Еңбек сiңiрген жылдары үшiн және жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы тағайындауға құқық беретiн мамандықтардың, лауазымдар мен жұмыс түрлерiнiң Тiзбелерi мен Тiзiмдерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 2 қыркүйектегi N 1316. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.03. N 809 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн және жеңiлдiктi жағдайда зейнетақы тағайындауға құқық беретiн мамандықтардың, лауазымдар мен жұмыс түрлерiнiң Тiзбелерi мен Тiзiмдерi 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн қолданылу мерзiмiмен 1-10 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн. 
      2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: 
      "Денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және әлеуметтiк қамсыздандыру қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарына еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқық беретiн олар жұмыс iстеген мекемелер, ұйымдар және лауазымдар Тiзбесiн бекiту туралы" Қазақ ССР Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қыркүйектегi N 555 қаулысы; 
      "Денсаулық сақтау, халыққа бiлiм беру және әлеуметтiк қамсыздандыру қызметкерлерiнiң кейбiр санаттарына еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алуға құқық беретiн олар жұмыс iстеген мекемелер, ұйымдар және лауазымдар Тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 6 тамыздағы N 684 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 32, 369-құжат).

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

       РҚАО-ның ескертуі: Қосымшаларды орысша мәтіннен қараңыз, ресми аудармасы жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады