1. 1997 жылдың қыркүйегiнiң бiрiншi жартысында Үндiстанның Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерi және 1997 жылдың желтоқсанына Қазақстан Республикасының Үндiстандағы Мәдениет күндерi өткiзiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрi бiр апталық мерзiм iшiнде Үндiстаның Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерiне және Қазақстан Республикасының Үндiстандағы Мәдениет күндерiне әзiрлiк және оларды өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiн құрсын және бұл шараларға әзiрлiк пен оны өткiзудiң жоспарын Үкiметтiң қарауына енгiзсiн.
3. Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Қарағанды облыстарының әкiмдерi бұл аймақтарда Үндiстанның Мәдениет күндерi шараларын өткiзудiң бағдарламаларын әзiрлесiн. Көрсетiлген бағдарламаларды жүзеге асыру жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатыны ескерiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға арналған республикалық бюджетте 08 "Демалысты ұйымдастыру және мәдениет саласындағы қызмет" функциональдық тобы бойынша мәдениетке арналып көзделген қаражаттың есебiнен Үндiстанның Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерiн және Қазақстан Республикасының Үндiстандағы Мәдениет күндерiн өткiзуге қажеттi қаражат бөлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Үндiстанның Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерiне қатысушыларға визалық қолдау көрсетуге және Қазақстан Республикасының Үндiстандағы Мәдениет күндерiне қатысушылардың қажеттi құжаттарын рәсiмдеуге жәрдем көрсетсiн.
6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiнен Үндiстанның Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерiн бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен көрсетуi сұралсын.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi Үндiстанның Қазақстан Республикасындағы Мәдениет күндерiн өткiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелiнетiн көрмелiк экспонаттарды, фотосуреттердi, кiтаптарды, музыка аспаптарын және шараны өткiзу үшiн қажеттi болса да заттар мен бұйымдарды баж төлеуден босатсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi