Мүлiктердi Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясына беру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 қазандағы N 1414

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңда белгiленген тәртiппен:
      "Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамының жарғылық қорын акцияларының бастапқы құнын, қосымшаға сәйкес, "Үлбi авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамына берiлетiн мүлкi құнының мөлшерiне жиынтықты азайту жолымен, азайтсын;

     "Үлбi авиакомпаниясы" ашық акционерлiк қоғамының жарғылық қорын,
қосымшаға сәйкес, оған берiлетiн мүлiктiң құнына акцияларының қосымша
эмиссиясының жолымен көбейтсiн.
     2. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын экономикалық
тұрақтандыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 20 тамыздағы N 1030  

P961030_

  қаулысына мынадай өзгерiстер 
енгiзiлсiн:
     аталған қаулының 1-қосымшасына:
     "Өскемен Як-42 42448 02.12.93 6291 Дұрыс күйде
              Як-42 42447 11.11.93 6968 Дұрыс күйде" деген сөздер
алынып тасталсын;
     аталған қаулының 2-қосымшасына:
     2-гi бағандағы 6-реттiк нөмiрдегi"
     "                                 Штабтың ғимараты
                                       Авиациялық-техникалық
                                       базаның ғимараты
                                       Көлiк учаскесi
                                       Агенттiктiң iшкi инфра.
                                       құрылыммен үй-жайы
                                       Көлiкжай
                                       Қосалқы қызметтердiң
                                       асханасымен ғимараты
                                       Материалдық-техникалық жаб.
                                       дықтау бөлiмiнiң қоймалық
                                       үй-жайлары
                                       Авиация двигательдерiнiң
                                       монтажына арналған
                                       ғимарат
                                       Як-42 тренажер кешенi

     Авиациялық-техникалық база        Авиациялық-техникалық
                                       базаның кешенi
                                       3 жеңiл автомобиль, 1 КАВЗ
                                       автобусы
                                       Сүйретушi (2 дана)
                                       СПО-15 өзi жүретiн-
                                       көтергiш қондырғысы (1 дана)
                                       УПГ-300 әмбебап жылжымалы
                                       гидроқондырғы (1 дана)
                                       ВЗ-20/350 азотпен
                                       май құю машинасы (1 дана)
                                       ЭСЖ 66 арнайы сұйықтарды
                                       құюшы (1 дана)
                                       УВЗ әуе ұшыру қондырғысы
                                       (1 дана)
                                       АКЗС-75 оттегiмен май құю
                                       машинасы (1 дана)
                                       АС-161 ассенизациялық
                                       машина (2 дана)
                                       УМП 350 мотор қыздырғышы
                                       (2 дана)
                                       АПА-35 жылжымалы электр
                                       станциясы (1 дана)
                                       АПА-50 жылжымалы электр
                                       станциясы (1 дана)
                                       АС-157 су құюшысы
                                       (2 дана)
                                       МЗ-66 май құюшысы (1 дана)
                                       Үрлеу машиналары
                                       СПТ-1 автоэлектр
                                       көтергiштерi (2 дана)
                                       АЛ-3 көтергiш алаңы бар
                                       машинасы (2 дана)
                                       ТЗА-7,5 отын құюшысы (3 дана)
                                       Тiркеме-сыйымдылық (2 дана)
                                       Ұшақтардың таңдап алынған
                                       паркiне арналған авиадви.
                                       гательдер мен ВЗУ қондырғылары
                                       және ұшақтарға арналған
                                       барлық резервтiк двигательдер"
     деген жолдар алынып;
     аталған қаулының 3-қосымшасына:
     2-бағандағы 5-реттiк нөмiрдегi:
            "5 тұрақ
            2 мың текше метр" деген жолдар алынып тасталсын.
     3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару
департаментiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
       мiндетiн атқарушы


                                        Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 4 қазандағы
                                            N 1414 қаулысына
                                                қосымша

             "Эйр Қазақстан" жабық акционерлiк қоғамынан
             "Үлбi авиакомпаниясы" акционерлiк қоғамының
                 жарғылық қорына берiлетiн мүлiктiң
                               ТIЗБЕСI

     Як-42 ұшағы (N 42447)
     Як-42 ұшағы (N 42448)

     Штабтың ғимараты
     Авиациялық-техникалық базаның ғимараты
     Көлiк учаскесi
     Агенттiктiң iшкi инфрақұрылыммен үй-жайы
     Көлiкжайлар
     Қосалқы қызметтердiң асханасымен ғимараты
     Материалдық-техникалық жабдықтау бөлiмiнiң
     қоймалық үй-жайлары
     Авиа двигательдерiнiң монтажына арналған
     ғимарат
     Як-42 тренажер кешенi
     Авиациялық-техникалық базаның кешенi
     3 жеңiл автомобиль, 1 КАВЗ автобусы
     Сүйретушi (2 дана)
     ӘКҚ-15 өзi жүретiн-көтергiш қондырғы (1 дана)
     ӘЖГ-300 әмбебап жылжымалы гидроқондырғы (1 дана)
     ВЗ-20/350 азотпен май құю машинасы (1 дана)
     ЭСЖ 66 арнайы сұйықтарды құюшы (1 дана)
     ӘҰҚ әуе ұшыруы қондырғысы (1 дана)
     АКЗС-75 оттегiмен май құю машинасы (1 дана)
     АС-161 ассенизациялық машина (2 дана)
     УМП 350 мотор қыздырғышы (2 дана)
     АПА-35 жылжымалы электр станциясы (1 дана)
     АПА-50 жылжымалы электр станциясы (1 дана)
     АС-157 су шашушы (2 дана)
     МЗ-66 май құюшысы (1 дана)
     Үрлеу машиналары
     СПТ-1 автоэлектр көтергiштерi (2 дана)
     АЛ-3 көтергiш алаңшасымен машина (2 дана)
     ТЗА-7,5 отын құюшылары (3 дана)
     Тiркеме-сыйымдылық (2 дана)
     Ұшақтардың таңдап алынған паркiне арналған
     авиадвигательдер мен ВЗУ қондырғылары және
     ұшақтарға арналған барлық резервтiк двигательдер
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады