Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы қылмыстық-атқару жүйесi департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 7 тамыз N 1231. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.05.05. N 668 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3377 U973377_ Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы

 

қылмыстық-атқару жүйесi департаментi туралы қоса берiлiп отырған

Ереже бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Iшкiiсминiнiң

жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментiмен бiрлесiп

Қазақстан Республикасы Үкiметiне бiр ай мерзiмде бұрын жарық көрген

Үкiмет шешiмдерiн осы қаулымен сәйкестiкке келтiру туралы ұсыныс

енгiзсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 7 тамыздағы

                                          N 1231 қаулысымен

                                              бекiтiлген


           Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң

      жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi (ҚАЖД) туралы

                                   ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жанындағы Қылмыстық-атқару жүйесi департаментi (бұдан әрi - Департамент) Департамент қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы заңдарының атқарылуын қамтамасыз ететiн қылмыстық-атқару жүйесiн (ҚАЖ) мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. Департаменттiң штат кестесiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi бекiтедi.
      3. Департаменттiң құрылымына, бас бостандығынан айыру және түзеу жұмыстары, қылмыс жасады деп айыпталып, күдiктелiнгендердi және өздерiне қатысты заңды күшiне енбеген айыптау үкiмi шығарылған сотталғандардың қамауда ұстау түрiндегi қылмыстық жазалардың атқарылуын ұйымдастыруды жүзеге асырушы бөлiмшелер, сондай-ақ темiр жол көлiгiмен әскери және арнайы тасымалдауларды қамтамасыз ететiн бөлiмшелер кiредi.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi түзеу мекемелерi мен тергеу оқшауларын Департаментке тiкелей бағынысқа беруi мүмкiн.
      5. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      6. Департамент заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы қазақ, орыс тiлдерiнде жазылған мөрi, дербес балансы, банк мекемелерiнде есеп айырысу, валюта және өзге де шоттары бар, өзiнiң алдына қойылған мiндеттерге (мақсаттарға) қайшы келмейтiн және заңмен тыйым салынбаған қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      7. Департамент өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiң меншiгiндегi ҚАЖ мүлкiне иелiк етедi, пайдаланады және басқарады, оны сақтау мен ұтымды пайдалану жөнiнде барлық қажет шараларды қолданады.
      8. Департамент, ҚАЖ-дың басқа бөлiмшелерiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң есебiнен жүзеге асырылады. Департамент заңда және осы Ережеде көзделген басқа да қаржыландыру көздерiн қосымша пайдалануға құқылы.
 
      II. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi
 
      9. Департаменттiң өз қызметiнiң аясындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      еңбекпен түзеу мекемелерiнiң өз құзыретi шегiнде қылмыстық жазаларды атқаруы бойынша жұмысын ұйымдастыру;
      өздерiне қатысты айыптау үкiмi шығарылған, бiрақ ол заңды күшiне енбеген қылмыс жасады деп күдiктелiнген, айыпталған, сотталғандарды күзетте ұстауды ұйымдастыру;
      жазаларды атқарушы мекемелерде және тергеу оқшаулауларында құқық тәртiбi мен заңдылықты, осы мекемелердiң аумағындағы қызметкерлердiң, лауазымды адамдар мен азаматтардың, сондай-ақ оларда ұсталатын сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      жазаны өтеудiң тиiстi жағдайларын, сотталғандардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;
      сотталғандардың ұстау жағдайларын халықаралық стандарттардың талаптарына жақындату жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      сотталғандардың еңбегiн ұйымдастыру үшiн қажеттi жағдайлар жасау;
      сотталғандарға жалпы бiлiм беру мен кәсiптiк оқытуды ұйымдастыру;
      жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдарға қылмыстарды табу, алдын алу, жолын кесу және ашуда жәрдемдесу;
      өзiнiң құзыретiнiң шегiнде ҚАЖ-дың тыныс-тiршiлiгiн ұйымдастыру, оның шығыстарын белгiленген тәртiппен бөлiнген қаржы мен лимиттердiң, сондай-ақ басқа да заңды көздерден алынған қаражаттың шегiнде қаржыландыру, ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасы мен әлеуметтiк саласын дамыту мен нығайту;
      ҚАЖ бөлiмшелерi лауазымды адамдардың iрiктеу мен орналастыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, ҚАЖ қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтiк қамтамасыз ету, олардың кәсiби даярлығын ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң, Республикалық Ұланның, Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң тиiстi құрылымдарының Қазақстан Республикасының аумағында темiр жол көлiгi мен әскери, арнаулы және өзге де тасымалдауларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, олардың орындалуын есепке алу және бақылау.
 
      III. Департаменттiң функциялары
 
      10. Департамент жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      ҚАЖ-дың басқару органдарына және ҚАЖ-дың басқа да бөлiмшелерiне басшылықты жүзеге асырады, олардың қызметi үшiн жағдай жасайды;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң (Iшкiiсминi) басшылығына жазаларды атқарушы ұйымдарды құру және тарату туралы, ҚАЖ-дың қызметiн қамтамасыз ету үшiн арнайы құрылған кәсiпорындарды (емдеу, оқу, жобалау және т.б.) ҚАЖ-ға қосу туралы ұсыныс әзiрлейдi;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну үшiн ҚАЖ-ды дамыту мен нығайту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      ҚАЖ-дың аумақтық басқару органдарына ҚАЖ-ды дамыту жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлеуде әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      табиғат пен қоршаған ортаны сақтау, ҚАЖ бөлiмшелерiнде табиғат қорғау заңдарын орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      жазаларды атқарудың шарттарын айқындайтын қылмыстық-атқару заңдарының жалпы негiздерi мен принциптерiн, жалпы республикалық нормалар мен ережелердi әзiрлеу жөнiндегi тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының қылмыстық жазаларды атқару күдiктелiнгендер мен айыпталғандарды күзетте ұстау мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге қатысады;
      Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң тиiстi ведомствоаралық және ведомстволық нормативтiк құқықтық актiлерiн дайындауды жүзеге асырады;
      аймақтық ерекшелiктердi, сондай-ақ сотталғандармен және қамалғандармен жұмыс iстеудiң халықаралық стандарттарды ескере отырып бас бостандығынан айыру түрiндегi қылмыстық жазаларды атқаруды ұйымдастырудың бiрыңғай әдiстерiн жасайды;
      ҚАЖ-дың аумақтық басқару органдарын, жазаларды атқарушы мекемелердi, тергеу оқшауларын және ҚАЖ-дың қызметiн қамтамасыз ету үшiн арнайы құрылған және ҚАЖ-ға кiретiн ұйымдарды инспекциялауды жүзеге асырады, жазаларды атқарушы мекемелердiң үлестiң қатысуымен құрылған ұйымдардың және ҚАЖ-дың аумақтық басқару органдарының қызметiне бақылауды жүзеге асырады;
      төтенше жағдайлар кезiнде қызметтiк және жауынгерлiк мiндеттердi орындау барысында жедел iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi және iске асыруды жүзеге асырады, ҚАЖ-дың қажеттi күштерi мен құралдарын тартуды және олардың басқа құқық қорғау органдарымен және тәртiптiк құрылымдармен өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi;
      ҚАЖ-дың бөлiмшелерiнiң қызметiне жұмыстың алдыңғы қатары нысандары мен әдiстерiн табу, қорытындылау және енгiзу жөнiнде шаралар қолданылады;
      Департаменттiң кадрларын iрiктеу, орналастыру, оқыту және тәрбиелеу жөнiндегi жұмысты жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң және Департаменттiң номенклатурасына кiретiн лауазымдарға қызмет бойынша жылжыту үшiн ҚАЖ қызметкерлерiнiң резервiн қалыптастырады;
      бос орындарға ие болатын үмiткерлердi iрiктеудi, сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерiн, оның iшiнде арнайы оқу орталықтарында даярлауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн көтерудi ұйымдастырады;
      жас мамандарды ұтымды пайдалануды және оларды орнықтыруды қамтамасыз етедi;
      ҚАЖ-бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен сондай-ақ қоғамдық және дiни ұйымдармен (бiрлестiктермен) бұқаралық ақпарат құралдарымен ҚАЖ қызметiнiң мәселелерi жөнiнде iс-қимылды үйлестiредi;
      сотталғандардың, сондай-ақ азаматтардың мекемелер мен тергеу оқшауларындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылуы туралы шағымдары мен өтiнiштерiн қарайды;
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң бөлiмшелерiмен және Қорғаныс министрлiгiнiң тиiстi қызметтерiмен бiрлесiп жұмылдыру жұмысын өрiстету, эвакуациялық және жаппай шаралар бойынша әскери тасымалдауларды жоспарлайды және жүзеге асырады;
      өз құзыретiнiң шегiнде талап қоюшы және жауап берушi болады.
      11. Департамент жазаларды, сотталғандарды күзетудiң, ұстау режимiн атқаруды ұйымдастыруды, жедел iздестiру қызметiн, тәрбие жұмысын жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарына, соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдамаларына сәйкес сотталғандарды жазаларды атқарушы мекемелер мен тергеу оқшаулауларында ұтымды орналастыруды ұйымдастырады, сотталғандардың құқықтарының, оларды материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету нормаларының сақталуына шаралар қолданылады;
      соттардың сотталғандарға қатысты үкiмдерiнiң, қаулылары мен ұйғарымдамаларының атқарылуын жүзеге асырады, мекемелер мен тергеу оқшаулауларында режимдiк талаптарын атқаруын ұйымдастырады, сотталғандарды оқшаулауды жетiлдiру, оларды қадағалауды жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданады;
      сотталғандарды және қамауға алынғандарды жазаны атқарушы бiр мекемеден немесе тергеу оқшаулауынан басқасына көшiрудi белгiленген тәртiппен жүзеге асырады;
      iшкi әскер бөлiмшелерiмен бiрлесiп арнаулы құрамды тасымалдауды жоспарлайды, арнаулы вагондар қозғалысының жиынтық кестесiн әзiрлейдi және бекiтедi, әскери арнаулы және өзге де тасымалдарға жедел басқаруды жүзеге асырады;
      бөлiмшелердi күзетудi (Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң бұйрықтарында көрсетiлген), сотталғандармен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi ұйымдастырады, объектiлердi күзету және осы мақсатқа инженерлiк-техникалық құралдарды сатып алу үшiн қажеттi қаржы бөлудi қамтамасыз етедi;
      кезекшi бөлiмдер жүйесi арқылы ҚАЖ-дағы оперативтiк жағдайға тұрақты бақылауды жүзеге асырады;
      оперативтiк жағдайды шиеленiстiрген төтенше оқиғалар жағдайларында қызметтiк тексерiстер жүргiзедi, олардың себептерiн анықтайды және талдайды, мұндай жағдайларды болдырмау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      жазаларды атқарушы мекемелерде және тергеу оқшаулауларында жедел-iздестiру қызметiн ұйымдастырады, оны жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдайды, қылмыстарды табу, алдын алу, жолын кесу және ашуда қалалық-аудандық iшкi iстердiң жедел, тергеу және басқа да бөлiмшелерiмен өзара iс-қимыл жасайды;
      жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы басқа органдардың жедел бөлiмшелерiне жәрдемдеседi;
      iшкi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге, бас бостандығынан айыру орындарына ұйымдасқан қылмыстық көрiнiстерiн бейтараптандыру мен жолын кесуге, қылмыстық-атқару жүйесi мен iшкi әскерлердiң жеке құрамына жедел қызмет көрсетуге байланысты мәселелердi шешедi;
      сотталғандарды түзелуге, заңның талаптарын сақтауға және қоғамда қабылданған мiнез-құлық ережелерiн сақтауға мүдделiлiктi ынталандыратын жеке басының сапалары мен дағдыларын қалыптастыру мен дамыту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, сотталғандарды негiзгi жалпы және бастапқы кәсiби бiлiммен және кәсiптiк даярлықпен, сондай-ақ кәмелетке толмаған сотталғандардың арасында тәрбие процесiн қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
      сотталғандарға психологиялық-педагогикалық ықпал ету әдiстемелерi мен бағдарламаларын пайдалануды, сондай-ақ олардың мiнез-құлқын түзеу үшiн көмек, оның iшiнде қаржы, қоғамдық және дiни ұйымдардың (бiрлестiктердiң) және сотталғандардың туған-туысқандарының көмегiн ұйымдастырады;
      рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiнiң атқарылуын ұйымдастырады;
      табиғи зiлзалалар, сотталғандардың топтық бағынбаушылығы жағдайларында, сондай-ақ жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес түзеу мекемелерiне айрықша жағдайлар режимiн енгiзудi ұйымдастырады;
      бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ жазаларды атқару, жазаның осы түрiн өтеуден жалтарушы сотталғандарды табу бойынша iздестiру шараларын уақытылы жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады және жүзеге асырады, түзеу жұмыстарына сотталғандардың еңбекақысынан соттың үкiмi бойынша ұсталған ақша қаражатының түсуiн бақылайды;
      шартты сотталған адамдардың және өздерiне қатысты бас бостандығынан айыру үкiмiн атқару кейiнге қалдырылған сотталғандардың мiнез-құлқына бақылау жасауды ұйымдастырады;
      азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтiнiштерiн, iшкi iстер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Бас прокуратураның, ұйымдар мен мекемелердiң сотталғандарды көшiру, олардың жазаларын өтеу орындарын белгiлеу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ оларды жазасынан шартты мерзiмiнен бұрын босату және колония-қоныстарға көшiру мәселелерi жөнiндегi сұрау салулары мен өтiнiштерiн қарайды;
      сотталғандарды мамандандырылған еңбекпен түзеу колонияларына жiбередi және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Медицина басқармасымен бiрлесiп арнаулы және медициналық бөлiмдердiң алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеудi қамтамасыз ету бөлiгiнде соттардың үкiмдерiн уақтылы атқаруды жүзеге асырады;
      сотталғандарды босатуға даярлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады, еңбекпен түзеу мекемелерiнiң басқа құқық қорғау органдарымен, атқарушы өкiмет пен басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен сотталғандарды түзеу және қайта тәрбиелеу нәтижелерiн орнықтыру, оларды еңбек және тұрмысты жайластыру бойынша өзара iс-қимылын қамтамасыз етедi.
      12. Департамент өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн жүзеге асырады:
      Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген шектерде жылжитын және жылжымайтын мүлiктi иеленедi, пайдаланады және басқарады;
      ұйымдар мен кәсiпорындардан және азаматтардан қолданылып жүрген заңдарға сәйкес материалдық-техникалық ресурстарды, қаржы қаражатын мүлiктi иеленуге, пайдалануға және басқаруға қабылдайды;
      сотталғандардың еңбекпен қамтылуының тиiмдiлiгiн арттыру үшiн ҚАЖ ұйымдарына, мекемелерiне түрлi меншiк нысанындағы ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға және шарттар жасасуға жәрдем көрсетедi, өндiрiстiк-шаруашылық қызмет мәселелерi бойынша келiссөздер жүргiзедi, ақпарат алмасуды ұйымдастырады;
      жазаларды атқарушы мекемелердiң және ҚАЖ аумақтық басқару органдарының аралас меншiк нысанындағы ұйымдардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдайды;
      жазаларды атқарушы мекемелер мен ұйымдардың, тергеу оқшауларының тауар және өзге нарықтарды кешендi зерттеу, өндiрiстi материалдық-техникалық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету, өнiмдi өткiзудi ұйымдастыру, жәрмеңкелер мен жарнама жұмыстарын жүргiзу, көлiктiк және энергетикалық қызмет көрсету мәселелерiндегi қызметiн ұйымдастырады және үйлестiредi;
      ҚАЖ бөлiмшелерiн ұстауға арналған шығыстар мен кiрiстер сметасының жобаларын әзiрлейдi, ҚАЖ бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк күрделi салымдарға, автокөлiкке, жабдыққа қажеттiлiгiн айқындайды, белгiленген тәртiппен оларды сатып алуды және мемлекеттiк органдарда келiсудi қамтамасыз етедi;
      бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың тұрақты материалдық-техникалық қамтамасыз етiлу жүйесiн және мекемелерге азық-түлiк, зат және интенданттық мүлiктi орталықтандырып берудiң есебiнен күзетпен алдын ала қамауды, сондай-ақ сотталғандардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларының өндiрiсiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      ҚАЖ-дың мекемелерi мен олардың ұйымдарын, аумақтық басқару органдарын, тергеу оқшаулаулары мен ҚАЖ-дың қызметiн қамтамасыз ету үшiн арнайы құрылған басқа да ұйымдарды, ҚАЖ-дың күрделi құрылысын қаржыландыруды заңда белгiленген тәртiпте бөлiнген қаржы мен лимиттердiң, сондай-ақ Департаменттiң кәсiпкерлiк, сауда қызметiн жүзеге асыруынан және басқа да заңды көздерден алынған қаражаттың шегiнде жүзеге асырады;
      ҚАЖ-дың алдында тұрған мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қаржы, материалдық-техникалық ресурстардың ұтымды төленуiн қамтамасыз етедi, олардың пайдаланылуына бақылау орнатады;
      еңбекпен түзеу мекемелерiне қаржылай көмек көрсету, сондай-ақ Орталық қор туралы ережеде көзделген өзге мақсаттар үшiн ұйымдардың өндiрiстiк қызметiнен түскен қаражатты тартудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес ұйымдар мен азаматтардың салымдарының және құрмалдықтарының есебiнен орталықтандырылған қор құрады;
      ҚАЖ қызметкерлерi мен сотталғандарға белгiленген тәртiппен еңбегiне уақтылы ақы төлеудi, өтемақылар мен жеңiлдiктер төлеудi, материалдық ынталандыруды ұйымдастырады. Олардың еңбегiне ақы төлеу нысандарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныс әзiрлейдi;
      ведомстволық бағыныстағы ауыл шаруашылығы ұйымдарының желiсiн кеңейтуге, ауыл шаруашылығы өнiмiн шығаруды ұлғайтуға жағдай тудырады;
      мекемелер шығаратын бұйымдарды жаңалау, iшкi iстер және iшкi әскерлер органдары үшiн арнаулы бұйымдарға басымдық бере отырып олардың техникалық деңгейi мен бәсекелестiк қабылетiн арттыру жөнiндегi жұмысты жүргiзедi;
      ҚАЖ-дың аумақтық басқару органдарымен бiрлесiп ҚАЖ мүлкiнiң тиiмдi пайдаланылуы мен сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      Департаменттi және оның ҚАЖ бөлiмшелерiн компьютерлендiру, компьютерлiк технологияларды, есептеу техникасының жүйелерi мен құралдарын ендiру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      ҚАЖ-дың шетел фирмаларымен сауда экономикалық және ғылыми-техникалық байланыстарын ұйымдастырады, жүзеге асырады және үйлестiредi, өзiнiң сыртқы экономикалық қызметiнен алынған валюта қаражатына билiк етедi;
      ұйымдар мен шетел фирмаларының ассоциацияларына кiредi, аукциондық көрмелерге, әртүрлi биржалық саудаластықтарға қатысады.
      13. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң тапсырмасы бойынша қылмыстық жазалардың атқарылу, күдiктелiнгендер мен айыпталғандарды Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына күзетпен ұстау мәселелерiн қарау кезiнде iшкi iстер министрлiгiнiң мүдделерiн бiлдiредi.
      14. Қылмыстық атқару жүйесiнiң мәселелерiн шешу бойынша өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде Департамент Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Әдiлет министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң және басқа мемлекеттiк органдардың тиiстi бөлiмшелерiмен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара iс-қимыл жасайды.
      15. ҚАЖ-дың қызметiн жетiлдiру мақсатында мемлекетаралық ұйымдармен және шетелдердiң тиiстi органдарымен және ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайту жөнiндегi жұмысты жүргiзедi.
      16. Департаменттi бастық басқарады, оны Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң ұсынуы бойынша қызметке Үкiмет тағайындайды және қызметтен босатады. Департамент бастығының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
      17. Департамент бастығы Департаменттiң жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады, Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жауаптылықта болады.
      ҚАЖ-дың аумақтық басқару органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады, өзiнiң орынбасарларының өкiлеттiгiнiң шегiн айқындайды. Департаменттiң бөлiмшелерi туралы ережелердi және облыстардың iшкi iстер басқармалары тиiстi басқармаларының (бөлiмдерiнiң) үлгi ережелерiн бекiтедi;
      белгiленген тәртiппен өз құзыретiнiң шегiнде ҚАЖ-дың жұмысын ұйымдастыру мәселелерi бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
      Қазақстан Республикасы iшкi iстер министрлiгiнiң басшылығына жазаларды атқарушы мекемелер режимiнiң түрiн өзгерту туралы ұсыныс енгiзедi;
      мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық және шетелдiк ұйымдарда белгiленген тәртiппен Департаменттiң мүдделерiн бiлдiредi. Департаментке жүктелген функциялардың орындалуына байланысты шарттар мен келiсiм-шарттар жасайды;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрiне департаменттiң құрылымы мен штат санын өзгерту туралы ұсыныс енгiзедi, белгiленген тәртiппен Департаменттiң қызметкерлерiн лауазымға тағайындауға, арнайы атақтар беруге, мемлекеттiк және ведомстволық наградалармен марапаттауға ұсынады. Департаменттiң қызметкерлерiн лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныс және оларды қызметтiк аттестациялау материалын әзiрлейдi. Еңбек туралы заңдарға сәйкес еркiн жалданымды қызметкерлердi жұмысқа қабылдайды, ауыстырады және босатады;
      қолда бар қаржы ресурстарына және ҚАЖ-дың алдында тұрған мiндеттерге сүйене отырып ҚАЖ-дың бөлiмшелерiне арналған кiрiстер мен шығыстар сметасын бекiтедi;
      республикалық бюджеттен Департаменттi, ҚАЖ-дың бөлiмшелерiн ұстауға ҚАЖ-ға бөлiнген, сондай-ақ басқа заңды көздерден алынған қаржы ресурстарына (оның iшiнде валюталығына) билiк етедi. Белгiленген тәртiппен Департаментте құрылған орталықтандырылған қордың бөлушiсi болып табылады;
      тiкелей бағыныстағы ұйымдардың арасындағы пайданы қызмет түрлерi бойынша бекiтiлген жоспарды тапсырмалар мен бюджетпен өзара қатынасты өзгертусiз өз айналым қаражатының шегiнде бөлудi жүзеге асырады;
      Департаментке, оған тiкелей бағынатын ұйымдар мен мекемелерде, сондай-ақ Департаментке оперативтi бағыныстағы басқармаларда және облыстардың Iшкi iстер басқармаларының жанындағы ҚАЖ бөлiмдерiнде материалдық құндылықтарға, ақша қаражаты мен қатаң есептегi құжаттарға түгендеу мен тексерiс тағайындайды;
      Департаменттiң қызметкерлерiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының шегiнде өзiнiң бөлiмшелерiне практикалық көмек көрсету және олардың қызметiне тексерiс жүргiзу, басқа да қызметтiк мәселелердi шешу үшiн iссапарға жiбередi;
      Департаменттiң және оған бағыныстағы бөлiмшелердiң жеке құрамының арасында тәрбие жұмысын, жеке құрамның тәртiптi, заңдылық пен құпиялылық режимiн сақтауды, қызметтiк және жауынгерлiк даярлығын ұйымдастырады;
      белгiленген тәртiппен Департамент қызметкерлерiн көтермелейдi, оларға сыйлықақылар бередi және тәртiптiк жазалар қолданады;
      азаматтарды қабылдайды, шағымдар мен өтiнiштердi қарайды, олар бойынша шешiмдер қабылдайды, тәртiп пен заңдылықтың бұзылу фактiлерi бойынша қызметтiк тексерулер жүргiзедi;
      оның құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      18. Департаменттi қайта ұйымдастыру мен тарату заңда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады