамтамасыз ететiн конкурстың айрықша түрi.
      Тендердiң нысанасы - тендер өткiзiлетiн жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердiң нақты түрi.
      Тендердiң объектiсi - тендердiң нысанасы соған жататын, өндiрiстiк немесе өндiрiстiк емес объектi.
      Ашық тендер - I тараудағы талаптарға жауап беретiн барлық тiлек бiлдiрген заңды тұлғалар қатысуға жiберiлетiн конкурс.
      Ашық тендер өткiзiлетiндiгi туралы хабарландыру мен оның нәтижелерi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
      Жабық тендер - бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланбастан арнайы шақырылған үмiткерлердiң шектеулi санымен өткiзiлетiн конкурс. Жабық тендер мемлекет үшiн айрықша маңызы бар не күрделi технологиялар қолданылатын не жобалауда, құрылысын салуда және пайдалануға беруге ерекше тәжiрибесi бас ұйымдар тартылатын, сондай-ақ құпия технологиясы немесе құпия түпкiлiктi нәтижесi бар объектiлер бойынша жүргiзiледi.
      Тапсырысшы - тапсырысты ұсынушы тұлға не оның уәкiлеттi өкiлi.
      Тапсырыстың кепiлдiгi - тапсырысты қаржыландыруға арналған қаражаттардың бар екенiн немесе оларды тартуды растайтын құжаттар.
      Тендердi ұйымдастырушы - тендердi өткiзудi дайындау тапсырылған тапсырысшы уәкiлеттендiрген тұлға.
      Тендер комиссиясы - тендердi өткiзу және оның жеңiмпазын айқындау үшiн тапсырысшы (тендердi ұйымдастырушы) құратын тұрақты немесе уақытша алқалық орган.
      Үмiткер - ұсынысын тендер комиссиясы тiркеген заңды тұлға.
      Тендерлiк құжаттама - тендердiң объектiсi мен нысанасының техникалық қаржылық, коммерциялық, ұйымдастыру және өзге де сипаттамалары туралы толық ақпаратты қамтитын құжаттардың жиынтығы.
      Тендердiң шарттары - тапсырыстың құны, көлемi және оны атқару

 

уақыты туралы деректер.


     III. Тендердiң нысанасы


     Мердiгерлiкке арналған тендердiң нысанасы:

     үйлер мен ғимараттарды, оның iшiнде тұрғын үйлер мен әлеуметтiк,

көлiктiң және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiн жобалау мен салу;

     құрылыс, монтаждау және iске қосу-жайластыру жұмыстарының

жекелеген кешендерiн орындау;

     күрделi және бiрегей жабдықты дайындау, әкелу және монтаждау

бола алады.


     IV. Тендердiң қатысушылары


     Тапсырысшы (тапсырысшының өкiлi):

     тендердi ұйымдастырушы;

     тендер комиссиясы;

     үмiткерлер тендердiң қатысушылары болып табылады.

     Тапсырысшы (тапсырысшының өкiлi) немесе тендердi ұйымдастырушы

тендердiң жұмысына қатысу үшiн консультанттар мен сарапшыларды тарта

алады.


 
       Тендер комиссиясының мүшелерi мен шақырылған консультанттар мен сарапшылардың жауаптылығы, олар тендердi ұйымдастырушымен жасасқан шартта айтылады.
 
      1. Тапсырысшы
 
      Тендер өткiзу туралы шешiмдi ведомстводан тыс мемлекеттiк сараптамадан өткен және белгiленген тәртiппен бекiтiлген (мақұлданған) инвестицияның әзiрленген техникалық-экономикалық негiздемесiнiң негiзiнде тапсырысшы қабылдайды.
      Тапсырысшы тендер жарияланғаннан кейiн тендер комиссиясына, тапсырыстың кепiлдiгiн, сондай-ақ тендер өткiзу үшiн қажеттi барлық құжаттарды беруге мiндеттi.
      Тендер өткiзудi тапсырысшы қаржыландырады.
      Тапсырысшы тендер комиссиясының құрамын қалыптастырады және бекiтедi. Тендер комиссиясының құрамын қалыптастыру мен бекiтудi тапсырысшы тендердi ұйымдастырушыға тапсыруы мүмкiн.
      Тапсырысшы тендердi өткiзуден үш күн бұрын тежеусiз күш

 

жағдаятына қатысты немесе тапсырысшыға қатысты емес өзге де себептер

бойынша жағдайларды қоспағанда, тендерге қатысуға өтiнiш берген

адамдарға нақты залалды өтеу арқылы одан бас тартуға құқылы.

     Тендердiң тәртiбi мен шарттардың, тендерлiк құжаттама мен оның

құрамын тапсырысшы бекiтедi.

     Тапсырысшы тендер комиссиясы айқындаған тендердiң жеңiмпазымен

10 күннiң iшiнде шарт жасасуға мiндеттi.


     2. Тендердiң ұйымдастырушы


     Тендердi ұйымдастырушы:

     тендерлiк құжаттамаларды дайындауға;


 
       республикалық бұқаралық баспасөз құралдарында ашық тендер өткiзiлетiндiгi туралы ол өткiзiлгенге дейiн бiр ай бұрын қазақ және орыс тiлдерiнде ақпарат жариялауға;
      тендердiң шарттарын дайындауға;
      тендерге қатысуға өтiнiм жiберген барлық тұлғалардың барлық

 

келiп түскен өтiнiмдерi мен жазбаша хабарламаларын тiркеуге;

     барлық үмiткерлерге тендердiң қорытындылары туралы жазбаша

хабарлауға;

     тапсырысшының тендердi дайындау және өткiзу жөнiндегi өзге де

тапсырмаларын орындауға мiндеттi.


     3. Тендер комиссиясы


     Тендер комиссиясының құрамына:

     орталық мемлекеттiк органдардың мамандары немесе бұл органдардың

жергiлiктi жерлердегi өкiлдерi;

     аумағында тендердiң объектiсiн орналастыру көзделген жергiлiктi

атқарушы органдардың өкiлдерi;

     тапсырысшы тағайындаған басқа да адамдар кiредi.

     Тендер комиссиясының төрағасын тапсырысшы немесе тапсырысшының

тапсырмасы бойынша тендердi ұйымдастырушы тағайындайды.

     Тендер комиссиясы:

     тендерге қатысуға өтiнiмдердi зерделейдi;

     өтiнiмдер бойынша тендерге қатысуға жiберiлетiн тұлғаларды

айқындайды;

     ұсыныстарды зерделейдi;

     тендердiң шарттарында көрсетiлген мерзiмнен кейiн келiп түскен

ұсынысты тiркеместен адресатқа қайтарады;

     тендердiң жеңiмпазын айқындайды;

     берiлген ұсыныстар бойынша жекелеген мәселелердi нақтылау үшiн

отырысқа үмiткерлердi шақыруға құқылы.

     Тендер комиссиясының төрағасы:

     комиссия мүшелерiнiң қатарынан тендер комиссиясының хатшысын

тағайындайды;

     комиссия отырысының күнi мен уақытын белгiлейдi;

     тендер комиссиясы жұмысының тәртiбiн айқындайды;

     тендердiң қорытындыларын шығаруды жүзеге асырады;

     тендердi жүргiзудiң және оның қорытындыларын шығарудың

объективтiлiгi үшiн жауапты болады;

     тендердiң қорытындыларын жариялайды.

     Тендер комиссиясының хатшысы:


 
       тендер комиссиясы тендерге қатысуға рұқсат еткен тұлғаларға олар

 

тендерлiк құжаттамалар алуы үшiн жазбаша хабарлайды;

     тендерге қатысуға жiберiлген тұлғаларды толық көлемiнде

тендерлiк құжаттамамен қамтамасыз етедi;

     барлық келiп түскен материалдар мен құжаттарды тiркейдi және

олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етедi;

     тендер комиссиясы төрағасының тендердi дайындауға және өткiзуге

байланысты өзге де тапсырмаларын орындайды.


     4. Үмiткер


     Үмiткердiң өзiн тендердiң жеңiмпазы деп жариялаған жағдайда

тапсырысшымен шарт жасасуға құқығы бар.

     Үмiткердiң тiркелген ұсынысқа өзгерiстер мен толықтырулар

енгiзуге құқығы жоқ.


 
       Тендер комиссиясында тiркелген ұсынысты үмiткер тендердiң шарттарында айтылған мерзiмнiң iшiнде қайтарып ала алмайды.
 
      V. Тендердi ұйымдастыру және өткiзу
 
      Ашық тендер өткiзу туралы шешiмдi тапсырысшы қабылдайды. Ашық тендер олар ұсынған өтiнiмдердiң негiзiнде тұлғаларды алдын ала iрiктеудi көздейдi.
      Жабық тендер өткiзу туралы шешiмдi тапсырысшының негiзделген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi бiрлесiп қабылдайды.
      Егер отырысқа комиссияның барлық құрамы мүшелерiнiң кемiнде 3/4 қатысса, тендер комиссиясы отырысының құқықтық күшi бар деп саналады. Әрбiр комиссия мүшесi бiр дауысқа ие болады.
      Тендер комиссиясының отырысы комиссияның хатшысы жүргiзетiн және комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi.
      Үмiткерлердiң ұсынысы бар жабық конверттердi ашу және жариялау тендер комиссиясының отырысында жүргiзiледi, ол туралы конверттердi ашу хаттамасы жасалады.
      Тендер комиссиясы ұсынылған ұсыныстардың тендердiң шарттарымен сәйкестiгiмен тексередi.
      Тендердiң шарттарына сәйкес келмейтiн ұсыныс одан әрi қаралуға жатпайды, ол туралы тендер комиссиясы отырысының хаттамасында көрсетiледi.
      Тендер комиссиясы банкрот деп жарияланған немесе өзiнiң бiлiктiлiгi, өндiрiстiк қуаты және қаржылық сенiмдiлiгi туралы жалған мәлiмет берген үмiткерлер дайындаған ұсыныстан бас тартады.
      Тендер комиссиясы отырыс барысында түсiнiктеме мен нақтылау беруi, қосымша мәлiметтер мен құжаттарды ұсынуы үшiн үмiткерлердi шақыруға құқылы.
      Тендердiң қорытындылары тендердiң шарттарына сәйкес келедi деп танылған барлық ұсыныстар қаралғаннан кейiн ғана жарияланады.
      Екiден аз ұсыныс тендердiң шарттарына сәйкес келедi деп танылған жағдайда тендер өткiзiлмеген болып жарияланады.
      Өткiзiлген тендер оның жеңiмпазы жарияланбастан жабылына алмайды.
      Тендер комиссиясының дауыс беру хаттамасына (қорытынды хаттама) комиссияның барлық дауыс берген мүшелерi қол қояды. Қарсы дауыс берген комиссия мүшелерi өзiнiң ерекше пiкiрiн хатамаға тiркейдi.
      Жеңiмпаз айқындалған, сондай-ақ басқа үмiткерлердiң орны айқындалған тендердiң қорытынды хаттамасы түпкiлiктi болып табылады, оған комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
      Егер тендердiң жеңiмпазы болып шетелдiк заңды тұлға айқындалса, онда шартта жеңiмпаздың Қазақстанда дайындалған материалдар мен конструкцияларды барынша пайдалануы, сондай-ақ қазақстандық заңды тұлғалардың қосымша мердiгерлiк негiзде тапсырыстың жалпы көлемiндегi жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң кемiнде 30 процентiн орындауы көзделедi.
      Тараптардың бiреуi шарт жасасудан бас тартқан жағдайда даулы мәселелер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiледi.
      Тендердiң жеңiмпазы шарт жасасудан бас тартқан жағдайда тендер комиссиясы жеңiмпазды, өткiзiлген тендердiң нәтижелерi бойынша, олар ие болған орындардың ретiмен одан кейiнгi орындарды алған үмiткерлердiң қатарынан таңдап ала алады.
 
      VI. Тендердiң нәтижелерiн жарамсыз деп тану
 
      Осы Ереженiң талаптарын бұзу арқылы өткiзiлген тендер заңдарда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады