Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Туризм және спорт департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 22 шiлде N 1145. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1789 қаулысымен

      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Туризм және спорт департаментi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Туризм

 

және спорт департаментiне ведомстволық бағынысты ұйымдардың тiзбесi

бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасының жастар iсi, туризм және спорт

министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 10 қаңтардағы N 49 қаулысының

(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 3, 24-құжат) күшi

жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрiнiң

        бiрiншi орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 22 шiлдедегi

                                         N 1145 қаулысымен

                                            бекiтiлген


             Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет

           министрлiгiнiң Туризм және спорт департаментi

          (Бiлiм және мәдениетминiнiң Турспорт департаментi)

                                туралы

                                ЕРЕЖЕ


     1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Туризм және спорт департаментi (бұдан әрi - Департамент) туризм, дене мәдениетi және спорт саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Департамент Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi құзыретiнiң және өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде, өз қызметiнiң аясында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi және осы мақсатта заңдарға сәйкес салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады.
      3. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
      4. Департамент өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Департаменттiң штаттық санын Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi белгiлейдi.
      6. Департаменттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген бюджеттiң қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
 
      II. Департаменттiң мiндеттерi мен функциялары
 
      7. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасында дене мәдениетi мен спортты дамыту, спорттық резервi және халықаралық деңгейдегi спортшыларды даярлау;
      туризмнiң, дене мәдениетiнiң және спорттың материалдық-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
      саланың ақпараттық-жарнамалық және баспа iсiн ұйымдастыру;
      республикада және шетелдерде туристiк және спорттық ұйымдар үшiн мамандар даярлауды ұйымдастыру және реттеу, олардың iскерлiк бiлiктiлiгiн арттыру, сондай-ақ мамандарды ұтымды пайдалану, туристiк және спорттық қозғалысты насихаттау;
      мүдделi ведомстволармен бiрлесiп туризм, дене тәрбиесi және спорт аясында ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
      республикалық министрлiктердiң, ведомстволардың, басқа да ұйымдардың туризмдi, дене мәдениетiн және спортты дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруы мәселелерi жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру, сондай-ақ облыстардың және астананың әкiмдерiмен саланың өзектi мәселелерiн практикалық шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара iс-қимылдар жасасу болып табылады.
      8. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес Департамент мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      туризмдi, дене мәдениетiн және спортты дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын жүзеге асырады, туризмдi, дене мәдениетiн және спортты дамыту проблемалары жөнiндегi перспективалық, ағымдағы, мақсатты бағдарламаларды жүзеге асырады; республиканың түрлi ұйымдарының халықаралық және iшкi туризмдi, дене мәдениетiн және спортты дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту және ұтымды, тиiмдi пайдалану, ақпарат-жарнама iсiн дамыту, ғылыми зерттеулердi және өз қызметiнiң басқа да бағыттарын ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес саланы дамыту, жұмыс iстеп тұрған, оның iшiнде туристiк, спорттық, сувенирлiк және басқа да өнiмдерге арналған ұйымдарды кеңейту және қайта жаңарту үшiн инвестициялар тартудың бiрыңғай стратегиясын қалыптастырады және жүзеге асырады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес халықаралық, аймақаралық және iшкi туристiк және спорттық байланыстарды, сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен, мамандармен, жетекшi бапкерлермен және спортшылармен келiсiм-шарттар жасасады;
      ведомстволық және аумақтық тиесiлiлiгiне қарамастан спорттық ғимараттардың, базалардың және ұйымдардың барлық басшыларының атқаруы үшiн мiндеттi спорт ғимараттарын пайдалану жөнiндегi нормативтер мен талаптарды және спорт шараларын, оқу-жаттығу процестерiн және жиындарды өткiзу кезiндегi қауiпсiздiк техникасының ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      туристiк және спорттық ұйымдарды жарақтандырудың нормативтерiн, туристерге қызмет көрсетудiң стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi, қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялар бередi және оларды керi қайтарып алады;
      республиканың туризм, дене мәдениетi және спорт мәселелерi жөнiндегi заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады, саланың халықаралық және аймақаралық шарттарының, үкiметаралық келiсiмдердiң жобаларын дайындауға және оларды жүзеге асыруға қатысады;
      бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз, радио және теледидар арқылы саланың ақпараттық-жарнамалық және баспа iсiн ұйымдастыруды, халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелердi дайындауды, өткiзудi және оларға қатысуды жүзеге асырады;
      спорттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзудi үйлестiредi, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өткiзудiң шарттарын белгiленген тәртiппен бекiтедi;
      жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiм бойынша спорттық, бұқаралық және ойын-сауық шаралары кезiнде спорттық лотереялар өткiзуге рұқсат бередi;
      туристiк және спорттық ұйымдарға ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп ұйымдастырылатын туристiк және спорттық шаралардың жоспарларын үйлестiредi, шаралардың, жарыстардың бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарларын әзiрлейдi, олардың өткiзiлуiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды жүзеге асырады және республика спортшыларының ТМД елдерi, Европа, Әлем чемпионаттарына, Олимпиадалық және Азиялық ойындарға, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;
      мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп спорттық резервтi даярлау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан спорт клубтарының, мектептерiнiң және ғимараттарының, олимпиадалық даярлықтың ведомствоаралық және салалық орталықтарының желiсiн дамытуды, сондай-ақ оларда оқу-жаттығу процесi мен допинг-бақылауды ұйымдастыруды үйлестiредi.
      9. Департаменттiң:
      туристiк қызметтi лицензиялауға;
      республикадағы туристiк ағымды реттеудi, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер және Iшкi iстер министрлiктерiмен келiсе отырып, республикадан тысқары жерлерге баратын туристер мен спортшыларға, спорттық ресми делегацияларға шығу құжаттарын ресiмдеудi жүзеге асыруға;
      белгiленген тәртiппен халықаралық, аймақаралық, туристiк және спорттық ұйымдарда республиканың мүдделерiн бiлдiруге;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмдерiнiң, саланы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары мен жоспарларының жобаларын әзiрлеуге қатысуға;
      туристiк және саяхаттық бағдарламалар мен бағыттарды әзiрлеуге және бекiтуге;
      кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, олардың қызметiн әдiстемелiк қамтамасыз ету бағдарламаларын бекiтуге және үйлестiруге, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқытудың және туризм, дене тәрбиесi және спорт жөнiндегi мамандармен тәжiрибе алмасудың баса да нысандарын ұйымдастыруға;
      белгiленген тәртiппен туристiк және спорттық шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз ету шығыстарының нормаларын бекiтуге;
      халықаралық, аймақаралық және республикалық туристiк шаралар, спорттық жарыстар және жиындар өткiзуге, оларды өткiзуге арналған қаражатты жинақтауды жүзеге асыруға;
      спорттық жарыстар мен жиындарды өткiзудiң ережелерiн, спорт түрлерiнiң спорттық жiктемесiн, бағдарламалық-әдiстемелiк және оларды өткiзу жөнiндегi жұмыстарды регламенттейтiн басқа да нормативтiк құжаттарды бекiтуге;
      белгiленген тәртiппен республикалық спорттық және басқа да шаралардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне, туристiк және спорттық ұйымдардың қызметкерлерiне спорттық және құрметтi атақтар беру, олардың медальдармен, белгiлермен, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау, жаттықтырушы-оқытушы құрамға санаттар беру мәселелерiн шешуге құқығы бар.
 
      III. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру
 
      10. Департаменттi Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
      Директордың оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi тағайындайтын және босататын бiр орынбасары болады.
      11. Директор:
      Департаменттiң қызметiне басшылық жасайды;
      Департаментке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жеке жауап бередi;
      Департаменттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын тағайындайды және босатады;
      өз құзыретiнiң шегiнде Департаменттiң барлық бөлiмшелерi мен департаменттiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының орындауы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұсқаулар мен өкiмдер бередi;
      Департаменттiң жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге

 

асырады;

     белгiленген адам саны мен еңбекақы қорының шегiнде

Департаменттiң орталық аппаратының штаттық кестесiн бекiтедi.

     12. Туризм және спорт жөнiндегi облыстық және Алматы қалалық

басқармаларының басшыларын Департаментпен келiсе отырып тиiстi

әкiмдер қызметке тағайындайды және босатады.

     13. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру қолданылып жүрген

заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.



                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 22 шiлдедегi

                                         N 1145 қаулысымен

                                            бекiтiлген


             Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет

           министрлiгiнiң Туризм және спорт департаментiне

                 ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың

                               ТIЗБЕСI



     I. Оқу орындары


     Спорттың бұқаралық түрлерi, Алматы қаласы;

     спорттың ойындық және қысқы түрлерi, Алматы қаласы;

     спорттың қолданбалы түрлерi, Алматы қаласы бойынша республикалық

жоғары спорттық шеберлiк мектептерi;

     Республикалық олимпиадалық резерв мамандандырылған

балалар-жасөспiрiмдер мектебi, Алматы қаласы;

     Қ.Мұңайтпасов атындағы N 1 республикалық спорт колледжi, Алматы

қаласы;

     N 2 Республикалық спорт колледжi, Алматы қаласы


     2. Спорт ғимараттары


     Республикалық маңызы бар:

     "Монтажник" спорттық-сауықтыру кешенi, Алматы облысы;

     "Медеу" спорт кешенi, Алматы қаласы;

     Орталық стадион, Алматы қаласы;

     Балуан Шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайы, Алматы қаласы;

     Орталық жүзу бассейнi, Алматы қаласы;

     "Достық" оқу-спорт кешенi, Алматы қаласы.


     Облыстық бағыныстағы:

     Талдықорғанның "Өркен" спорт кешенi;

     Талдықорғанның "Жетiсу" стадионы;

     Ақтөбенiң қалалық спорт кешенi;

     Қарағандының Н.Әбдiров атындағы спорт комбинаты.


     Басқа да ұйымдар:

     "Қазспортқамтамасызету" басқармасы;

     Спорт түрлерi бойынша штаттық ұлттық командалар дирекциясы;

     Республикалық оқу-әдiстемелiк кабинетi;

     Шымкент аймақтық спорт лотереялары кәсiпорны;

     Ақмола аймақтық спорт лотереялары кәсiпорны;

     Ақтөбе аймақтық спорт лотереялары кәсiпорны;

     Шығыс Қазақстан аймақтық спорт лотереялары кәсiпорны;

     Қарағанды аймақтық спорт лотереялары кәсiпорны;





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады