Құбыр желiсi көлiгiн дамыту мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 шiлдедегi N 1176

      Көмiрсутегi шикiзатын тасымалдаудың экономикалық тиiмдi маршруттарын жоспарлау, құбыр желiсi көлiгiн дамытуда белсендi инвестициялық саясат жүргiзу, мұнай-газ құбырларын қалпына келтiру, жаңарту мен салуға тiкелей шетелдiк инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөнiндегi ұлттық компаниясы (бұдан әрi - Компания) "Мұнай-газ құбырларын мемлекетаралық басқару" атты ТАСИС жобасындағы Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi деп белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1997.09.21. N 1357
               қаулысымен. P971357_
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.05.02. N 591
               қаулысымен. P010591_
      2. Компанияға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көмiрсутегi шикiзатын тасымалдау үшiн арналы құбыр желiлерiн қаржыландыруды, жобалауды, салуды және пайдалануды ұйымдастыру жөнiнде Бас келiсiм-шартты (тапсырысшы) құқығы берiлсiн.
      3. Компания 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн құбыр желiсi көлiгiн

дамыту бағдарламасын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен Қазақстан
Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
     4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, мұнай-газ құбырларын қалпына кетiру,
жетiлдiру мен салу жобаларын қаржыландыру үшiн шетел инвестицияларын
тартудың мүмкiн нұсқаларын қарасын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады