1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесе отырып 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде "Алматы қаласының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң қарауына енгiзсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Алматы қаласы әкiмiнiң астананың Ақмола қаласына көшiрiлуiне байланысты бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiн теңгеру жөнiндегi ұсынысын қарасын және келiсiлген жоба шешiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
3. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң құрылыс және сәулет-қала құрылысын бақылау агенттiгiмен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қатысуымен (келiсiм бойынша) үстiмiздегi жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде кейiн жылжымайтын мүлiктiң кепiлдiк қорын және қалалық бағдарламаларды несиелендiру тетiгiн құрумен коммуналдық меншiкке жататын объектiлер туралы ұсыныс енгiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi шағын кәсiпкерлiктi қолдау және жұмыспен қамту қорларынан астананың Ақмола қаласына көшiрiлуi салдарынан жұмыссыздық деңгейiн төмендету үшiн шағын кәсiпкерлiк саласында жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етуге тиiсiнше қаражат бөлсiн.
5. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң аймақтардың жұмысын үйлестiру және Үкiмет шешiмiн әзiрлеудi үйлестiру бөлiмдерiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi