Жаяу әскерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға тыйым салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 тамыздағы N 1222

      Бiрiккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы N 50/70 қарарында жарияланған жаяу әскерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға мораторий жариялау туралы дүниежүзiлiк қоғамдастықтың бастамасын қолдау мақсатында және 1996 жылғы 18 маусымдағы "Қару-жараққа, әскери техникаға және қос мақсатта пайдаланылатын өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қайта экспорттауды және транзиттi қоса алғанда, Қазақстан Республикасынан жаяу әскерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Мемлекеттiк кеден комитетi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша) қайта экспорттауды және транзиттi қоса алғанда, жаяу әскерлерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға жарияланған тыйым салудың сақталуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жаяу әскерге қарсы жер үстi миналарын экспорттауға, қайта экспорттауға және транзитiне тыйым салуды енгiзгенi туралы ресми мәлiмдеме жасасын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады