Қазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау кезiнде роялтидiң ставкасын белгiлеу тәртiбiн, Үстеме табысқа салық салуды есептеу үшiн пайданың iшкi нормаларын анықтау тәртiбiн және Қазақстан Республикасында жердi пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасау кезiнде жазылу бонусын айқындау мен коммерциялық табу бонусын есептеу тәртiбiн бекiту туралы <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 қыркүйектегi N 1330. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

       ЕСКЕРТУ. Тақырыбы мен кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575  қаулысымен .
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi  Заңына   (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу процесiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: <*> 
      Қоса берiлiп отырған: 
      Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу кезiнде роялтидiң ставкаларын белгiлеу тәртiбi;
      үстеме табысқа салық салуды есептеу үшiн пайданың iшкi нормаларын анықтау тәртiбi;
      Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалануға арналған  келiсiм-шарттарды жасасу кезiнде жазылу бонусын айқындау мен коммерциялық табу бонусын есептеу тәртiбi бекітілсін. <*>

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
1997 жылғы 12 қыркүйектегi   
N 1330 қаулысымен       
бекiтiлген       

Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды жасасу кезiнде роялтидiң ставкасын белгiлеу тәртiбi I. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртiп жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарды (бұдан әрi - келiсiм-шарт) жасау кезiнде роялтидiң ставкаларын белгiлеу мәселелерiн реттейдi.
      2. Пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти төлеу тәртiбiн келiсiм-шарттарға салықтық сараптама жасауға уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Тәртiпке сәйкес келiсiм-шарттарда белгiлейдi.

II. Жалпы тараған пайдалы қазбалар мен жер асты сулары бойынша роялти ставкалары

      3. Коммерциялық мақсаттар үшiн өндiрiлетiн жалпы тараған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялти мынадай бекiтiлген ставкалар бойынша белгiленедi:
____________________________________________________________________
рет|  Пайдалы қазбаның атауы                 |  Роялти ставкасы,%  
N |                                         |                     
___|_________________________________________|______________________
1 |                     2                   |           3         
___|_________________________________________|______________________
   |                                         |                        1.|Металлургияға арналған руда емес шикiзат |           1         
___|_________________________________________|______________________
2.|Қалыптың құмдар, саз-топырақты жыныстар  |           1         
   |(дала шпаты, пегматит), әктастар,        |                     
   |доломиттер, әктасты-доломит жыныстары    |                     
___|_________________________________________|______________________
3.| Тамақ өнеркәсiбiне арналған әктастар    |           1         
___|_________________________________________|______________________
4.|Өзге де руда емес шикiзаттар             |           3,5       
___|_________________________________________|______________________
5.|Отқа төзiмдi саздар, каолин, вермикулит  |           3,5       
___|_________________________________________|______________________
6.|Ас тұзы                                  |           3,5       
___|_________________________________________|______________________
7.|Жергiлiктi құрылыс материалдары          |           4,5       
___|_________________________________________|______________________
8.|Жанартаулық кеуек жыныстар,              |           4,5       
   |жанартаулық құрамында суы бар әйнектер   |                     
   |мен әйнек тәрiздi жыныстар (перлит,      |                     
   |обсидиан), малтатас пен шағылдар,        |                     
   |шағылқұм қоспасы, гипс, гипс тас,        |                     
   |ангидрит, гажа, саз және сазды           |                     
   |жыныстар (жәй балқитын және тез балқитын |                     
   |саздар, суглинкалар, аргиллиттер,        |                     
   |алевролиттер, сазды сланецтер), бор,     |
   |мергель, мергель-бор жыныстары,          |                     
   |кремнийлi жыныстар (трепед, опоктар,     |                     
   |диатомит), кварц-дала шпатты жыныстар,   |                     
   |бут тасы, тұнба, атқылау және            |                     
   |метомарфологиялық жыныстары (гранит,     |                     
   |базальт, диабаз, мәрмәр), құм            |                     
   |(құрылыстық, кварцтық, кварц-дала-       |                     
   |шпаттық), қалыпталмайтыннан басқа        |                     
   |қиыршық, табиғи пигменттер, ұлутастар    |                     
___|_________________________________________|______________________
9.|Жерасты сулары                           |          10        
___|_________________________________________|______________________

      4. Жалпы тараған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша роялтилер барлық жер қойнауын пайдаланушылар, оның iшiнде пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiн өндiруге арналған келiсiм-шарттар жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратындар үшiн белгiленедi.

III. Пайдалы қазбалардың қалған түрлерi бойынша роялти ставкаларын белгiлеудiң тәртiбi 

      5. Осы Тәртiптiң II бөлiмiнде аталғандарды қоспағанда пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша роялти ставкалары жобаның тәуекелдiк көрсеткiштерiне, кен орнын iздеу мен әзiрлеудiң күрделiлiгiне қарай, келiсiм-шарт бойынша техника-экономикалық есептер жөнiндегi кiрiстiң iшкi есептiк нормасы 12-ден 20 процентке дейiнгi аралықта болатын мөлшерде белгiленедi. 
      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жекелеген келiсiм-шарттар бойынша кiрiстiң iшкi есептiк нормасының неғұрлым жоғары деңгейi қабылдануы мүмкiн. 
      7. Жер қойнауын пайдаланушының келiсiмiмен кiрiстiң iшкi есептiк нормасының неғұрлым төмен деңгейi белгiленуi мүмкiн. 
      8. Кiрiстiң iшкi есептiк нормасы техника-экономикалық есептердiң лицензияларында айқындалған жылдарға бөлiнiп, келiсiм-шарт қолданылатын кезеңге тұтас жасалады, ол мынадай қаржылық-экономикалық көрсеткiштердi қамтиды: 
      белгiленген, күтiлетiн және/немесе шығарылатын запастардың көлемiне, кен орны болашағының бағалауына және пайдалы қазбалардың сапалық сипаттамасына орай өнiмнiң көлемi (пайдалы қазбалардың түрлерi бойынша); 
      өндiрiстiң көлемi (өнiмнiң түрлерi бойынша); 
      сату бағасы (өнiмнiң түрлерi бойынша); 
      жиынтық табыс (өнiмнiң түрлерi бойынша және жалпы); 
      жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың техникалық жағдайларына, жабдықтардың жалпы сипаттамасына және қосымша және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына қарай күрделi шығындар, топтар бойынша салық заңдарында белгiленген амортизациялық аударымдарының тәртiбiн көрсете отырып;
      пайдалану шығыстары (негiзгi баптарды егжей-тегжейлi баяндай отырып, өндiру және өңдеу кезеңдерi бойынша);
      еңбекке ақы төлеу қоры (қызметкерлер санын көрсете отырып);
      еңбекке ақы төлеу қорының аударымдары;
      басқа да шығындар;
      салық салынатын базаны көрсете отырып, төленетiн салықтар мен төлемдер;
      кәсiпорынның билiгiнде қалатын таза пайда;
      жиынтық және таза пайданы бөлудiң құрылымы;
      жобаның қайтарымдылық мерзiмi;
      жоба бойынша жинақталатын кiрiстiң iшкi нормасы;
      тәуекелдi бағалау;
      бюджеттiк тиiмдiлiктiң бағасы.

IV. Пайдалы қазбалардың түрлерi бойынша роялти салу объектiсiнiң құнын айқындау тәртiбi

      9. Пайдалы қазбалардың түрлерi бойынша роялти салынатын объектiлердiң құны өндiрiлген пайдалы қазбалардан алынған алғашқы тауарлы өнiмнiң есептi кезеңi үшiн орташа сату бағасына қарай айқындалады.
      10. Мыналар алғашқы тауарлы өнiм болуы мүмкiн:
      1) пайдалы қазбалардың өзi:
      мұнай, табиғи газ және газ конденсаты;
      көмiр және ыстық сланецтер;
      тауарлы рудалар;
      жерасты сулары, оның iшiнде бiрiншi өңдеуден өткенi;
      слюда, асбест, құрылыс материалдарын өндiруге арналған шикiзаттар;
      металлургияға арналған руда емес шикiзаттар;
      басқа да пайдалы қазбалар, оның iшiнде бастапқы өңдеуден өткендерi;
      2) қымбат металдар - құмдағы, рудадағы, концентраттағы немесе металдағы химиялық таза металл;
      3) қара, түстi, сирек және радиоактивтi металдардың, кен-химия шикiзаттарының концентраттары;
      4) асыл тастар, жарқырауық тастар мен пьезооптикалық шикiзаттар - кондициялық өнiмнiң шығуына қарай;
      5) басқа да пайдалы қазбалар бойынша - бастапқы өңдеуден өткен минералдық шикiзат.
      11. Алтын, күмiс және платина бойынша алғашқы тауарлы өнiмнiң есептi кезеңi үшiн орташа сату бағасы Лондондағы металдар биржасында осы металдарды сатудың есептi кезеңде қалыптасқан орташа бағасының негiзiнде айқындалады. 
      12. Көмiрсутегiлер бойынша пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) есепті кезең үшiн орташа сату бағасы сату орнына дейiнгi тасымалдауға арналған iс жүзiндегі шығыстардың сомасына азайтылған жанама салықтарды есептемегендер есептi кезең үшiн көмiрсутегiлердi сатудың iс жүзiндегi қалыптасқан орташа бағасының негізiнде айқындалады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.
      13. Осы Тәртiптің 11-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) есепті кезең үшiн орташа сату бағасымен сатылмаған жағдайда, роялти салу объектiсiн есептеу үшiн ұқсас өнiмдi соңғы сатқан есептi кезеңдегі пайдалы қазбалардың (алғашқы тауар өнiмiнiң) орташа сату құны қабылданады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575  қаулысымен .
      13-1. Осы Тәртіптiң 11-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбалар (алғашқы тауар өнiмi) сатылмаған жағдайда, есептi кезең үшін роялти салу объектiсiн есептеу үшiн орташа сату бағасына пайдалы қазбаларды өндiруге iс жүзiнде қалыптасқан шығындар қабылданады. 
      Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды (алғашқы тауар өнiмiн) iс жүзiндегi сату бағасын ескере отырып, роялтиге кейiннен түзету жүргiзуге мiндеттi. <*>
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.
      14. Қалған пайдалы қазбалар бойынша алғашқы тауар өнiмiнiң есептi кезеңi үшiн орташа сату бағасы алғашқы тауар өнiмiнiң есептi кезеңi үшiн нақты қалыптасқан орташа сату бағасының негiзiнде айқындалады.

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң          
1997 жылғы 12 қыркүйектегi  
N 1330 қаулысымен       
бекiтiлген       

Үстеме пайдаға салық есептеу үшiн пайданың iшкi нормаларын анықтау тәртiбi

      1. Пайданың iшкi нормалары жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағынының инфляция индексiмен түзетiлген негiзде, Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi белгiлеген тәртiпте есептеледi. 
      2. Жер қойнауын пайдаланушының жылдық ақша ағыны жер қойнауын пайдаланушының алған жылдық жалпы жиынтық табысы мен жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың күшi шеңберiнде алған және шығарған шығысы арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады. 
      3. Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасасқан келiсiм-шартының шеңберiндегi қызметтен алған жылдық жалпы жиынтық табысының сомасы Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады. 
      4. Жер қойнауын пайдаланушының есептi жылдағы келiсiм-шарт қызметiнiң шеңберiндегi жұмсаған шығындарына шығыстардың мынадай нақты түрлерi жатады: 
      күрделi шығындар - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру барысында капиталдандырылатын және салық заңдарына сәйкес амортизацияланған шығындар (ашық кен орындары бар аумақтар бойынша жасалған келiсiм-шарттар бойынша, алғашқы жылдың күрделi шығындарына келiсiм-шарт жасалған күнгi негiзгi қорлардың қалдық құны жатады); 
      заем қаражаттары бойынша күрделi шығындар мен сыйақылар (мүдделер) бойынша есептелген амортизация сомасын қоспағанда, салық заңдарына сәйкес шегерiмдерге жатқызылатын шығындар; 
      жер қойнауын пайдаланушының табыс салығы мен есептi жылға есептелген дивидендтерге салынған салық сомалары, сондай-ақ салық заңдарына сәйкес есептелген, есептi жылға тиесiлi, бiр жылға қосым есептелген үстеме пайдаға салынатын салық сомасы. 
      5. Жылдық ақша ағынын инфляция индексiне түзету жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарт күшiне енгеннен кейiн екiншi жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тағайындаған тәртiпте жүргiзiледi. 
      Тиiстi жылға арналған инфляция индексiн уәкiлетті мемлекеттік орган айқындайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.
      6. Осы Ережеде тағайындалған пайданың iшкi нормаларын айқындау жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт бойынша үстеме пайдаға салық есептеу кезiнде, сондай-ақ инфляция индексiне ақша ағынын түзетулердi есептемей жасалған келiсiм-шарт жобаларының техникалық-экономикалық есептерiне арналған пайданың iшкi нормаларын есептеу кезiнде қолданылады.

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң            
1997 жылғы 12 қыркүйектегi    
N 1330 қаулысымен        
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарын жасасу кезiнде жазылу бонусын айқындаудың және коммерциялық табу бонусын есептеудiң тәртiбi <*>

        ЕСКЕРТУ. Тәртіб өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.10.20. N 1575 қаулысымен.

      1. Жазылу бонусы мен коммерциялық табу бонусы жер қойнауын пайдаланушылардың белгiленген төлемi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарына және осы Ережеге сәйкес келiсiм-шарт жобасының экономикасына сүйене отырып жер қойнауын пайдалану шартында белгiленедi және ақшалай түрде төленедi. <*> 
      1-1. Жазылу бонусының бастапқы мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметі немесе Құзыреттi орган айқындайды, не тендер өткiзудiң шарттары бойынша айқындалады. <*> 
      2. Коммерциялық табу бонусы жер қойнауын пайдалануды iске асырудың жеке жағдайларына сүйене отырып, тиiстi коммерциялық табу бойынша бекiтiлген (болжанылатын) алынатын қорлардың құнының кемiнде 0,05 процентi мөлшерiнде есептеледi және жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт аумағындағы әрбiр коммерциялық табу үшiн төлейдi. 
      3. <*>

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады