Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi мәдениет департаментiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 шiлде N 1189. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.06.09. N 525 қаулысымен

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Қоса берiлiп отырған:

     Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң

Мәдениет департаментi туралы ереже;

     Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң

мәдениет департаментiне ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң,

кәсiпорындардың және ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 30 шiлдедегi

                                          N 1189 қаулысымен

                                              бекiтiлген


           Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет

             министрлiгiнiң - Мәдениет департаментi

        (бiлiм және мәдениетминiнiң Мәдениет департаментi)

                              туралы

                              ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң Мәдениет департаментi (бұдан әрi - Департамент) мәдениет саласында мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Департамент заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, оқшауланған мүлкi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
      4. Департаменттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiн ұстауға арналып көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылады. Департаменттiң құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
 
      II. Департаменттiң мiндеттерi мен функциялары
 
      5. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi:
      қазақтың ұлттық мәдениет, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениетiн дамытудың ағымдағы және перспективалық бағдарламаларын, негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      мәдениет саласында негiзгi әлеуметтiк-экономикалық бағыттарды дайындау, саланы реформалауды жүзеге асыру;
      барлық мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың қызметiн мәдени өмiрдiң барлық салаларында Қазақстан Республикасының егемендiгi мен тәуелсiздiгi идеясын жүргiзу үшiн бағыттау және үйлестiру, мемлекеттiк тiлдi кеңейту және пайдалану, Қазақстан халықтарының ұлттық өзiндiк болмысын сақтау, репертуарлық саясатты қалыптастыру;
      саланың ақпараттық-құқықтық жұмысын құқықтық қамтамасыз етудi және ұйымдастыруды жетiлдiру;
      кино-бейнефильмдер шығару үшiн ұйымдастырушылық, өндiрiстiк және экономикалық жағдайлар жасау, оларды Қазақстан Республикасының аумағына және шетелдерге тарату, кино-бейнетуындыларының жоғары кәсiби және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету;
      кiтапханалар жинақтайтын және пайдалануға ұсынатын ақпараттар мен мәдени құндылықтарға жалпыға бiрдей қол жеткiзiлуi үшiн жағдай жасау;
      тарих және мәдениет, оның iшiнде жазба ескерткiштерiн қорғау, сақтау және пайдалану iсiнде жалпы мемлекеттiк саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың мемлекеттiк бағдарламаларын жасау және оған қатысу, кино-бейнетуындылардың тiзiлiмiн жасау, меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар Қазақстан Республикасының аумағында жасаған кино-бейнефильмдердi тiркеу куәлiктерiн беру;
      фестивальдар, байқаулар, конкурстар, айтыстар және мәдениеттi дамытуға бағытталған басқа да шаралар өткiзу болып табылады.
      6. Департамент негiзгi мiндеттерiне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      конкурстық негiзде өнер туындыларын жасауға мемлекеттiк әлеуметтiк-шығармашылық тапсырыстарды қалыптастырады және бередi, кино, драма, музыка, хореография, бейнелеу, декоративтi-қолданбалы, эстрадалық және цирк өнерiнiң көркемдiгi жоғары туындыларын жасауды қамтамасыз ететiн конкурстар мен басқа да шараларды ұйымдастырады;
      тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiне есеп жүргiзу, қорғау, қалпына келтiру, пайдалану және насихаттау жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады, белгiленген тәртiппен тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану мәселелерi жөнiндегi ережелердi, нұсқаулықтарды және тәртiптердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      белгiленген тәртiппен мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлерiне Қазақстан Республикасының құрметтi атақтары мен мемлекеттiк наградаларын беру туралы ұсыныс енгiзедi;
      Министрлiк пен Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдар құру, оларды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      аудандық, қалалық, облыстық, республикалық мәдениет органдарының халыққа мәдени қызмет көрсетудi жетiлдiру, материалдық-техникалық базаны дамыту және нығайту жөнiндегi қызметтерiн үйлестiредi;
      өз қызметiнiң аясында заңдардың қолданылу практикасын талдайды және қорытады, белгiленген тәртiппен мәдениет саласында заң және өзге де нормативтiк және құқықтық актiлердiң жобаларын жасауға ұсыныс әзiрлейдi және оған қатысады.
      7. Мәдениет департаментiнiң өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге асыруы кезiнде:
      көп жақты халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға;
      кино-бейнетуындыларды көру және олар бойынша қорытындылар беру жөнiндегi сараптамалық комиссиялар құруға;
      республикада фестивальдар өткiзуге және шетелдерде өткiзiлетiн фестивальдарға қатысуға, кәсiби және әуесқойлық шығармашылық күндерiн, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылардың конкурстарын, байқауларды және Қазақстан Республикасы мәдениетiнiң жетiстiктерiн көрсетуге байланысты басқа да шараларды ұйымдастыруға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен археологиялық және тарих пен мәдениет ескерткiштерiн қалпына келтiру жұмыстарын лицензиялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкетiлетiн мәдени құндылықтарға сараптама жүргiзуге;
      кәсiби шығармашылық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға, сондай-ақ министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және ведомстволардың мәдениет мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiруге;
      халықтың рухани ұлттық байлығы мен оның мәдени мұрасының бөлiктерi ретiнде мәдениет туындылары қорын iрiктеу, жинақтау және сақтау жөнiндегi мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыруға;
      экономикалық және мәдениеттi әлеуметтiк дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге және оларды жүзеге асыруға, мақсатты бағдарламалар мен жобаларға арналып бөлiнген республикалық бюджеттiң қаражатын бөлуге, олардың ұтымды пайдаланылуына бақылау жасауға;
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiмен келiсiм бойынша мәдениет объектiлерiн жобалау және салу жөнiнде ұсыныс енгiзуге және оны қарауға, белгiленген тәртiппен осы объектiлердiң құрылысын салуға арналған титулдық тiзiмдердi, жобаларды және сметаларды әзiрлеуге және бекiтуге, клубтардың, кiтапханалардың, кинотеатрлардың және басқа да мәдениет объектiлерiнiң үлгiлiк жобаларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныс дайындауға және енгiзуге, құрылыстарға және республикалық мәдениет ұйымдарының техникалық базаларының кеңейтiлуiне бақылау жасауды жүзеге асыруға құқығы бар.
 
      III. Департаменттiң қызметiн ұйымдастыру
 
      8. Департамент облыстық, аудандық, қалалық мәдениет органдарымен және оның құрамына енетiн республикалық кәсiпорындармен және ұйымдармен бiрлесiп республикадағы мәдениет органдарының бiрыңғай жүйесiн құрады.
      9. Департаменттi Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын директор басқарады.
      10. Директордың оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары болады.
      11. Директор:
      Департаменттiң қызметiне басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      Департаментке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жеке жауаптылықта болады;
      Департамент аппаратының қызметкерлерiн, Департаментке ведомстволық бағыныстылықтағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады, шарттық негiзде уақытша еңбек ұжымдарын қалыптастыруды жүзеге асырады;
      өз құзыретiнiң шегiнде Департаменттiң барлық бөлiмшелерiнiң

 

атқаруы үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұсқаулар мен өкiмдер

бередi;

     бекiтiлген саны мен еңбекақы қорының шегiнде Департаменттiң

орталық аппаратының штаттық кестесiн, сондай-ақ ведомстволық

бағыныстағы ұйымдардың ережелерiн (жарғыларын) бекiтедi.

     12. Облыстық, Алматы қалалық мәдениет басқармаларының басшыларын

тиiстi әкiмдермен келiсiм бойынша директор қызметке тағайындайды және

қызметiнен босатады.


     IV. Департаменттi тарату


     13. Департамент заңдарда белгiленген тәртiппен қайта

ұйымдастырылады және таратылады.



                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 30 шiлдедегi

                                           N 1189 қаулысына

                                                қосымша


           Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет

             министрлiгiнiң Мәдениет департаментiне

             ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң,

                   кәсiпорындар мен ұйымдардың

                            ТIЗБЕСI


     Абай атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық опера және балет

театры

     М.Әуезов атындағы мемлекеттiк академиялық драма театры

     М.Ю.Лермонтов атындағы мемлекеттiк академиялық орыс драма театры

     Республикалық мемлекеттiк ұйғыр музыкалық комедия театры

     Республикалық мемлекеттiк корей музыкалық комедия театры

     Республикалық немiс драма театры

     Ғ.Мүсiрепов атындағы қазақ мемлекеттiк балалар және жасөспiрiмдер

театры

     Н.Сай атындағы орыс мемлекеттiк балалар және жасөспiрiмдер театры

     Мемлекеттiк қуыршақ театры

     "Қазақконцерт" қазақ мемлекеттiк гастрольдiк-концерттiк

бiрлестiгi

     Республика Сарайы

     "Гүлдер" мемлекеттiк би ансамблi

     Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттiк филармониясы

     Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттiк академиялық халық аспаптар

оркестрi

     Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттiк би ансамблi

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк классикалық би ансамблi

     "Қазақ мемлекеттiк циркi" қазыналық кәсiпорны

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк орталық мұражайы

     Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттiк өнер

мұражайы

     Ықылас атындағы республикалық халық  музыка аспаптары

мұражайы

     Республикалық кiтап мұражайы

     Алтын және бағалы металдар мұражайы

     Көрмелер мен аукциондар дирекциясы

     Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы

     Қазақстан Республикасының Ұлттық кiтапханасы

     Ж.Жабаев атындағы республикалық мемлекеттiк жасөспiрiмдер

кiтапханасы

     С.Бегалин атындағы республикалық мемлекеттiк балалар

кiтапханасы

     Зағиптар мен көзi нашар көретiн азаматтарға арналған

республикалық кiтапхана

     мәдениет мәселелерi жөнiндегi республикалық ғылыми орталық

     Республикалық мемлекеттiк жөндеу-құрылыс және қалпына келтiру

басқармасы (шаруашылық жүргiзу құқығында)

     "Материалдық мәдениет ескерткiштерiнiң ғылыми-зерттеу және

жобалау институты" қазыналық кәсiпорны

     "Саз" таспажазу фирмасы

     Ш.Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы

     Ұлттық продюсерлiк орталық

     "Қазкинопрокат" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi

     Мемлекеттiк фильмқоры

     Үйлер мен ғимараттар басқармасы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады