Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Қару (Арсенал) - 1" және "Қару (Арсенал) - 2" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 6 қарашадағы N 1502

      "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 шiлдедегi N 2335 Заң күшi бар  Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан және Солтүстiк Қазақстан әскери және арнаулы жабдықтау базаларының негiзiнде шаруашылық жүргiзу құқығымен, тиiсiнше "Қару (Арсенал) - 1" және "Қару (Арсенал) - 2" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары (бұдан әрi - мемлекеттiк кәсiпорындар) құрылсын. 

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып айқындалсын. 
      Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмде мемлекеттiк кәсiпорындардың жарғыларын бекiтiп, оларды белгiленген тәртiппен тiркеуден өткiзсiн және жарғылық қорларын қалыптастыру жөнiнде шаралар қабылдасын. 

      3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi мiндеттерi болып мыналар белгiленсiн: 
      нысанды киiм-кешек пен заттай мүлiктердi, ұйымдастыру техникаларын, байланыс және ақпаратты есепке алу құралдарын; арнаулы және жалпы мақсаттардағы автомобиль, авиация және су көлiктерi құралдарын; өндiрiстiк құрал-жабдықтарды және халық тұтыну тауарларын, сондай-ақ қосалқы бөлшектердi, жинақтаушы бұйымдарды, жанар-жағар материалдары мен отынды сақтау және сату; 
      нысанды киiм-кешек пен айырым белгiлерi заттарын; арнаулы құралдар мен оларды жинақтаушыларды; мотор және трансмиссиялық майларды өндiру, өңдеу, сақтау және сату. 

      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне кәсiпорындар тiркелгеннен кейiн бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiн толықтыру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады