"Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 24 қыркүйек N 1372

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Z970136_ Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамы құрылсын.
      "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамын құрудың мақсаты және оның қызметiнiң негiзгi түрлерi:
      Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен салымшылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын жинау және оны зейнетақы алушыларға төлеу;
      Зейнетақы активтерiн қалыптастыру және оларды мемлекеттiк құнды қағаздарға, мемлекеттiк банктердiң депозиттерiне, халықаралық қаржы ұйымдарының құнды қағаздарына инвестициялау болып табылады.
      2. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылады.
      3. "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық капиталы 10 миллион теңге мөлшерiнде белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамына жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан 10 (он) миллион теңге бөлсiн.
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.07.27. N 837
               қаулысымен. P020837_
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамының Байқаушы кеңесiнiң құрамын бекiту туралы ұсыныс енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамын құру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүргiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды ұйымдарды тiркеу жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiпке сәйкес "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамын мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi 1997 жылғы 1 қарашаға дейiн "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк қоғамын Алматы қаласында қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау

министрлiгiнiң ұлттық зейнетақы агенттiгi, заңдармен белгiленген
тәртiппен, "Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлiк
қоғамына лицензия беретiн болсын.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       мiндетiн атқарушы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады