1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi 1997 жылы егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн селолық тауар өндiрушiлерге Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Мұнай және газ департаментiнiң бекiтуiне сәйкес мұнай өнiмдерiн бiрiншi кезекте берудi қамтамасыз етсiн.
2. Облыс әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгi 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн мерзiмде 1997 жылы көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарына фьючерстiк шарттар бойынша алынған мұнай өнiмдерi үшiн ақының уақтылы төленуiне бақылауды қамтамасыз етсiн. 3. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi үстiмiздегi жылдың IV тоқсанында алыс және жақын шетелдерге транзиттiк квоталардың берiлетiн жанар-жағар материалдардың көлемiне бара-бар мынадай бөлiнiсiн көздейтiн болсын: Берiлетiн жанар- Транзиттiк квота жағар материал. алыс жақын дардың көлемi мың тонна мың тонна "Теңiзшевройл" АҚ 66,8 249,6 198,5 "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 66,4 248,2 197,4 "Қазақойл" ҰМК 91 340 270,4 "Қаражамбасмұнай" АҚ 4,6 17,2 13,7 Барлығы 228,8 855 680
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi мұнай өндiрушi және мұнай өңдеушi кәсiпорындарға, сондай-ақ мұнай өнiмдерiн берушiлерге көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге фьючерстiк келiсiм-шарттар бойынша берген жанар-жағармай материалдарының көлемi үшiн қосылған құнға салынатын салық, акциздер, заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы жөнiндегi төлемдердiң
мерзiмiн 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн кейiнге қалдырсын. 5. Мұнай мен жанар-жағармай материалдарын берушiлер берешектердi көзделген өнiм беру көлемдерiне сәйкес өтеу кестесiн салық органдарымен келiссiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары