1. Мәдени гранттың қаражаты есебiнен алынған техникалар мен жабдықтарды мақсатты және тиiмдi пайдалануға жауапкершiлiк Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiне жүктелсiн.
2. Жапон Үкiметi қайтарусыз көмек ретiнде берген және гранттың есебiнен қаржыландырылып әкелiнетiн тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер қосылған құнға салынатын салық пен кеден төлемдерiнен босатылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Токио-Митцубиси
Жапон Банкiмен келiсiм бойынша грант шоттарына қызмет көрсетумен байланысты банктiк және iлеспе шығыстарды республикалық бюджет қаражатынан төлеудi көздесiн. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетi: аталған жобаны iске асыруды жалпы үйлестiрудi жүзеге асырсын; Токио-Митцубиси Жапон Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шотын ашсын; Жапон Үкiметi айқындаған Жапон халықаралық ынтымақтастық жүйесiнiң тәуелсiз атқарушы агенттiгiмен (JICS) келiсiм-шарт жасассын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi