Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 29 тамыз N 1309

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1997 жылғы 2 маусымда Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметi арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмi туралы Өзбекстан тарапын хабардар етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының
Үкiметi арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау
туралы
КЕЛIСIМ

(1997 жылғы 8 қыркүйекте күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi
      екi мемлекеттiң өзара пайдасы үшiн олардың арасындағы барынша кең экономикалық ынтымақтастыққа ұзақ мерзiмдi негiзде жәрдемдесуге тiлек бiлдiре отырып,
      бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетi инвесторларының инвестициялары үшiн екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тиiмдi жағдайлар құру және сақтау мақсатында инвестицияларды көтермелеу және қорғау қажеттiлiгiн тани отырып,
      инвестициялардың қалыпты негiзгi экономикалық ресурстарды пайдаланудың барынша тиiмдiлiгiн және өндiргiш күштердi дамытуды қамтамасыз етедi деп келiсе отырып,
      мына төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:

1-бап
Жалпы айқындамалар

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
      1. "Инвестор" терминi мыналарға тарайды және құрамына:
      а) Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң заңды тұлғаларын;
      б) Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарын, азаматтар бiрлестiктерiн және азаматтығы жоқ адамдарды қамтиды.
      2. "Инвестициялар" терминi бiр Уағдаласушы Тарап инвесторларының пайда (табыс) табу мақсатында екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағына жұмсайтын кез келген мүлiк құндылықтарының түрi мен оған деген құқықтарды, сондай-ақ интеллектуалдық меншiк құқықтарын бiлдiредi және iшiнара, бiрақ толық емес түрде мыналарды:
      а) қозғалмалы және қозғалмайтын мүлiктi және оған байланысты мүлiктiк құқықты;
      б) ақша қаржыларын, акцияларды, салымдарды және басқа да құнды қағаздарды және Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының заңдарына сәйкес тiркелген кәсiпорындарға, акционерлiк қоғамдарға, шаруашылық серiктестiктерiне, бiрлестiктерге және өзге де заңды тұлғаларға қатысудың кез келген нысандарын;
      в) инвестицияларды жүзеге асыруға байланысты, экономикалық құндылығы бар ақшалай талаптар мен өзге де құқықтар;
      г) авторлық құқықтарды, өнертапқыштық, патенттер, өнеркәсiптiк жобалар және үлгiлер, сауда белгiлерi, фирмалық атаулар, өндiрiлген орнының көрсеткiштерi, технологиялар, ноу-хау тәрiздi интеллектуалдық және өнеркәсiптiк меншiк құқықтарын және басқаларды;
      д) жердi (соның iшiнде жалдау негiзiнде) және табиғи ресурстарды иелену және пайдалану құқықтарын қамтиды.
      3. Инвестициялау орны бойынша Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес жүзеге асырылған инвестициялар нысандарының өзгеруi оның инвестиция ретiндегi сипатын өзгертпейдi.
      4. "Заңды тұлғалар" терминi бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес құрылған және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын кез келген заңды тұлғаны бiлдiредi.
      5. "Азаматтар" терминi бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдары бойынша азаматтығы және құқықтық қабiлетi бар, оның аумағында немесе шетелде тұрақты тұратын және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын адамдарды бiлдiредi.
      6. "Азаматтығы жоқ адамдар" терминi бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын, кәсiпкерлiк қызмет жүргiзу үшiн осы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарына сәйкес тiркелген және екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын азаматтығы жоқ адамдарды бiлдiредi.
      7. "Табыстар" терминi толық түрде емес, олардың осы баптың 2-тармағында белгiленгенiндей пайда, проценттер, дивидендтер, роялти, лицензиялық және комиссиондық сыйақылар, техникалық көмек, техникалық қызмет көрсету үшiн төлемдер және басқа да нысандағы сыйақылар түрiндегi, инвестициялар нәтижесiнде алынған қаржыларды бiлдiредi.
      8. "Аумақ" терминi тиiсiнше Уағдаласушы Тараптың мемлекетi халықаралық құқық нормаларына сәйкес өзiнiң егемендi құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыратын аумақты бiлдiредi.

2-бап
Инвестицияларды көтермелеу және қорғау

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң заңдарына сәйкес өз мемлекетiнiң аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың мемлекетi инвесторларының инвестицияларына рұқсат ететiн және оларды көтермелейтiн болады, сондай-ақ бұл инвестицияларға толық және сөзсiз түрде құқықтық қорғау кепiлдiгiн беретiн болады.
      2. Өз мемлекетiнiң заңдары шеңберiнде әрбiр Уағдаласушы Тарап өзара инвестициялардың сан алуан нысандарын қолдайтын, оларды өз мемлекетiнiң аумағында қорғауды қамтамасыз ететiн болады және олардың жұмыс iстеуiне, пайдаланылуына және жұмсалуына қатысты заңсыз басқару шараларын қолдану жолымен бұл инвестицияларға қысым көрсетпейтiн болады.
      3. Егер Уағдаласушы Тарап осы Келiсiм шеңберiнде өз мемлекетiнiң аумағына инвестициялауға рұқсат беретiн болса, онда осы Уағдаласушы Тарап өз мемлекетiнiң заңдарына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторларына осындай инвестицияларға байланысты қажеттi рұқсаттар беретiн болады.

3-бап
Ұлттық режим және мейлiнше қолайлылық режимi

      1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi инвесторларының инвестициялары мен табыстарына өз мемлекетiнiң аумағында оның өз инвесторларының инвестициялары мен табыстарына және/немесе кез келген үшiншi бiр мемлекет инвесторларының инвестициялары мен табыстарына беретiн режимнiң қолайлылығынан ешқандай да кем емес, әдiлеттi және тең құқықты режим жасайды.
      2. Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторлары жүзеге асыратын инвестицияларға қатысты оның ұлттық заңдары мен осы Келiсiмнен туындайтын кез келген мiндеттемелердi орындайтын болады.
      3. Осы Келiсiмнiң барынша қолайлы жағдай жасау принципiне байланысты ережелерi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторларына мыналардан:
      а) қазiргi кезде бар немесе болашақта болуы мүмкiн кедендiк, валюталық және төлемдiк одақтардан, еркiн сауда және бiрыңғай тарифтер аймағынан, ортақ рыноктан немесе Уағдаласушы Тараптардың бiреуi қатысушысы болып табылатын немесе болуы мүмкiн аймақтық экономикалық интеграция туралы келiсiмдердiң кез келген өзге де нысандарынан;
      б) қосарлы салық салуды және салық төлеудi болдырмау туралы келiсiмдерден немесе салық салу мәселелерi жөнiндегi басқа да халықаралық келiсiмдерден туындайтын преференциялардың немесе артықшылықтардың жеңiлдiк режимiн қолдануына мiндеттейтiнi тәрiздi түсiндiрiлмеуге тиiстi.

4-бап
Басқа ережелердiң қолданылуы

      Егер бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарындағы ережелерде немесе осы Келiсiмге қосымша қазiргi кезде бар немесе алдағы уақытта жасалатын, халықаралық құқықпен байланысты мiндеттемелерде екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторларының инвестицияларына осы Келiсiмде берiлген режимнен гөрi барынша қолайлы режим жасау туралы жалпы немесе ерекше сипаттағы ережелер болатын болса, осы ережелер өзiнiң сол барынша қолайлы күйiнде осы Келiсiммен салыстырғанда басымдыққа ие болып табылады.

5-бап
Аударымдар

      1. Оның мемлекетi аумағында осы инвесторлардың тиiстi салықтарды, баждарды және алымдарды төлегеннен кейiн екiншi Уағдаласушы Тараптың мемлекетi инвесторларының инвестицияларын жүзеге асырған Уағдаласушы Тарап осы инвестицияларға байланысты төлемдердiң, iшiнара, бiрақ толық емес түрде мыналардың:
      а) осы Келiсiмнiң 1-бабының 7-тармағында белгiленгенiндей, проценттердiң, дивидендтердiң, пайдалардың және басқа да ағымдағы табыстардың;
      б) екi Уағдаласушы Тарап та инвестиция ретiнде таныған заемдарды өтейтiн сомалардың;
      в) осы Келiсiмнiң 1-бабының 2-тармағында көзделген құқықтардан туындайтын лицензиялық түсiмдердiң және басқа да төлемдердiң;
      г) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жүзеге асырылатын инвестицияларды ұстауға немесе дамытуға, сондай-ақ басқаруға қажеттi қаржылар сомасының және қосымша сомалардың;
      д) инвестицияларды иелiгiнен алудан, iшiнара немесе толық жоюдан, соның iшiнде капиталдың өсiмiнен алынатын түсiмдердiң;
      е) екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жүзеге асырылатын инвестицияларға байланысты бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң азаматтары алатын еңбек жалақысының;
      ж) осы Келiсiм баптарына сәйкес берiлуге тиiстi өтемақылардың және осы Келiсiм шеңберiндегi кез келген инвестициялық дауларға байланысты басқа да төлемдердiң кедергiсiз аударылымын қамтамасыз етедi.
      2. Аударымдар инвестиция жүзеге асырылған валютамен немесе еркiн айналыстағы валютамен аударылым жасалған күнi қолданылатын бағам бойынша және аумағында инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарында көзделген процедураға сәйкес себепсiз кешеуiлдетпей жүзеге асырылатын болады.
      3. Осы баптың 1, 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Тарап оның мемлекетiнiң заңдарының әдiлеттi, кемсiтушiлiксiз негiзде қолданылу шарты бойынша:
      а) банкроттыққа, төлем қабiлетсiздiгiне немесе кредиторлар құқығын қорғауға;
      б) қылмыстық iстерге немесе әкiмшiлiк қылмыстарға;
      в) тәртiппен немесе сот iстерiнiң шешiмдерiмен сәйкессiздiк туындаған жағдайларға байланысты аударымды шектей алады.
      4. Осы бапта көрсетiлген және бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторлары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында инвестицияларды жүзеге асыру нәтижесiнде инвестициялау орны бойынша табыс көздерiнен алған кез келген валютадағы табыстар мен басқа да сомалар соңғы Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында оның заңдарына сәйкес басқа мақсаттарда реинвестициялана немесе пайдаланыла алады.
      5. Уағдаласушы Тараптар мемлекеттерiнiң валюталарын және басқа да мемлекеттердiң валюталарын, төлем құжаттарын, құнды қағаздарын әкелу және әкету инвестициялар жүзеге асырылған орны бойынша Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң заңдарымен реттеледi.

6-бап
Меншiк құқығынан айыру мен шектеу және
шығындар үшiн өтемақы

      1. Уағдаласушы Тараптар екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторларын тиесiлi инвестицияларға қатысты тiкелей немесе жанама түрде, егер олар мыналарға:
      а) заңдық тәртiпте жүзеге асырылатын, қоғамдық мүдде үшiн қолданылатын шараларға;
      б) кемсiтушiлiксiз сипаттағы шараларға байланысты болмаса, иелiгiнен алу, национализациялау жөнiндегi iс-әрекеттерге немесе тап сондай сипаттағы яки тең дәрежелi салдары болатын басқада iс-әрекеттерге бармайтын болады.
      2. Осы баптың 1-тармағының а), б) тармақшаларында көзделген жағдайлардың салдарынан инвестицияларды алып қоюды жүзеге асырған Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторларына әдiлеттi және тиiмдi өтемақының берiлуiн қамтамасыз етедi. Мұндай өтемақы алынып қойылғанға дейiнгi жағдайы бойынша немесе алып қою туралы шешiм мәлiм болған сәтке дейiнгi (бұрынырақта қандай жағдай болатынына байланысты) белгiленген, алынып қойылған инвестициялардың нарықтық құнына сәйкес келетiн болады, алынып қойылған күнге дейiнгi алты айлық депозиттiң Libоr+0 ставкасы бойынша есептелетiн алынып қойылған инвестициялар құнының проценттерiн қамтитын және еркiн аударылуға жататын болады. Шығынды жабу сомасы инвестициялар жүзеге асырылған валютамен немесе еркiн айналыстағы валютамен белгiленуге тиiс және инвесторға оның орналасқан немесе тұратын жерiне қарамастан, себепсiз кешеуiлдетпей төленуге тиiс. "Себепсiз кешеуiлдетпей" төлем жасау деп аударымға байланысты формальды iс-әрекеттердi орындау үшiн қалыпты түрде қажет уақыт iшiнде жүзеге асырылған аударым есептелетiн болады. Бұл кезең бойынша есептеу өтiнiш берген күннен басталады және үш айдан аспауға тиiс.
      3. Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында орын алған соғыстың немесе басқа да әскери қақтығыстың, революцияның, төтенше жағдайдың, төңкерiстiң, азаматтық толқулардың немесе басқа да осындай жағдайлардың салдарынан инвестициялары шығынға ұшыраған Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң мемлекетi инвесторларына өтемақы, реституция немесе басқа да құнын өтеу өз инвесторларына немесе кез келген үшiншi мемлекет инвесторларына жасалатын жағдайлардан ешқандай да кем емес қолайлы жағдайда жүргiзiлетiн болады.
      4. Бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторлары түспей қалған пайдаларды қоса алғанда, бiрiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторларына немесе осы инвестицияларымен бiрге кәсiпорындарына қатысты осы Уағдаласушы Тараптың мемлекеттiк органдарының немесе лауазымды адамдарының инвестициялау орны бойынша мемлекеттiң заңдарына қайшы келетiн iс-әрекеттерiнiң нәтижесiнде, сондай-ақ осындай органдардың немесе лауазымды адамдардың заңда көзделген мiндеттерiн тиiстi түрде орындамауы салдарынан екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында өздерiнiң инвестицияларына келтiрiлген шығындардың орнын толтыруға құқылы.

7-бап
Суброгация

      1. Егер бiр Уағдаласушы Тарап немесе оның өкiлеттi институттары екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында жүзеге асырылған өз инвесторларының инвестициясына қатысты коммерциялық емес тәуекелге қандай да бiр қаржы кепiлдiктерiн берген болса және осы кепiлдiк бойынша төлем жасаған болса, онда екiншi Уағдаласушы Тарап суброгация принципiнiң негiзiнде осылайша түрде сақтандырылған инвестицияларға байланысты осы инвесторлардың мiндеттемелерiне қатысты ескертпелерiмен бiрге бұл инвесторлар құқықтарының, соның iшiнде талап ету құқықтарының толық түрде бiрiншi Уағдаласушы Тарапқа немесе оның өкiлеттi институттарына ауысқандығын таниды.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген суброгация жағдайында инвестор, егер оған Уағдаласушы Тарап немесе оның өкiлеттi институты өкiлдiк бермеген болса, талаптар қоймайтын болады.
      3. Екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторының дауда бiр Тарап болып табылатын Уағдаласушы Тарап оны шешу процесiнiң күллi кезеңiнде немесе ол бойынша шешiмдi орындау кезеңiнiң iшiнде соңғы Уағдаласушы Тараптың немесе оның өкiлеттi институттарының кепiлдiгiнiң берiлуiн көздемейтiн және келтiрiлген шығындардың немесе зиянның барлық көлемiн немесе бiр бөлiгiн жабатын сақтандыру контрактiлерi бойынша тиесiлi шығындар өтемiн инвестордан алуға немесе қорғану ретiнде өзiнiң иммунитетiне сүйенуге тиiс емес.

8-бап
Консультациялар

      Әрбiр Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарапқа осы Келiсiмдi түсiндiруге немесе қолдануға байланысты кез келген себеп бойынша консультация өткiзудi ұсына алады. Екiншi Уағдаласушы Тарап ұсынысқа түсiнiстiкпен қарайтын болады және мұндай консультациялар үшiн тиiстi мүмкiндiк жасайды.

9-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы дауларды шешу

      1. Уағдаласушы Тараптар арасындағы осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға байланысты даулар дипломатиялық арналар бойынша келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiлетiн болады.
      2. Егер Уағдаласушы Тараптар дау туындаған сәттен бастап алты айдың iшiнде келiсiмге қол жеткiзе алмаса, онда Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша дау құрамы үш адамнан тұратын Төрелiк Соттың қарауына тапсырылатын болады. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы бiр-бiр арбитрден тағайындайды, ал тағайындалған арбитрлер екi Уағдаласушы Тарап мемлекеттерiмен де дипломатиялық қатынастар орнатқан үшiншi бiр мемлекеттiң азаматы болып табылатын Төрағаны сайлайды.
      3. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуi өз арбитрiн тағайындамайтын болса және екiншi Уағдаласушы Тараптың мұндай тағайындауды екi айдың iшiнде өткiзуге шақырған ұсынысымен келiспесе, соңғы Уағдаласушы Тарап БҰҰ Халықаралық Сотының Президентiне оның қажеттi тағайындауды жүргiзуi үшiн өтiнiш жасай алады.
      4. Егер екi арбитр де олардың тағайындалғанынан кейiн екi айдың iшiнде Төрағаны сайлауға байланысты келiсiмге келе алмаса, онда Уағдаласушы Тараптардың кез келгенi БҰҰ Халықаралық Сотының Президентiне қажеттi тағайындауды жүргiзу туралы өтiнiш жасай алады.
      5. Егер осы баптың 3, 4-тармақтарында көрсетiлген жағдайдағыдай, БҰҰ Халықаралық Сотының Президентi аталған қызметтi орындай алмайтын болса немесе, егер ол Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң мемлекетiнiң азаматы болып табылатын болса, онда мұндай тағайындауды Президенттiң орынбасары жүргiзедi, ал егер ол да тиiстi қызметiн орындай алмайтын болса немесе Уағдаласушы Тараптардың бiреуi мемлекетiнiң азаматы болып табылатын болса, онда тағайындауды Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысының да мемлекетiнiң азаматы болып табылмайтын, БҰҰ Халықаралық Сотының лауазымы жағынан келесi үлкен мүшесi жүргiзетiн болады.
      6. Сот шешiм қабылдаудан бұрын ол өз жұмысының кез келген сатысында Уағдаласушы Тараптарға дауды достық жолымен шешудi ұсына алады. Егер Уағдаласушы Тараптар солай деп шешкен болса, алдыңғы ережелер дауды шешуге кедергi келтiрмейтiн болады.
      7. Уағдаласушы Тараптар арасындағы басқа да уағдаластықтарды бұзбастан, сот өзiнiң процедуралық ережелерiн белгiлейдi. Сот шешiмдi көпшiлiк дауыспен қабылдайтын болады.
      8. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өзiнiң Соттағы мүшесiн ұстауға, сондай-ақ Төрелiк Сот процедурасындағы өзiнiң үлесiне сәйкес шығындарды көтередi. Төрелiк Сот Төрағасын ұстау жөнiндегi шығындарды және басқа да шығындарды Уағдаласушы Тараптар теңдей бөлiп көтередi. Алайда Сот өз шешiмiнде Уағдаласушы Тараптардың бiреуiне шығындарды жабуда барынша жоғары мөлшер белгiлей алады, сондай-ақ бұл шешiм Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы үшiн мiндеттi болып табылады.
      9. Сот шешiмдерi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы үшiн ақырғы шешiм және орындауға мiндеттi болып табылады.

10-бап
Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi
инвесторының арасындағы дауларды шешу

      Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы арқылы бiрiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында олардың жүзеге асырған инвестицияларына қатысты бiр Уағдаласушы Тарап пен екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң инвесторы арасындағы туындаған кез келген заңды дауды мынадай ұйымдардың бiреуiнiң:
      а) БҰҰ Халықаралық Сотының;
      б) БҰҰ-ның Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының Арбитраждық ережелерiне сәйкес құрылған ad hoc төрелiк сотының (ЮНСИТРАЛ);
      в) егер екi Уағдаласушы Тарапта Вашингтонда 1965 жылғы 18 наурызда қол қоюға ашылған Мемлекеттер мен басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы инвестициялық дауларды шешу жөнiндегi конвенцияның қатысушылары болып табылатын болса, онда Инвестициялық дауларды шешу жөнiндегi халықаралық орталықтың қарауына ұсынуға келiсiм бередi.

11-бап
Қолданылатын заңдар

      1. Егер осы Келiсiмде басқаша көзделмеген болса барлық инвестициялар осы Келiсiмге сәйкес онда инвестициялар жүзеге асырылған Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында қолданылатын заңдармен реттелетiн болады.
      2. Осы Баптың 1-тармағының ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң заңдарына сәйкес кемсiтушiлiксiз негiзде жүзеге асырылатын оның өмiрлiк мүдделерiн қорғауға және ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдай алады.

12-бап
Келiсiмнiң қолданылуы

      Осы Келiсiм екiншi Уағдаласушы Тарап мемлекетi инвесторларының бiр Уағдаласушы Тарап мемлекетiнiң аумағында оның заңдарына сәйкес өндiрген инвестицияларына қатысты, олар осы Келiсiм күшiне енген сәтке дейiн немесе одан кейiн жүзеге асырылғанына қарамастан қолданылады.

13-бап
Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу

      Осы Келiсiмге Уағдаласушы Тараптардың жазбаша келiсiмi бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгiзiле алады.

14-бап
Келiсiмнiң күшiне енуi, қолданылу ұзақтығы
және күшiн тоқтатуы

      1. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң күшiне енуiне байланысты Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы мемлекеттерiнiң ұлттық заңдарында көзделген құқықтық процедуралардың орындауы туралы ноталар алмасады.
      Осы Келiсiмнiң күшiне енетiн күнi соңғы нотаны алған күн болып табылады.
      2. Осы Келiсiм он жыл бойы қолданылатын болады. Егер Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы да тиiстi мерзiм аяқталғанға дейiн 12 ай бұрын жазбаша нысанда екiншi Уағдаласушы Тарапқа осы Келiсiмнiң қолданылуын өзiнiң тоқтатқысы келетiнi туралы мәлiмдемейтiн болса, онда осы Келiсiмнiң қолданысы келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.
      3. Осы Келiсiмдi бұзған жағдайда оның ережелерi, 1-12-баптар осы Келiсiм қолданысының тоқтатылған сәтiне дейiн жүзеге асырылған инвестицияларға қатысты бұдан әрi қарайғы онжылдық кезең бойы күшiнде қала беретiн болады.
      Алматы қаласында 1997 жылғы "2" маусымда екi данада, қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмдi түсiндiру мақсатында орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.

      Қазақстан Республикасының             Өзбекстан Республикасының
           Үкiметi үшiн                          Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады