Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 шiлдедегi N 1091 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 24 маусымдағы N 193 өкiмiне сәйкес Алматы қаласындағы есептеу құралдарымен жабдықталған үйлерде коммуналдық қызмет көрсетулердiң iс жүзiндегi тұтынуына тексерiстер жүргiзiлдi. Тексерiс қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкiмi жылу мен ыстық суды тұтынудың жаңа нормаларын есептедi.
      Алматы қаласының жылу жүйелерiн қысқа дайындау жөнiндегi жұмысты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Жылуды, ыстық және суық суды тұтыну нормаларын қолдануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 мамырдағы N 889 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады