Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде отын босату нормалары, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерiн және байланыс қызметтерiн тұтыну туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 19 тамыздағы N 1266 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру кезiнде босату (тұтыну) нормалары мынадай мөлшерде:
      тамақ дайындауға, шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарға арнап су жылытуға арналған газ - 1-қосымшаға сәйкес;
      жылытуға арналған қатты, сұйық отын және газ - 2-қосымшаға сәйкес;
      суық және ыстық су, пайдаланылған суларды ағызу - 3-қосымшаға сәйкес;
      орталықтандырылған жылу жүйесiне қосылған тұрғын үйлердi жылытуға арналған жылу ағыны - 4-қосымшаға сәйкес;
      электр қуатын - жеңiлдiктердi пайдалануға құқығы бар бiр азаматқа айына 45 квт.сағат, ал электр плиталармен жабдықталған үйлерде тұратындарға - 70 квт. сағат мөлшерiнде белгiленсiн.
      2. Айына 150 минут мөлшерiнде сөйлесудiң уақытын есептеуге ауыстырылған абоненттер бойынша телефонды пайдалану уақытының жеңiлдетiлген нормалары тағайындалсын (қалааралық және халықаралық сөйлесулерден басқа).
      3. 5-қосымшаға сәйкес шартты отынды қатты, сұйық отынға және газға аударудың коэффициентi тағайындалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi 1997 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде түрлi үлгiдегi үйлердi және температуралық аймақтарды жылытуға арналған жылу ағындарын (Вт) орташа қажеттiлiктi есептеудiң әдiстемесiн, сондай-ақ жылу ағындарының өлшем бiрлiгiн (Вт) жылу қуатының өлшем бiрлiгiне (Гкал) көшiру әдiстемесiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      5. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi жасаған әдiстеме негiзiнде 1997 жылдың 1 қазанына дейiн жеңiлдiктер беру үшiн жылу қуатын (Гкал-да) тұтыну нормаларын бекiтсiн;
      тұрғын үйлердi ұстауға арналған шығындар бойынша жеңiлдiктер немесе ақшалай төлем түрiндегi жеңiлдiктер беру кезiнде ескерiлетiн және тұрғын үй қорының тозу дәрежесiн есептей отырып, бiрақ бәсеке рыногында қалыптасқандағыдан жоғары емес, бекiтiлген жұмыс түрлерi бойынша тарифтер шегiндегi жұмыстардың тiзбесiн бекiтсiн;
      лифтiмен қызмет көрсетулерге және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға ақы төлеу бойынша жеңiлдiктер, қолданылып жүрген тарифтердiң бекiтiлген тәртiптерiмен берiлсiн.
      6. Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бұған құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй-коммуналдық қызметтер мен қатты, сұйық отындар бойынша жеңiлдiктер немесе ақшалай төлемдер түрiндегi жеңiлдiктер беру белгiленген босату (тұтыну) нормаларын ескере отырып және тұрғын үй заңдарымен тағайындалған, бiр адамға арналып мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудiң баламдық нормасындағы тұрғын үй нормасы шегiнде, егер қолданылып жүрген заңдарда өзгеше көзделмесе, бiрақ нақтылы орналасқан пайдалы алаңнан артық емес және қызметтердi нақтылы пайдалану шегiнде берiлсiн.
      Коммуналдық қызметтердi және байланыс қызметтерiн тұтынуды есептейтiн құралдарды орнатқанға дейiн оларды төлеу бойынша жеңiлдiктер беру қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тарифтер мен мөлшерде, белгiленген тәртiппен жүргiзiлсiн. Егер тарифтердi есептеу кезiнде қабылданған коммуналдық қызметтердi тұтыну нормалары осы қаулымен бекiтiлгеннен жоғары немесе төмен болса, жеңiлдiктерге құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша өтемақылар немесе шегерiп есептеулер жүргiзiлмейдi.
      7.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.01.31. N 161 қаулысымен.
      8. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақ ССР-iнде халықты отынмен жабдықтау тәртiбi туралы ереженi және Халыққа отын босатудың бiрыңғай нормаларын бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1987 жылғы 9 қыркүйектегi N 414 қаулысы (Қазақ ССР ҚЖ, 1987 ж., N 22, 91-құжат);
      "Халыққа жеңiлдiктi жағдайда газ жiберу нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қаңтардағы N 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 4, 20-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң         
1997 жылғы 19 тамыздағы    
N 1266 қаулысына     
1-қосымша      

Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына тамақ даярлауға, шаруашылық-тұрмыстық қажеттерi үшiн су жылытуға арналған газды босатудың нормалары

____________________________________________________________________
                                       Табиғи газ   |   Сұйытылған
                                       (текше.м.)   |    газ (кг) 
____________________________________________________|_______________
Тамақ даярлауға, шаруашылық-тұрмыстық |             |             
қажеттер үшiн су жылыту үшiн газды    |             |           
босатудың айына 1 адамға арналған     |             |             
жылдық орташа нормалары               |             |             
______________________________________|_____________|_______________
газ плиталары мен орталық ыстық       |             |             
сумен жабдықтау бар болған жағдайда*  |     10      |      4,8     ______________________________________|_____________|_______________
газ плиталары бар, орталық ыстық      |             |             
сумен жабдықтау және газбен су        |             |             
жылыту болмаған жағдайда*             |    12,5     |      8,2    
______________________________________|_____________|_______________
газ плиталары, газбен су жылыту       |             |             
бар және орталық ыстық сумен жабдықтау|             |            
болмаған жағдайда                     |    18,5     |     13,7   
______________________________________|_____________|_______________
моншада қосымша газбен су жылыту      |             |            
(жану ошағы) бар болған жағдайда      |     8,5     |              ______________________________________|_____________|_______________

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
1997 жылғы 19 тамыздағы  
N 1266 қаулысына    
2-қосымша    

Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына 1 ш.м. пайдалы алаңды жылытуға  жеңiлдiк берiлген жағдайда қатты, сұйық отынды және газды босату нормалары

____________________________________________________________________
     Облыстардың атаулары          |   1 ш.м. арналған шартты     
                                   |     отынның килограмы        
___________________________________|________________________________     Ақмола                        |            78                
___________________________________|________________________________     Ақтөбе                        |            75                
___________________________________|________________________________
     Алматы                        |            60,5               ___________________________________|________________________________
     Атырау                        |            67                
___________________________________|________________________________
     Шығыс Қазақстан               |            77,9              
___________________________________|________________________________
     Жамбыл                        |            55,3              
___________________________________|________________________________
     Батыс Қазақстан               |            72,8              
___________________________________|________________________________
     Қарағанды                     |            75,1              
___________________________________|________________________________     Қызылорда                     |            66,8              
___________________________________|________________________________
     Қостанай                      |            78                
___________________________________|________________________________
     Маңғыстау                     |            53,7              
___________________________________|________________________________
     Павлодар                      |            78                 ___________________________________|________________________________
    Солтүстiк Қазақстан           |            78,8                ___________________________________|________________________________
    Оңтүстiк Қазақстан            |            50,8               
___________________________________|________________________________     Алматы қаласы                 |            60,5              
___________________________________|________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 19 тамыздағы 
N 1266 қаулысына   
3-қосымша   

Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеңiлдiктерге құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттарына суық және ыстық суларды, пайдаланылған суларды жiберудi тұтыну нормалары

      I. Суық және ыстық суларды тұтыну нормалары

____________________________________________________________________
N |                               |Тәулiгiне 1 адамға арналған
р/с|      Пәтерлердiң үлгiлерi     |пайдалану нормасы, литр
___|_______________________________|________________________________
   |                               |  суық су    | ыстық су
___|_______________________________|_____________|__________________
1 |              2                |      3      |      4
___|_______________________________|_____________|__________________
  1 Пәтер үлгiсiндегi тұрғын үйлер:
     - су құбырымен және канализа.
     циямен, ваннасыз                     95
____________________________________________________________________
     - газбен жабдықталған               120
____________________________________________________________________
     - су құбырымен, канализа.
     циямен және қатты отынмен
     жұмыс iстейтiн, жылытқыш
     ванналары бар                       150
____________________________________________________________________
     - су құбырымен, канализа.
     циямен және газбен жылыты.
     латын ванналары бар                 190
____________________________________________________________________
     - тез жылытатын газды
     жылытқыштармен және көп
     нүктелi су таратқыштарымен          210
____________________________________________________________________
     - орталықтандырылған ыстық
     сумен, қол жуғыштар, ыдыс
     жуғыштар және бүрiкпелермен
     жабдықталған                        110             85
____________________________________________________________________
     - бүрiкпелермен жабдықталған,
     отыратын ванналармен                140             90
___________________________________________________________________
     - бүрiкпелермен жабдықталған,
     ұзындығы 1500-ден 1700 мм
     дейiнгi ванналармен                 145            105
____________________________________________________________________
     - орталықтандырылған ыстық
     сумен жабдықталған және
     тұрмысқа қолайландыруды барынша
     қажет ететiн биiктiгi 12 қабаттан
     жоғары                              170            115
____________________________________________________________________
     2. су тарату колонкаларынан
     құрылыс салу аудандары
     үйлерiнiң суды пайдалануы            50
____________________________________________________________________
     II. Пайдаланылған суларды жiберу нормалары

     Пайдаланылған суларды жiберу нормалары тәулiгiне 1 адамға арналған суық және ыстық суларды пайдалану нормаларының жиынтығымен, су құбырларымен жабдықталған үйлер бойынша айқындалады.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 19 тамыздағы 
N 1266 қаулысына   
4-қосымша   

Жалпы алаңы qo Вт 1ш.м. үшiн тұрғын үй ғимараттарын жылытуға арналған жылу ағынын пайдалану нормалары

____________________________________________________________________
Тұрғын үй  |Ғимараттар.|tо С жылытуды жоспарлауға арналған сыртқы
құрылыс.   |дың сипат. |ауаның есептi температурасы
тарының    |тамасы     |____________________________________________
қабаттылығы|           | -5 | -10| -15| -20| -25| -30| -35| -40| -45
___________|___________|____|____|____|____|____|____|____|____|____
           |           |
           |           |  1985 жылға дейiн салынған құрылыстар үшiн
           |           |
1-2        |Энергияны  | 148  154  160  205  213  230  234  237  242
3-4        |үнемдеу    |  95  102  109  117  126  134  144  150  160
5 және     |жөнiндегi  |  65   70   77   79   86   88   98  102  109
одан       |шараларды  |
жоғары     |есепке     |
           |алмағанда  |
           |           |
1-2        |Энергияны  | 147  153  160  194  201  218  222  225  230
3-4        |үнемдеу    |  90   97  103  111  119  128  137  140  152
5 және     |жөнiндегi  |
одан       |шараларды  |  65   69   73   75   82   88   92   96  103
жоғары     |есептегенде|
           |           |  1985 жылдан кейiн салынған құрылыстар үшiн
           |           |
1-2        |Жаңа       | 145  152  159  166  173  177  180  187  194
3-4        |үлгiдегi   |  74   80   86   91   97  101  103  109  116
5 және     |жобалар    |
одан       |бойынша    |  65   67   70   73   81   87   87   95  100
жоғары     |           |
___________|___________|____________________________________________

____________________________________________________________________
Тұрғын үй  |Ғимараттар.|tо С жылытуды жоспарлауға арналған сыртқы
құрылыс.   |дың сипат. |ауаның есептi температурасы
тарының    |тамасы     |____________________________________________
қабаттылығы|           |        -50          |       -55
___________|___________|____________________________________________
           |           |
           |           |  1985 жылға дейiн салынған құрылыстар үшiн
           |           |
1-2        |Энергияны  |        255                   271
3-4        |үнемдеу    |        169                   179
5 және     |жөнiндегi  |        115                   122
одан       |шараларды  |
жоғары     |есепке     |
           |алмағанда  |
           |           |
1-2        |Энергияны  |        242                   257
3-4        |үнемдеу    |        160                   171
5 және     |жөнiндегi  |
одан       |шараларды  |        109                   116
жоғары     |есептегенде|

           |           |  1985 жылдан кейiн салынған құрылыстар үшiн
           |           |
1-2        |Жаңа       |        200                   208
3-4        |үлгiдегi   |        123                   130
5 және     |жобалар    |
одан       |бойынша    |        102                   108
жоғары     |           |
___________|___________|____________________________________________

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
1997 жылғы 19 тамыздағы  
N 1266 қаулысына    
5-қосымша    

Қатты отынды табиғи отынға қайта есептегендегi коэффициенттер

      1. Табиғи газдың - 1.17
      2. Пеш отынының - 1.57
      3. Мазуттың - 1.37
      4. Көмiр - көмiр кен орындары бойынша
      (бассейндер бойынша)

____________________________________________________________________
N |Таңбасы,     |Көмiр кен орнының       |Шартты отынды қайта
р/с|технологиялық|немесе бассейнiнiң      |есептеу коэффициентi
   |тобы         |атауы                   |
___|_____________|________________________|_________________________

1   КР            Қарағанды                   0,61
2   КОКОМ         Қарағанды                   0,86
3   КСШ           Қарағанды                   0,64
4   ДР            Шұбаркөл                    0,73
5   КСНР          Екiбастұз                   0,59
6   БЗ            Майкөбең                    0,54
7   КР            Қушоқы                      0,61
8   КР            Борлы                       0,51
9   Б2            Мамыт                       0,5
10   ДР            Қаражыра                    0,6
11   Б3            Ойқарағай                   0,51
12   Б3            Алакөл                      0,5
13   Б2            Приозерное                  0,45
14   Б3            Кендiрлi                    0,58
15   Д             Таскөмiрсай                 0,59

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады