Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 1 тамыздағы N 1202. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1998.01.07. N 1 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
     2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Үкiмет Аппаратының Басшысы арасында мiндеттердi бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 желтоқсандағы N 1574 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
1997 жылғы 1 тамыздағы        
N 1202 қаулысымен          
бекiтiлген              

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Премьер-Министр
Кеңсесiнiң Басшысы арасында
мiндеттердi бөлу

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
                    Ә.М.Қажыгелдин

     Үкiметтiң қызметiне тiкелей басшылық жасау, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың республиканы экономикалық және әлеуметтiк дамыту жөнiндегi жұмысын үйлестiру.
     Үкiметтiң Реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру.
     Сыртқыiсминiнiң, Қорғанысминiнiң, Iшкiiсминiнiң, Әдiлетминiнiң, ҰҚК-нiң, Прокуратураның, Мемтергеукомының жалпы мәселелерi.

                Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары
                            А.С.Есiмов

     Премьер-Министрдiң орнын ауыстыру, Премьер-Министрдiң Кеңсесiмен жұмыс iстеу.
     Аумақтық басқару органдарымен өзара iс-қимыл, аймақтарды дамыту, кадр саясаты мәселелерi.
     Мемлекеттiк инвестициялық саясатты, лицензиялық қызметтi үйлестiру.
     Инвестициялар жөнiндегi мемкомитет, Жоғары және орталық меморгандарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемкомиссия, Ауылшарминi жұмысының мәселелерi, Қорғанысминiнiң, Әдiлетминiнiң, Iшкiiсминiнiң жедел қызметi. 

            Премьер-Министрдiң орынбасары - Қаржы министрi
                           А.С.Павлов

     Қаржы, кедендiк-тарифтiк, валюта және баға саясатын қалыптастыру.
     Республика бюджетiн әзiрлеуге басшылық жасау, оның атқарылуын бақылау.
     Жекешелендiру, мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару, сақтандыру қызметi, мемлекеттiк материалдық резервтердi қалыптастыру мен пайдалану мәселелерi.
     Ұлттық және мемлекеттiк банктермен, Республикалық бюджеттiң атқарылуына бақылау жасау жөнiндегi есеп комитетiмен, халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдармен өзара iс-қимыл.
     Қаржыминi, Мемлекеттiк кеден комитетi, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия, жол және басқа да бюджеттен тыс қорлар жұмысының мәселелерi.

             Премьер-Министрдiң орынбасары - Бiлiм және
                мәдениет министрi И.Н.Тасмағамбетов

      Әлеуметтiк-мәдени даму, бiлiм беру, мәдениет, жоғары мектеп, денсаулық сақтау, туризм және спорт, архив iсi салаларындағы бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру мәселелерi.
      Әлеуметтiк-саяси процестердi, Ұлтаралық қатынастарды зерделеу.
      Жұмыспен қамту, еңбек және еңбекке ақы төлеу, әлеуметтiк қорғау, әлеуметтiк бәсекелестiк мәселелерi. Жұмыс берушiлер мен кәсiподақтар бiрлестiктерiмен, Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiкпен өзара iс-қимыл.
      Бiлiм және мәдениетминi, Денсаулықминi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғауминi, ҚазТАГ, Орталық мемлекеттiк архив, Ономастика және Терминология комиссиялары, зейнетақы қоры, Әлеуметтiк сақтандыру және жұмыспен қамту қорлары, мiндеттi медициналық сақтандыру қоры жұмысының мәселелерi.

             Премьер-Министрдiң орынбасары - Экономика
                  және сауда министрi Ө.Е.Шүкеев

      Макроэкономика мен жүргiзiлiп отырған реформалардың жалпы және ағымдағы мәселелерi. Индикативтiк жоспар-болжамдарды әзiрлеу. Өнеркәсiптiң, энергетиканың, көлiк және коммуникациялардың, агроөнеркәсiп кешенiнiң жұмыс iстеуiнiң, сыртқы экономикалық қызметтiң және iшкi сауданың, кәсiпкерлiктi дамытудың жедел мәселелерi.
      Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мемлекеттiк статистика. Ғылыми-техникалық прогресс, қолданбалы және iргелi ғылымды дамыту, табиғатты пайдалану және биологиялық ресурстар.
      Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемкомиссияның қызметiне басшылық ету.
      ТМД елдерiмен ынтымақтастықтың жедел мәселелерi.
      Ғылымминi - Ғылым академиясы, Экономика және саудаминi, Көлiккомы, Экобиоресурсминi, Энергетика және табиғи ресурсминi, Мемтөтенжағдайкомы жұмысының мәселелерi, Сыртқыiсминiнiң ТМД елдерiмен ынтымақтастыққа қатысты мәселелерi.

                Премьер-Министр Кеңсесінiң Басшысы
                          Т.Қ.Бегахметов

      Кеңсе бөлiмдерiнiң Үкiмет қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру.
      Министрлiктердiң, мемкомитеттердiң, жергiлiктi атқарушы органдардың Үкiмет шешiмдерiнiң және оның басшылығы тапсырмаларының орындалуын бақылау мен оның сапасына қатысты қызметiн үйлестiру.
      Үкiметтiң нормативтiк актiлерi мен республика басшылығының тапсырмаларын орындамағаны үшiн министрлiктер мен ведомстволардың, облыстардың басшыларын тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар әзiрлеу.
      Үкiметтiң Парламентпен, Президент Әкiмшiлiгiмен және аумақтар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету, Үкiметтiң Баспасөз қызметiнiң, республика Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру институтының жұмысына басшылық ету.
     Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын кадрлар жөнiнде келiсiлген ұсыныстарды зерделеу және енгiзу.
     Үкiметтiң басшылығы өз жұмысын ұйымдастыруда акционерлiк және холдинг компанияларымен, басқа да республикалық органдармен қоғамдық және өзге де ұйымдармен қызметтiң жетекшiлiк жасалатын бағыттары бойынша өзара iс-қимыл жасап отырады.
     Үкiмет басшыларының бiрiн-бiрi ауыстыруының мынадай тәртiбi белгiленедi:

     Ә.М.Қажыгелдин - А.С.Есiмов
     А.С.Павлов - Шүкеев Ө.Е.
     И.Н.Тасмағамбетов - Шүкеев Ө.Е.     

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады