Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығы бойынша 1997 жылы коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң құрылысына бағытталған республикалық бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1086

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қосымшаға сәйкес 1997 жылға арналған коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң құрылысына жұмсалатын күрделi салымдардың көлемi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "1997 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қаражаттың аталған мақсаттарға уақтылы бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгi коммуналдық шаруашылық объектiлерi құрылысын жалпы үйлестiрудi қамтамасыз етсiн.
      4. Шығыс Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының әкiмдерi осы қаулыда көзделген қаражаттың тиiмдi игерiлуi мен мақсатты пайдаланылуы жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi осы қаулыда көзделген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау орнатсын және тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарлап отырсын.
      6. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң

Ұлттық статистика агенттiгi осы қаулыда көзделген коммуналдық
шаруашылық объектiлерi құрылысының барысы туралы ай сайын ақпарат
берiп отыруды қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 9 шiлдедегi
                                        N 1086 қаулысына
                                           қосымша

            1997 жылы коммуналдық шаруашылық объектiлерiнiң
               құрылысына жұмсалатын күрделi салымдардың
                                КӨЛЕМI
____________________________________________________________________
Тапсырысшы, объектiнiң|Өлшем     |Қуаты  |Iске қосу |Күрделi салым.
атауы және орналасқан |бiрлiгi   |       |мерзiмi   |дардың көлемi
     жерi             |          |       |          |(мың теңге)
______________________|__________|_______|__________|_______________

Барлығы:                                               500000
соның iшiнде:
Солтүстiк Қазақстан
облысының әкiмi
Канализациялық         тәулiгiне    82     1997 жыл     53000
тазарту құрылғылары,   мың текше
оңтүстiк коллектор,    метр
Петропавл қаласы
Алматы қаласының
әкiмi "Водоканал"
Су құбыры канали.
зациялық шаруашылы.
ғының Алматы
қалалық өндiрiстiк
бiрлестiгi
Сорбұлақ оң
жағалау каналын
авариялық алыстату
(қосу кешенi),
Алматы облысы         км           28,2    1999 жыл    252000
Шығыс Қазақстан
облысының әкiмi
Сарқынды суды         тәулiгiне     88     1997 жыл    195000
биологиялық тазарту   мың текше
құрылғыларын кеңейту  метр
(қосу кешенi),
Өскемен қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады