Iшкi және халықаралық авиажелiлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы уақытша ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 8 тамыз N 1239. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.04.03. N 401 қаулысымен

      Iшкi және халықаралық авиажелiлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша жұмыстар мен қызмет көрсетулер нарығындағы бәсекелестiктi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Iшкi және халықаралық авиажелiлерiнде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекiтiлсiн.
      2. Қосымшаға сәйкес тендерлiк комиссияның құрамы белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

 

министрлiгi бiр ай мерзiмде Iшкi және сыртқы желiлерде чартерлiк

рейстердi жүзеге асыру тәртiбi туралы Ереженiң жобасын әзiрлесiн және

Үкiметтiң қарауына енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 8 тамыздағы

                                            N 1239 қаулысымен

                                             бекiтiлген

         Iшкi және халықаралық авиажелiлерде жолаушыларды,

     багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге

         арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық

                  тендерлер өткiзудiң тәртiбi туралы

                           УАҚЫТША ЕРЕЖЕ

                          I. Жалпы ережелер


 
       1. Осы Уақытша ереже Iшкi және халықаралық авиажелiлерде жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге арналған жүйелi авиарейстердi орындау құқығына ашық тендерлер ұйымдастыру мен оны өткiзудiң бiрыңғай тәртiбiн айқындайды.
      2. Ашық тендердi өткiзудiң мақсаты әуе көлiгiнiң қызметiн тұтынушыларға қауiпсiз және сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, авиациялық көлiктiң жұмысы мен қызметiнiң рыногын реттеу, онда бәсекелестiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау, осы қызметтердi тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау болып табылады.
      3. Тендердiң нысанасы белгiлi бiр маршруттарда жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдау бойынша қызмет көрсетуде жүйелi авиарейстердi орындауға құқық алу болып табылады.
      4. Тендердiң негiзгi принципi тұтынушылар үшiн мейлiнше қауiпсiз әрi тиiмдi жағдайлар ұсынатын және ұсына алатын авиатасымалдаушыға нақты әуе желiсiн пайдалану құқығын беру болып табылады.
      Тендердi ұтып шыққан деп тендер комиссиясының қорытынды бойынша өте жақсы жағдайлар ұсынған тұлға танылады.
      5. Тендердi өткiзудiң негiзгi мiндеттерi:
      а) авиатасымалдаушылар үшiн әуе желiлерiн пайдалану құқығын алуына бәсекелестiк орта мен тең жағдайлар жасау;
      б) тұтынушылар үшiн әуе кемелерi ұшуының қауiпсiз жағдайларын, тасымалдаудың жүйелiлiгiн, тұтынушыларға қызмет көрсетудiң жоғары сервисi мен сапасын қамтамасыз ететiн мейлiнше тиiмдi және пайдалы ұсыныстарды анықтау.
      6. Ашық тендерлер өткiзудiң бастамашысы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi болады.
      Тендердi тендер комиссиясы өткiзедi, оның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      7. Тендер Қазақстан Республикасында тендерге шығарылған әуе желiлерi бойынша жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдаудың қажеттi талаптарын сақтай отырып мейлiнше әлеуеттi жүзеге асыратын бiрнеше (кемiнде екеу) авиатасымалдаушы болған кезде жариялана алады.
      8. Тендер процесi оның жариялануы мен жеңiмпазды таңдауға дейiнгi сәтiнен бастап кемiнде бiр айдан және үш айдан аспайтын уақытты алуға тиiс.
      9. Тендер жеңiмпазы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен тендерде әуе желiлерiн ұтып алынған әуе желiлерiн пайдалануға келiсiм-шартқа қол қою құқығын алады.
      10. Тендерге жекелеген әуе желiлерi де, сондай-ақ осы желiлердiң пакеттерi де қойылуы мүмкiн.
      Тендерге қойылатын әуе желiлерiнiң пакеттерiн қалыптастыру кезiнде ұтымдыларымен бiрге оған әлеуметтiк мәнi бар әуе желiлерi де қойылуы мүмкiндiгiн ескеру қажет. Мұндай пакеттерге 4-тен аспайтын әуе желiсi қосылуы мүмкiн.
      11. Тендерге меншiк нысанына қарамастан осы Уақытша ережеде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн кез келген заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрi - қатысушы) қатыса алады.
 
           II. Тендер комиссиясын қалыптастыру, оның негiзгi
                       мiндеттерi мен функциялары
 
      12. Ашық тендерлердi өткiзудi қамтамасыз ету және олардың қатысушыларының арасынан жеңiмпазды айқындау үшiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң төрағалық етуiмен тендер комиссиясы құрылады.
      Тендер комиссиясының құрамына:
      а) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң;
      б) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң;
      в) Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң әуе кеңiстiгiн және азаматтық авиация қызметiн пайдалану жөнiндегi комитетiнiң;
      г) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiнiң;
      д) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң;
      е) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң;
      ж) Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң;
      з) Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi;
      и) "Қазаэронавигация" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының;
      к) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң;
      л) өзге де мүдделi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi.
      Аталған өкiлдерге қосымша тендер комиссиясының құрамына Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынуы бойынша әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз етудi және жолаушыларды, багаж бен жүктердi тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы сарапшылар енуi мүмкiн.
      13. Тендер комиссиясының саны тақ және кемiнде 11 адам болуы тиiс.
      14. Тендер комиссиясының негiзгi мiндетi тендерлiк ұсыныстарды қабылдау және бағалау, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi келiсiм-шарттар жасасуы тиiс тендер жеңiмпаздарын айқындау болып табылады.
      15. Тендер комиссиясы:
      а) өз жұмысының регламентiн дербес әзiрлейдi және бекiтедi;
      б) тендерге қатысуға арналған өтiнiмдi және ұсынылған тендер құжаттамасын қабылдайды және тiркейдi, өтiнiм берушiлерге ұсынылған тендер құжаттамасының мазмұны мен ресiмделуiнiң табылған кемшiлiктерiн жою қажеттiгiн хабарлайды;
      в) тендер жеңiмпаздарын айқындайды.
      16. Тендер комиссиясының шешiмi оның мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады.
 
         III. Тендерге қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар
 
      17. Тендерге қатысуға Пайдаланушының куәлiгi бар, дер уақытында өтiнiм мен басқа да құжаттарды берген жеке және заңды тұлғалар жiберiледi.
      Тендерге қатысуы үшiн тендер комиссиясының атына мынадай құжаттарды ұсынуы керек:
      а) тендерге қатысуға арналған өтiнiм;
      б) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған шарты, жарғы, тiркеу туралы куәлiк және операциялар бойынша код кәртiшкесi;
      в) Пайдаланушының куәлiгi, сондай-ақ Халықаралық әуе көлiгi ассоциациясы (International Air Transport Association (IATA)) берген авиакомпанияның Қатаң Есептiк Бланкiлерiнiң екi әрiптi желiлiк коды мен үш сандық коды бар тасымалдау құжаттамасының көшiрмесi;
      г) қаржылық орнықтылығы туралы, ұлттық және шетел валютасындағы шотындағы ақша қаражаты туралы банк анықтамасы. Шетелдiк заңды тұлғалар бiрiншi сыныптық шетел банкiнiң анықтамасын ұсынады;
      д) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк авиациялық қадағалауының кәсiпорын-өтiнiм берушiнiң соңғы 12 айдағы авариялық оқиғалары мен уақиғалары туралы анықтамасы. Шетелдiк заңды тұлғалар үшiн - авиациялық қадағалау бойынша тиiстi (заңды тұлғаны тiркеу бойынша) мемлекеттiк органының анықтамасы;
      е) жолаушыларды, багажды, жүктердi және үшiншi тұлғаларға қатысты заңдық жауапкершiлiктi сақтандыру жөнiндегi мәлiметтер (сақтандыру полистерiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      ж) әуе кемелерiнiң өз паркi туралы мәлiметтер (үлгiлерi, саны, борттық тiркеу нөмiрлерi, жалпы ресурстары және басқа). Бұл ретте әуе кемелерiнiң саны кемiнде екеу болуы тиiс;
      з) авиа желiлерiн пайдаланғаны үшiн республикалық бюджетке төлемдердiң мөлшерiн қоса алғанда тендер шарттары бойынша жазбаша нысандағы ұсыныстар, жеке конвертке салынған экономикалық және коммерциялық тиiмдiлiк есептерiмен бiрге техникалық-экономикалық негiздеме (ТЭН);
      к) кепiлдiк жарнаны енгiзгенiн растайтын құжат.
      18. Тендерге қатысушы халықаралық әуе желiлерiн пайдалану құқығын алу үшiн 17-тармақта көрсетiлген талаптарға қосымша:
      а) Қазақстан Республикасының резидентi болуы және жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе кемелерiмен тасымалдауды, Қазақстан Республикасы таныған ұшу жарамдылығы нормасын қамтамасыз етуi, Қазақстан азаматтарынан тұратын экипаж болуы;
      б) әуе кемелерiнiң авариясыз ұшуларын қамтамасыз ету және тендердi өткiзу күнiне дейiн кемiнде 12 ай жолаушыларды, багажды және жүктердi жүйелi рейстермен тасымалдауды ұйымдастыру тәжiрибесi болуы;
       в) авиакомпанияның халықаралық азаматтық авиация ұйымында (International Civil Aviation Organi - saition - ICAO) тiркелгенi туралы куәлiгi болуы;
      г) Халықаралық әуе көлiгi ассоциациясының (International Air Transport Association (IATA)) және халықаралық авиация байланысы коммерциялық ұйымының (International Society for Ai - ronautical Telecommunications - SITA) мүшесi болуы тиiс.
 
            IV. Ашық тендердi өткiзуге әзiрлiктi ұйымдастыру
 
      19. Тендер өткiзу туралы шешiм қабылданған соң тендер комиссиясы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (газеттер, радио, теледидар және басқалар) немесе тендерге әлеуеттi қатысушыларды және тендер процесiн байқауға тiлек бiлдiрген тұлғаларды жазбаша хабарландыру жолымен 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей тендердiң негiзгi шарттары мен оны өткiзудiң мерзiмдерiн жариялайды.
      20. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тендерге қатысуға тiлек бiлдiрушiлер үшiн мыналарды қамтитын тендердiң пакетiн әзiрлейдi;
      а) тендерге қатысуға шақыру;
      б) тендердi өткiзудiң тәртiбi туралы нұсқаулық;
      в) тендерге қатысуға және тендер құжаттарының пакетiн алуға арналған жазбаша өтiнiмдердiң нысаны;
      г) "Қатысушы туралы мәлiметтер" сауалнамасының нысаны;
      д) тендерге шығарылған әуе желiлерiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдауды ұйымдастырудың негiзгi шарттары мен талаптары;
      е) қатысушының беретiн тендерлiк ұсыныстарының нысаны;
      ж) тендер комиссиясы мүшелерiнiң тендер ұсыныстарын бағалау нысаны;
      з) тендерге шығарылған әуе желiлерiнiң санына тең конверттер жиынтығы (бiреуi үлкен және екеуi кiшкентай), немесе Қатысушының тендерлiк ұсыныстарын беруiне арналған осы желiлердiң пакеттерi.
      21. 20-пунктте аталған құжаттардың нысаны мен мәтiнiн (мазмұнына қойылатын негiзгi талаптар) тендер комиссиясы бекiтедi.
      22. Тендердi өткiзудi ұйымдастыру процесiне қатысудың тендерлiк құжаттарын жасау мен әзiрлеу үшiн тендер комиссиясы шарттық негiзде Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң мекемелерi мен ұйымдарын, сондай-ақ жекелеген мамандарды тарта алады.
      23. Комиссия тендер құжаттарына тендер өтуге дейiн 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей түзетулер енгiзуге қажет.
      24. Тендер құжаттарына өзгертулер енгiзiлген жағдайда тендер комиссиясы барлық қатысушыларға жазбаша түрде 23-тармақта көрсетiлген мерзiмде хабарлайды.
      25. Комиссия тендердi оны өткiзу тағайындалған күннен кемiнде үш күн бұрын оны өткiзбеуге құқылы.
 
                   V. Тендерлiк ұсыныстардың мазмұны
 
      26. Қатысушының тендерлiк ұсыныстарында тендер комиссиясы кейiн бағалау жүргiзетiн мынадай көрсеткiштер мен ақпарат қамтылуы тиiс:
      а) әуе кемелерiнiң бортта қызмет көрсету сыныбына байланысты үлгiсi, шығарылған жылы, сыйымдылығы (отырғызу орындары бойынша және толық), оларды қатысушы тендерге шығарылған авиажелiлерде жүйелi авиатасымалдауларды орындау кезiнде пайдаланады;
      б) әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн, жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
      в) әуе желiсiндегi ұшу маршруты бойынша ұсынылатын қозғалыс кестесiнiң нұсқалары, авиарейстердiң орындалу қарқыны мен әуе желiсiн пайдалану кезiнде халықтың сұранысын қанағаттандыру бойынша көзделетiн шаралар көрсетiлген ұшу кестесi;
      г) жолаушыларға қызмет көрсету сервисiнiң ұсынылатын деңгейi мен оларға көрсетiлетiн қызметтердiң қарқыны (тамақпен, сусынмен, мерзiмдi басылыммен, кәде-сыйлармен және тағы басқалармен қамтамасыз ету);
      д) әрбiр әуе желiсi бойынша қозғалыс маршрутының учаскелерiндегi жолаушыларды, багажды тасымалдау кезiнде белгiленетiн тарифтiк ставкалар мен алымдардың шамасы;
      е) әуе кемелерiн резервтеудi қамтамасыз ету, ақаулар пайда болған кезде оларды ауыстырудың жеделдiлiгi және оларды ауыстыруға кететiн уақыт шығыны, жолаушыларды көзделген әуежайға жеткiзу және авиарейстi орындаудағы кiдiру кезiнде жолаушыларға қызмет көрсетудiң жағдайлары жөнiндегi шаралар жүйесi (пайдаланылатын немесе ұсынылатын);
      ж) әуе кемелерiнiң салондарын жинап-тазалауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың, жолаушыларға қызмет көрсету құралдарын жинақтау мен ауыстыру жүйесi;
      з) әуе желiсiн пайдалануға келiсiм-шарт жасау үшiн ұсынылатын мерзiм.
      27. Қатысушы өз қалауы бойынша әуе кемелерi ұшуларының қауiпсiздiгiн арттыруға, жолаушыларға түрлi жеңiлдiктер, қызметтер және тағы басқаларды көрсетуге байланысты басқа да қосымша ұсыныстарды табыс ете алады.
 
               VI. Тендерге қатысуды ресiмдеудiң тәртiбi
 
      28. Тендер комиссиясы тендердi өткiзудiң күнi мен орнын және оған шығарылатын әуе желiлерiн жарияланған соң тендерге қатысуға тiлек бiлдiрушi авиатасымалдаушылар:
      а) тендер комиссиясының хатшысынан "а" және "з" тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды өзi барып немесе жазбаша сұрау салу арқылы алуы;
      б) тендерге қатысуға және тендер құжаттарының пакетiн алуға арналған жазбаша өтiнiмдердiң нысанын толтыруға;
      в) өзiнiң белгiленген талаптарға сәйкес келетiндiгiн растауы тиiс деректердi көрсете және мынадай анықтамалар мен құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, "Қатысушы туралы мәлiметтер" сауалнамасын ресiмдеуге;
      әуе кемелерiн пайдаланушының куәлiгi;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгi мен операциялар бойынша кодтар кәртiшкесi;
      тасымалдау құжаттамасының үлгiлерi (халықаралық әуе желiлерiн пайдалану үшiн) IATA қатаң есептiлiк бланкiлерiнiң екiәрiптi желiлiк коды мен үшсандық кодымен бiрге осы құжаттама үлгiлерiнiң көшiрмелерi, авиакомпанияның IСАО тiркелгенi туралы куәлiктi авиакомпанияның IАТА және SITA мүшелiгiн растайтын құжаттар, сондай-ақ ұшулардың қауiпсiздiгiн және жолаушыларды, багажды және жүктердi тендер өткiзу күнiне дейiн соңғы 12 ай iшiнде жүйелi рейстермен тасымалдауды ұйымдастыруды қамтамасыз етуiнiң анықтама-талдамасы;
      тендерге шығарылған әуе желiлерiн пайдалану кезiнде ұшуларды қамтамасыз ету үшiн жоспарланған әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiгi;
      мiндеттi сақтандырудың әрбiр түрi бойынша сақтандыру полистерi (шарттары);
      әуе көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi тасымалдауға құқық беретiн мемлекеттiк лицензия;
      Қатысушының қаржылық орнықтылығы туралы, оның ұлттық және шетел валютасындағы шотындағы ақша қаражаты туралы қызмет көрсетушi банктiң анықтамасында;
      мемлекеттiк авиация органының қатысушының соңғы 12 айдағы әуе кемелерiнiң ұшуларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуiнiң анықтамасы;
      г) тендер құжаттары пакетiнiң және тендерге қатысу құнын 20 есе ең төменгi есептi көрсеткiш мөлшерiнде төлеуi;
      д) тендер комиссиясының атына тендерге қатысуға және тендер құжаттары пакетiн алуға арналған толтырылған өтiнiмдердi 28 в) - тармақта көрсетiлген анықтамалар мен құжаттардың көшiрмелерiн және 28 г) - тармақта көрсетiлген төлемдi растайтын көшiрмесiн қоса берiп "Қатысушы туралы мәлiметтер" ресiмделген сауалнамасын өз қолымен немесе почта арқылы жөнелту.
      29. Тендерге қатысуға арналған өтiнiмдер мен 28(в)-тармақтың "в" тармақшасында көрсетілген құжаттарды қабылдау тендердi өткiзу датасына дейiн бес жұмыс күнiнiң iшiнде аяқталады. Осы құжаттарды алған соң тендер комиссиясы оларға тiркеу, белгiленген талаптарға сәйкестiлiгiне бағалау жүргiзедi. Ескертпелер болмаған кезде өтiнiм берушiге оны тендердiң қатысушысы деп тану туралы хабарлама берiледi.
      30. Өтiнiмдерi қарауға қабылданған немесе бас тартылған өтiнiм берушiлерге бұл туралы тендер комиссиясы себептерiн көрсете отырып 5 күн мерзiмде хабарлайды.
      31. Тендердiң әрбiр қатысушысы тендер комиссиясына тендер өткiзiлетiн күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң сағат 16-дан кешiктiрмей белгiленген нысанда және талап етiлетiн данада (тендер комиссиясы мүшелерiнiң санына сәйкес) оларды тендер комиссиясы мүшелерiнiң бағалау нысандарымен бiрге таңдап алынған әуе желiлерiне (олардың пакеттерiне) арналған тендерлiк ұсыныстарды және қатысушы туралы мәлiметтердi тапсырады.
      Тендерлiк ұсыныстар оларды бағалау нысандарымен бiрге және қатысушы туралы мәлiметтер екi кiшi конвертке бөлек-бөлек салынады, аузы жабылып бiр үлкен конвертке салынады, оның да аузы жабылады. Тендерлiк ұсыныстарда қатысушы туралы деректер болмауы тиiс. Барлық үш конверт ешқандай да бiр айырым белгiлерiнсiз, белгi соғуларсыз, мынадай: тендерлiк ұсыныстар бар конверттегi - "Тендерлiк ұсыныстар" деген, қатысушы туралы ақпарат бар конверттегi - "Қатысушы туралы мәлiметтер" деген жазбаларды, үлкен конверттегi тендерге шығарылған әуе желiсiнiң атауын немесе осы желiлердiң пакетiн қоспағанда,

 

қатысушыдан осы конверттi алу сәтiнде тендер комиссиясына ұсына алады.

     32. Белгiленген мерзiмнен кеш түскен тендерлiк ұсыныстар тендерге

қатысуға жiберiлмейдi. Тендер комиссиясы мерзiмiнде берiлген тендерлiк

ұсыныстардың бәрiн түгел қабылдауға мiндеттi.

     33. Тендер комиссиясы қатысушының тендерлiк ұсыныстарын

қабылдаған соң оған толықтыру мен қандай да болмасын өзгерiстер

енгiзуге тыйым салынады.

     34. Қатысушының тендер комиссиясы тiркеген тендерлiк ұсыныстары

60 күннiң iшiнде заңдық күшке ие.

     35. Тендерге қатысуға өтiнiш берген адамдар туралы мәлiметтер

жария етуге жатпайды.

     36. Тендердiң қатысушысы жазбаша сұрау салудың негiзiнде өзiнiң

тендерлiк ұсыныстарын тендер өткiзiлетiн күннiң алдындағы жұмыс күнгi

сағат 16-дан кешiктiрмей қайтып алуға құқығы бар.

     37. Тендердiң қатысушылары тендер комиссиясынан тендер

өткiзiлетiн күнге дейiн 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей тендердiң

өткiзiлуiне байланысты туындаған мәселелерге ауызша нысанда да,

сондай-ақ қатысушылардың қалауы бойынша жазбаша жауап алуға құқығы бар.

     VII. Ашық тендердi өткiзудiң тәртiбi, тендерлiк ұсыныстарды

                   бағалау және жеңiмпазды айқындау


 
       38. Комиссия тағайындалған уақытқа тендер комиссиясының тендердiң байқаушылары мен қатысушыларын орналастыру үшiн тендердi өткiзу орнын әзiрлейдi және оны жабдықтайды.
      39. Егер шығарылған пакет немесе жеке әуе желiсi бойынша тендерге қатысуға бiр ғана өтiнiм берiлген болса, онда бұл пакет немесе әуе желiсi тендер комиссиясының шешiмi бойынша тендерден алынып тасталынуы мүмкiн.
      40. Тендерлiк ұсыныстарды қарау мен бағалау процесi екi кезеңде жүзеге асырылады.
      Бiрiншi кезеңде қатысушылардың тендерлiк ұсыныстарын тендер комиссиясының әрбiр мүшесi мынадай ресiм бойынша жеке-жеке қарайды.
      Оларды бағалау нысандарымен бiрге "Тендерлiк ұсыныстар" деген жазуы бар аузы жабық конверт бар қатысушылар берген үлкен конверттер мен "Қатысушы туралы мәлiметтер" деген жазуы бар конверт көзге ашық көрiнбейтiн қорапта орналастырылады. Тендер комиссиясының төрағасы қатысушылар мен байқаушылардың қатысуында қорапшадан кез келген конверттi суырып алады да конверттiң оң жақтағы жоғарғы бұрышына шрифтiмен бiрiншi реттiк нөмiрiн қояды. Сосын төраға үлкен конверттiң аузын ашады. "Тендерлiк ұсыныстар" және "Қатысушы туралы мәлiметтер" деген конверттерге де бiрiншi реттiк нөмiрдi қояды. Бұдан әрi төраға тендерлiк ұсыныстар бар конверттiң аузын ашады, осы ұсыныстар мен бағалау нысандарының әрбiр данасына (көшiрмесiне) бiрiншi реттiк нөмiрдi қояды, және оны қарау және бағалау үшiн (10 баллдық жүйе бойынша) тендер комиссиясының мүшелерiне таратады.
      Тендер комиссиясының әрбiр мүшесi тендерлiк ұсыныстарды қарау мен бағалаудың нәтижелерi бойынша белгiленген бағалау нысанын толтырып, өз қолдарымен куәландырады да, оны тендерлiк ұсыныстармен бiрге тендерлiк комиссиясының төрағасына немесе хатшысына бередi, олар қатысушының нөмiрi бiр тендерлiк ұсыныстары деген үлкен конвертке қайта салуға мiндеттi.
      Тендерлiк ұсыныстарды қарау мен бағалаудың осы секiлдi рәсiмi тендердiң барлық қалған қатысушылары үшiн де жүргiзiлуi тиiс.
      Екiншi кезеңде тендер комиссиясының мүшелерi реттiк нөмiрдегi қатысушының тендерлiк ұсыныстарды бағалаудың куәландырылған нысандарының негiзiнде жиынтық баллдарын қосады және әрбiр қатысушы бойынша жалпы жиынтық баллды айқындайды, оны комиссияның хатшысы хаттамаға тiркейдi, барынша жоғарғы баллдардың жиынтығын алған қатысушы-жеңiмпаздың реттiк нөмiрiн айқындайды.
      Тендер комиссиясының төрағасы тендер комиссиясының мүшелерiнiң, тендерге қатысушылардың және байқаушылардың қатысуында барынша жоғары жиынтық балл алған қатысушы-жеңiмпаздың реттiк нөмiрiн айтады, жария етiлген жеңiмпаздың нөмiрiне сәйкес келетiн нөмiрi бар үлкен конверттi қолына алады, одан "Қатысушы туралы мәлiметтер" деген конверттi суырып, оның аузын ашады да қатысушының деректерiнiң тендердiң шарттарына сәйкестiгiмен танысу және тексеру үшiн тендер комиссиясының мүшелерiне осы ақпараттық даналарын (көшiрмелерiн) таратады.
      Тендер комиссиясының мүшелерi "Қатысушы туралы мәлiметтермен" танысып және қатысушы-жеңiмпаздың деректерiнiң тендердiң шарттарына сәйкестiгiн растаған соң төраға қатысып отырғандарға тендерге қатысушыларға қатысушы-жеңiмпаздың деректерiн жариялайды, ол Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен тендерде жеңiп алынған әуе желiсiн немесе оның пакетiн пайдалану құқығына келiсiм-шарт жасасуға құқық алады.
      41. Тендер комиссиясы отырысының тендердiң жеңiмпазын айқындау жөнiнде нәтижелерi хаттамамен ресiмделедi, оған тендер комиссиясының мүшелерi қол қояды. Тендер құжаттарымен және бағалау нәтижелерiмен хаттама Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң сақтауына берiледi.
      42. Тендер комиссиясы хаттамасының негiзiнде Көлiк және коммуникациялар министрлiгi тендер жеңiмпазымен тендерде ұтып алынған әуе желiсiн немесе оның пакетiн пайдалану хұқына келiсiм-шарт жасасады.
      43. Тендердiң кез келген қатысушысы тендер өткiзiлген күннен кейiнгi 10 жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнен жазбаша нысанда өзiнiң тендерлiк ұсыныстарының және осы тендердiң басқа қатысушылардың осындай ұсыныстарының бағалану нәтижелерiн сұрауға және алуға құқығы бар.
 
              VIII. Тендер жеңiмпаздарымен келiсiм-шарттар
                           жасасудың тәртiбi
 
      44. Тендерде ұтып алынған әуе кемесi желiсiн оның пакетiн пайдалану құқығына арналған келiсiм-шартты Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жеңiмпазбен тендерлiк ұсыныстарда көрсетiлген мерзiмде жасайды.
      45. Келiсiм-шартқа екi тарап тендер аяқталған соң 10 күннен кешiктiрмей қол қоюға тиiс және ол қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      46. Келiсiм-шартты жасау кезiнде қатысушының тендерлiк ұсыныстары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң тендерлiк құжаттарға белгiленген шарттары мен талаптары негiзге алынады.
      47. Келiсiм-шартта тараптардың құқықтары, мiндеттерi, жауапкершiлiгi, келiсiм-шартты бұзудың тәртiбi мен шарттары, сондай-ақ келiсiм-шартты орындаудың басқа да талаптары көрсетiледi.
      48. Тендер жеңiмпазының келiсiм-шарттың талаптарын орындауына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүзеге асырады.
 
           IХ. Тендерге қатысушылардан алынған қаржы қаражатын
                          пайдаланудың тәртiбi
 
      49. Тендерге қатысушылардан алынған қаржы қаражатын Қазақстан

 

Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi тендер құжаттарын

әзiрлеу мен ресiмдеуге және ашық тендердi өткiзуге байланысты

шығындарды жабуға пайдаланады.

     50. Тендерлiк құжаттарды әзiрлеу мен ресiмдеуге және ашық

тендердi өткiзудi ұйымдастыруға тартылған заңды тұлғалардың

шығындарына немесе жеке тұлғалардың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан

Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жасасқан

шарттарға сәйкес жүргiзiледi.

                           Х. Дауларды шешу

     51. Осы Ережемен реттелмеген барлық мәселелер бойынша дауларды

тараптар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында

белгiленген тәртiппен шешедi.

                                        Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                        1997 жылғы 8 тамыздағы

                                            N 1239 қаулысына

                                             қосымша

                     ТЕНДЕРЛIК КОМИССИЯНЫҢ ҚҰРАМЫ

     Лавриненко Ю.И.    - Қазақстан Республикасының Көлiк және

                          коммуникациялар министрi, төраға

     Әбдiкамалов О.А.   - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң

                          Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару

                          департаментi директорының орынбасары

     Сәлiмов Б.У.       - ӘКП және АА қызметi жөнiндегi комитеттiң

                          төрағасы, хатшы

     Әшiмов Н.С.        - Қазақстан Республикасының Экономика және

                          сауда вице-министрi

     Бәйiшев К.С.       - Қазақстан Республикасының Экология және

                          биоресурстар вице-министрi

     Бижанов Н.К.       - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар

                          жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының

                          орынбасары

     Ыдырысов Е.Ә.      - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер

                          министрiнiң орынбасары

     Құлназаров С.Д.    - "Казаэронавигация" РМК бас директорының

                          орынбасары

     Кравченко Ю.А.     - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi

                          Кеңсесiнiң Үкiметi шешiмдерiн әзiрлеудi

                          үйлестiру бөлiмiнiң консультанты

     Молдахметов Н.С.   - Қазақстан Республикасының Әдiлет

                          вице-министрi

     Оразбақов Ғ.I.     - Қазақстан Республикасының Көлiк және

                          коммуникациялар министрлiгi Инвестицияның

                          экологиялық саясат және сыртқы байланыстар

                          департаментiнiң директоры





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады