Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша алдағы және мерзiмi өткен төлемдердi өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 5 қарашадағы N 1495

      Қазақстан Республикасының шетел несие берушiлерi алдындағы мiндеттемелерiн орындау, дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар бұрын берiлген мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1996 жылғы 11 наурыздағы N 0000012, 1996 жылғы 10 шiлдедегi N 0000013 және 1993 жылғы 4 мамырдағы N 26-14/110 берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiне сәйкес шетел банктерiнiң шоттарының негiзiнде дәрменсiз заемшылар үшiн алдағы төлемдердi (1-қосымша) және мерзiмi өткен төлемдердi (2-қосымша), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгi бағам айырмасының өзгеруiн есепке ала отырып 1997 жылға арналған республикалық бюджетте "Өтеу шегерiлген несиелендiру" бөлiмi бойынша көзделген қаражат шегiнде төлейтiн болсын;
      заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды пайдалану жөнiндегi қызметiне қаржылық тексерiс жүргiзсiн және оларды пайдалану тәртiбiн бұзушылық фактiлерi анықталған жағдайда кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi

алынған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз
етсiн.
     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 5 қарашадағы
                                           N 1495 қаулысына
                                             1 қосымша

        Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар
           мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды өтеу жөнiндегi
                          алдағы төлемдердiң

                                СОМАСЫ

---------------------------------------------------------------------
 Заемшы       !Төлем   !  Төлем    !      Оның iшiнде
 ұйым         !валютасы! сомасы    !---------------------------------
              !        !           !негiзгi борыш!проценттер!басқалары
---------------------------------------------------------------------
Чех несие
желiсi

"Конденсат" АҚ   АҚШ    1909222,23  1666666,67   242555,56     -
               доллары

Израиль
несие желiсi

"Конденсат" АҚ    -"-    346458,55       -        341771,05   4687,50
---------------------------------------------------------------------
БАРЛЫҒЫ        АҚШ      2255680,78  1666666,67   584326,61   4687,50
               доллары
---------------------------------------------------------------------

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 5 қарашадағы
                                           N 1495 қаулысына
                                               2-қосымша

        Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар
           мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша мерзiмi
                          өткен төлемдердiң

                                СОМАСЫ


---------------------------------------------------------------------
 Заемшы ұйым !Төлем   !  Төлем    !      Оның iшiнде
             !валютасы! сомасы    !----------------------------------
             !        !           !негiзгi борыш!проценттер!басқалары
---------------------------------------------------------------------
Түрiк несие
желiсi
"Ақ-Жол" ЖШС   АҚШ    257501,21    255745,18    -             1756,03
             доллары
"Ақ-Жол" ЖШС  _"_     854542,10    848714,55    -             5827,55
"Ынтымақ" РСҮ -"-     1722105,50   1674466,07    -           47639,43
"Медеу-Эмсаш  -"-     752603,08    115187,68    622809,21    14606,19
-Алатау" БК
"Медеу-Эмсаш  -"-     229011,93     77992,83    146574,54     4444,56
-Алатау" БК
"Легпром" АҚ  -"-     964606,44        -        931683,75    32922,69
"Мақсат" АҚ   -"-       7022,30        -          6881,06      141,24
"Игiлiк" АҚ   -"-     969446,11    857245,50     96028,32    16172,29
"Байланыс-    -"-     401931,35    349916,67     51239,45      775,23
Құрылысшы" АҚ
"Байланыс-    -"-      83876,75        -         83876,75      -
Құрылысшы" АҚ
---------------------------------------------------------------------
Жиыны        АҚШ      6242646,77  4179268,48    1939093,08  124285,21
             доллары
---------------------------------------------------------------------
Жаңа кестеге сәйкес мерзiмi өткен берешек

"Медеу-Эмсаш  -"-     1530677,08  1500000,00       -         30677,08
-Алатау" БК
---------------------------------------------------------------------
Жиыны        АҚШ      1530677,08  1500000,00       -         30677,08
             доллары
---------------------------------------------------------------------
Барлығы      АҚШ      7773323,85  5679268,48    1939093,08  154962,29
             доллары
---------------------------------------------------------------------
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады