Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк заттар орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1591

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы  N 2335  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат) және "Дәрiлiк заттар туралы" 1995 жылғы 23 қарашадағы  N 2655  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 137-құжат) Заң күшi бар Жарлықтарына сәйкес және халыққа сатылатын дәрiлiк, профилактикалық, диагностикалық және косметикалық заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың, медициналық техника мен емдеу-профилактикалық тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 

      1. Аймақтық филиалдармен қоса алғанда "Медстандарт" дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және емдеу-профилактикалық тамақ өнiмдерiнiң сапасын бақылау, сертификаттау және стандарттау және мемлекеттiк ғылыми-тәжiрибелiк орталығының негiзiнде Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң "Дәрi-дәрмек" дәрiлiк заттар орталығы" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 

      2. Мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң Кәсiпорынға қатысты функциясын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органы болып Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi белгiленсiн. 

      3. Кәсiпорынның негiзгi мiндетi - денсаулық сақтау саласында дәрiлiк заттардың қауiпсiздiгiн, тиiмдiлiгiн және сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, фармацевтiк қызметтi белгiленген тәртiппен жүргiзу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сертификаттау жүйесiне сәйкес дәрiлiк заттарды сертификаттау белгiленсiн. 

      4. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiмде кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және оны белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн. 

      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн және осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады