Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 4 шiлдедегi N 916 P950916_ қаулысына /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 264-құжат/ мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
мыналар Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң Байқау кеңесiнiң құрамына енгiзiлсiн:
Дәмитов Қ.Қ. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң кеңесшiсi, төраға;
Құдышев М.Т. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары /келiсiм бойынша/;
Сәрсембаев Н.А. - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары;
Бектасов Ә.А., Кәкiмжанов З.Х., Аманбаев М.Е. көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi