1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң "Қазақстан Камератасы" мемлекеттiк классикалық музыка ансамблiн құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгi бiр ай мерзiмде "Қазақстан Камератасы" мемлекеттiк классикалық музыка ансамблi" республикалық мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiтсiн, ансамбльдiң жетекшiсiн тағайындасын және мекеменi белгiленген тәртiппен тiркесiн.
3. Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгi ансамбльдi қаржыландыруды 1997 жылға арналған республикалық бюджетте 08 функционалдық топ (11-бағдарлама, 36-кiшi бағдарлама) бойынша көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi