Жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгi кәсiпорындарын жекешелендiру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 23 шiлдедегi N 1151

      Жалпы пайдаланудағы жолаушылар көлiгi саласынағы жекешелендiру процесiн аяқтаудың әлеуметтiк маңызын ескере отырып, оны аяқтау мақсатында және "Жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгiн монополиясыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы N 773 P960773_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен:
      бiр ай мерзiм iшiнде жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгi кәсiпорындарын акционерлеу жөнiнде қажеттi ұйымдастырушылық шаралар қабылдасын;
      үш ай мерзiм iшiнде жалпы пайдаланудағы қалалық жолаушылар көлiгi кәсiпорындарының негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар акциялары мемлекеттiк пакетiнiң 90 процентiне дейiнгiсiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментiне

белгiленген тәртiппен сату үшiн берсiн;
     жоғарыда аталған акционерлiк қоғамдар акциялары мемлекеттiк
пакетiнiң қалған бөлiгiн (10 және одан көп процент) осы акционерлiк
қоғамдарға сенiмдi басқаруға берсiн.


     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады