1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
"Центркредит" Банкi ашық акционерлiк қоғамымен соңғысының "Тағам" акционерлiк компаниясының iс жүзiндегi жобалары бойынша негiзгi борыш пен несие проценттерiн өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтамасыз ету жөнiндегi келiсiмдi ресiмдеудi аяқтасын;
Үндiстан Республикасының Қаржы министрлiгiне берiлген несиенiң бiрiншi траншы бойынша негiзгi борыштың бiрiншi төлену мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш жасап хат жолдасын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi "Казах Аджанта фарма Лтд" қазақстан-үндiстан кәсiпорнымен бiрлесiп "Алматы қаласындағы фармацевтика заводының құрылысы" жобасын жүзеге асыруды аяқтасын.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экспорт-импорт банкi
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен шетел несиесiне қызмет көрсету агенттiк келiсiм жасасын. 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Үндiстан Республикасы несиесiнiң бiрiншi траншын оны одан әрi есепке алуы үшiн мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш тiзiлiмiнде көрсетсiн. 5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып Үндiстан Республикасының Үкiметiне несиенiң екiншi траншын пайдаланудан бас тарту туралы ресми ұсыныс жолдасын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары