Ұлттық өнiмдiлiк орталығын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 17 шiлдедегi N 1133

      Шаруашылық жүргiзудiң жоғары өнiмдi әдiстерi, нарықтық экономика жағдайында қаржы мен материалдық ресурстарды басқарудың тиiмдi әдiстерi туралы озық бiлiмдердi тарату жүйесiн құру және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және сауда министрлiгiнiң жарғылық қорындағы мемлекеттiң үлесi - 90 процент және мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың үлесi - 10 процент болатын жабық акционерлiк қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы Ұлттық өнiмдiлiк орталығын (бұдан әрi - ҰӨО) құру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. ҰӨО ұстау бюджеттiк қаражат тартылмастан жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi ҰӨО жарғылық қорына салым ретiнде әкiмшiлiк үйiнiң 1350 ш. метр алаңын беру арқылы мемлекеттiң тарапынан ҰӨО құрылтайшысы болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қаржы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi ҰӨО жұмысын ұйымдастыруға жәрдем көрсетсiн.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады