Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 желтоқсан N 1680. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.29. N 343 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң
мемлекеттiк реестрi және оларды мемлекеттiк тiркеудi ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379  Жарлығын  жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi туралы ереже бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы          
Үкiметiнiң                 
1997 жылғы 4 желтоқсандағы        
N 1680 қаулысымен            
бекiтiлген                

      Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң
                 мемлекеттiк тiзiлiмi туралы
                          ЕРЕЖЕ 

       1. Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттiк тiзiлiм) деректерiнiң базасы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажеттi мәлiметтердi қамтитын автоматтандырылған ақпараттық жүйенi бiлдiредi. 
      Мемлекеттiк тiзiлiмдi жүргiзу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарына жүктеледi. Мемлекеттiк тiзiлiмдi ұстаушы Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi орталықтандырылған жинақтауды, есепке алуды және оның деректер базасын қалыптастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы болып табылады. 
      2. Мемлекеттiк тiзiлiм: 
      Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бiрыңғай эталондық банкiн қалыптастыру; 
      Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң бiрыңғай мемлекеттiк есебiн жүргiзу мақсатында құрылады. 
      3. Мына нормативтiк құқықтық актiлер Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiс: 
      Қазақстан Республикасының Конституциясы; 
      конституциялық заңдар; кодекстер; заңдар; 
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi; <*> 
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары; <*> 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары; 
      Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі тiркеген Ұлттық Банктiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерi;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органдары тiркеген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi; <*> 
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінiң аумақтық органдары тiркеген, олар арқылы нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi бекiтiлетiн аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi өкiлдi және атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актілері. <*> 
      "Қызмет бабында пайдалану үшiн", "баспасөзге арналмаған", "жариялауға жатпайды" деген белгiсi бар нормативтiк құқықтық актiлер Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiс. 
      "Аса маңызды", "өте құпия", "құпия" деген белгiсi бар нормативтiк құқықтық актiлер Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзуге жатпайды. 
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1998.08.19. N  793 , 2002.10.02. N  1082   қаулыларымен .  
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерi аталған органдармен келiсiлген тәртiп бойынша қағаз және электронды тасымалдаушылар арқылы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада олар қабылданғаннан кейiнгi бес күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ұсынылады. 
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдарында мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен оның аумақтық органдары Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуi үшiн олар тiркелгеннен кейiн бес күннiң iшiнде қазақ және орыс тiлдерiндегi қағаз және электрондық сақтаушыларда екi данада Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жiбередi.<*> 
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінiң 1998.08.19. N  793   қаулысымен .  
      5. Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы олар келiп түскен сәттен бастап он күннiң iшiнде енгiзедi және оларға мемлекеттiк тiркеу нөмiрi берiледi. 
      6. Нормативтiк құқықтық акт Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлгеннен кейiн нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы оған берiлген мемлекеттiк тiркеу нөмiрiмен тиiстi органға қайтарылады. 
      7. Мемлекеттiк тiзiлiмге енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық банкiне кiргiзiлуге тиiс. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады