Елдiң табиғи ресурстарын мейлiнше тиiмдi және ұтымды пайдалану, өндiргiш күштерiн кешендi және теңдестiрiлген түрде дамыту, жер қойнауын пайдалануға шетелдiк және отандық капиталды, жаңа технологиялар мен ноу-хауды барынша тарту, менеджмент пен маркетингтiң алдыңғы қатарлы жетiстiктерiн пайдалану, инвесторлар мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының өзара iс-қимылы мәселелерiндегi айқындық пен жариялылықты қамтамасыз ету, олардың арасындағы функцияларды басы артық қайталауды жою және жер қойнауын пайдаланудағы инвестициялық қызметтi реттеудi жетiлдiру, жер қойнауын пайдалануға лицензиялар беру мен келiсiм-шарттар әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды жеделдету, олардың Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сай болуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесiп жыл сайын жер қойнауын пайдалану жөнiнде операциялар жүргiзуге лицензиялар беру үшiн Қазақстан Республикасының аумақтары учаскелерiнiң тiзбесiн белгiлесiн.<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 578
қаулысымен
.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Жер қойнауын пайдалануды лицензиялау жөнiндегi жұмыс органының функциялары жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, жалпы таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүзеге асыруға құқық алған жер қойнауын пайдаланушылармен (мердiгерлермен) келiсiм-шарттарды әзiрлеу мен жасасу жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бiрден-бiр Құзыреттi органы болып табылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне:
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiмен және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесе отырып минералдық шикiзат кешенiн дамыту үшiн тiкелей инвестицияларды тарту мен пайдаланудың стратегиясын әзiрлеу;<*>
жер қойнауын пайдалануға лицензиялар алу және (немесе) келiсiм-шарттар жасасу жөнiндегi өтiнiмдердi қарау мен қабылдау;
пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге лицензиялар алу құқығына инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу, инвестициялық тендерлер мен аукциондар ұйымдастыру;
жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарттар жасасу жөнiндегi консультанттарды таңдап алу бойынша тендерлердi ұйымдастыру мен өткiзу;
тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда тәуелсiз сарапшылар мен консультанттарды тарта отырып, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi әзiрленiп отырған келiсiм-шарттардың өндiрiстiк-техникалық, экономикалық, экологиялық, қаржылық, салықтық және өзге де шарттарына талдауды ұйымдастыру мен жүргiзу;
жер қойнауын пайдаланудағы инвестициялық жобаларды iске асыру үшiн қажеттi келiссөз және рұқсат беру құжаттарын алуды ұйымдастыру;
жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келiсiм-шарттардың қағидаларын орындауына бақылауды ұйымдастыру және мониторингтi жүзеге асыру;
жер қойнауын пайдалануға берiлген лицензиялар мен келiсiм-шарттарды тiркеу мен сақтаудың мемлекеттiк функцияларын жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiктер жүктелсiн.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.06.22. N 578
қаулысымен
.
5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiмен, Қаржы министрлігімен және Әдiлет министрлiгiмен бірлесе отырып 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн жер қойнауын пайдалануға берілген лицензиялар мен жасалған келісім-шарттарға тексеріс жүргізсін.
6. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi, Экономика және сауда министрлiгi 1997 жылдың 1 қазанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi