Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 1340. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр қаулыларына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
     1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы  N 1533  қаулысына:
     аталған қаулыға қосымшада:
     "Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген ҮII тараудағы реттiк нөмiрi 111-жол:
     "Мемлекеттiк қылмыстық-    Заң жобасы,  1997 ж.  Iшкiiсминi,
     атқару жүйесi туралы       Үкiмет       қараша   Әдiлетминi"
                                қаулысы
     алынып тасталсын.

     2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы  N 14  қаулысында: 
      аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Заң жобасы жұмыстарының жоспарынан: 
      реттiк нөмiрi 62а жол алынып тасталсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады