Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 және 1996 жылғы 3 маусымдағы N 672 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 9 шiлде N 1090. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.10.26. N 1597 қаулысымен. ~P001597

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 16 қарашадағы N 1545 қаулысына:
      қаулының атауындағы және мәтiнiндегi "Үкiметiнiң Аппараты", "Үкiметi Аппаратының" деген сөздер "Премьер-Министрдiң Кеңсесi", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң Жарғысына:
      Жарғының атауындағы және мәтiнiндегi "Үкiметiнiң Аппараты", "Үкiметi Аппаратының", "Үкiмет Аппаратының", "Үкiметi Аппаратына" деген сөздер "Премьер-Министрiнiң Кеңсесi", "Премьер-Министрi Кеңсесiнiң", "Премьер-Министр Кеңсесiнiң", "Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы "олар орналасқан Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясы мен Үкiмет Аппаратының үйлерiн" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Республикалық мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң балансындағы үйлер мен ғимараттарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6, 8-тармақтардағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгi мен Үкiметiнiң Аппараттары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi мен Премьер-Министрiнiң Кеңсесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "23. Бiрлестiктiң жарғылық қоры 1995 жылғы 1 қазандағы жай-күйi бойынша оған бұрын шаруашылық жүргiзу құқығымен балансына берiлген 335562622 теңге сомадағы мүлiктердiң бар бөлiгiнен қалыптастырылған";
      41-49-тармақтар тиiсiнше 40-48-тармақтар болып есептелсiн;
      40-тармақтағы "Қазақстан Республикасы экономика салалары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 9 қаңтардағы N 31 қаулысына сәйкес" деген сөздер "еңбекке ақы төлеудiң бекiтiлген қорының шегiнде, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын, "бiрақ кесiмдi ақы бойынша бекiтiлген 10 проценттен аспайтын" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының Республикалық

мемлекеттiк өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң мәселелерi" туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 672
 

P960672_

  қаулысына:
     қаулының атауы мен мәтiнiндегi "Үкiметi Аппаратының" деген
сөздер "Премьер-Министрi Кеңсесiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады