Республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн лизинг шартымен "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы шығаратын тракторлармен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Алматы поршень заводы" акционерлiк қоғамының қосылған құнға салынатын салық және заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы 100 (жүз) млн. теңге мөлшерiндегi берешегiне өтеу жүргiзсiн.
Көрсетiлген соманы "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне лизинг шартымен тракторлар беруi жөнiндегi шараларды ұйымдастыруы үшiн Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорын қаржыландыру есебiне есептесiн.
Берешектi есептеу көрсетiлген сома 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
2. "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамы республиканың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне лизинг шартымен оның "Алматы поршень заводы" акционерлiк қоғамына жинақтаушы бөлшектер үшiн берешектерiн өтеу есебiне тракторлар берудi жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
"Павлодартрактор" акционерлiк қоғамымен, "Алматы поршень заводы"
акционерлiк қоғамымен және лизинг берушiлермен бiрлесiп есептеу
жүргiзу үшiн өзара борыштарды салыстыра тексеру актiлерiн ұсынуды
қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi есептеу жүргiзудiң барысына бақылау орнатсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары