Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 16, 131-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
атауы мен 2, 5, 6, 8, 10-тармақтарындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметiн", "тұрғын үй-коммуналдық қызметке" деген сөздер "коммуналдық қызметiн", "коммуналдық қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
екiншi абзацта:
"өтемдiк шаралармен" деген сөздерден кейiн "бiрақ iс жүзiнде орналасқан жалпы алаң мен тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығындардың нормативтерiнен артық емес" деген сөздермен толықтырылсын;
"және тұрғын үй-коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы қызметi есепке қабылдайтын тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерiн облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi айқындайды";
аталған қаулымен бекiтiлген Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын берудiң тәртiбi туралы Уақытша ережеде:
атауы мен 1, 2, 8, 15, 17-тармақтарындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге", "тұрғын үй-коммуналдық қызметтердi" деген сөздер "коммуналдық қызметтерге", "коммуналдық қызметтердi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi абзацында:
"өтемдiк шаралармен" деген сөздер "бiрақ iс жүзiнде тұратын жалпы алаңнан артық емес" деген сөздермен толықтырылсын;
"нормативтерi" деген сөзден кейiн "тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға арналған шығыстар" деген сөздермен толықтырылсын;
"тұрғын үй-коммуналдық қызметтерiн тұтыну" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақтың екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi есепке қабылдайтын тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстардың мөлшерi мен коммуналдық қызметтердi (сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыстарды әкету және лифтiлерге қызмет көрсету) тұтынудың нормативтерiн облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi белгiлейдi";
6-тармақтың екiншi абзацында:
"жұмыспен қамту қызметiнде" деген сөздерден кейiн "жұмыссыз ретiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
"немесе" деген сөзден кейiн "3 жасқа дейiнгi, сондай-ақ кiшi баласы бiрiншi сыныпты (бiрақ 9 жастан аспаған) бiтiргенге дейiнгi төрт және одан да көп балаларды тәрбиелеумен шұғылданушы" деген сөздермен толықтырылсын;
"14 жасқа дейiнгi" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта:
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерi тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтер үшiн iс жүзiнде есептелген ақының сомаларынан аса алмайды";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Тұрғын үй жәрдемақысы ақшалай төлем түрiнде белгiленедi.
Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерiнiң жергiлiктi бюджеттерден осы мақсатқа бөлiнген қаражаттың есебiнен, азаматтардың салымдары бойынша шоттарға есептеуi жолымен тiзiмдерiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң келiсiмi бойынша Қаржы министрлiгi бекiтетiн, екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi тиiстi банктер) арқылы жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
Тұрғын үй жәрдемақыларын төлеудiң тәртiбi мен шарттары тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi мен тиiстi банктердiң арасында жасалған агенттiк келiсiмдермен айқындалады.
Қазақстан Республикасының тиiстi банктердiң филиалдары жоқ елдi мекендерiнде көрсетiлген төлемдер агенттiк келiсiмдердiң негiзiнде тұрғын үй жәрдемақысы қызметтерi айқындаған органдар арқылы жүргiзiледi";
10-тармақтың екiншi абзацындағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтер" деген сөздер "коммуналдық қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақыларын берумен байланысты шығыстарды өтеудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi айқындайды";
аталған қаулымен бекiтiлген тұрғын үй жәрдемақысы қызметi туралы үлгi ережеде:
6, 7-тармақтардағы "тұрғын үй-коммуналдық қызметтер" деген сөздер "коммуналдық қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi