Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде әскери кафедра құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 6 қарашадағы N 1500

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жүйелерi үшiн Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi студенттерiнiң қатарынан запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнде запастағы офицерлердi даярлау үшiн оқу орнының шығыстары мен штаттық санының шегiнде әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп: 
      әскери кафедраның құрылымы мен штаттық санын әзiрлесiн және бекiтсiн; 
      әскери даярлықтың бейiнiн ескере отырып оқу жоспарларын, бағдарламаларын дайындасын және бекiтсiн. 
      3. Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетiнiң ректоры Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп "Әскери кафедралар туралы ережеге" сәйкес оның оқу-материалдық базасын дайындасын. 
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi: 
      әскери кафедраны командалық-оқытушылық құраммен және оқыту-көмекшi қызметкерлермен жасақтасын; 
      әскери кафедраны әскери даярлықтың бейiнi мен оқу жоспарларына сәйкес әскери мүлiкпен қамтамасыз етсiн. 
      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады