"Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 19 желтоқсандағы N 1775

      Гидрометеорологиялық болжауларды дайындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқару органдарын, экономика салаларын және халқын табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар, табиғи ортаның iс жүзiндегi жай-күйi және климаттың өзгеруi туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жедел басқару құқығындағы "Қазгидромет" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып белгiленсiн.
      3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi:
      қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжаулар әзiрлеу және жасау;
      қоршаған ортаға жүйелi гидрометеорологиялық байқау және мониторинг жүргiзу;
      гидрометеорология және табиғи ортаның ластануы жөнiндегi республикалық деректер қорын жүргiзу;
       авиацияны, энергетиканы, ауыл шаруашылығын және Қазақстан Республикасы Экономикасының басқа да салаларын метеорологиялық қамтамасыз етудi жүзеге асыру;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, экономикасы салаларының және халқының ауа райы, климат, гидрометеорологиялық жағдайлардың iс жүзiндегi және күтiлетiн өзгерiстерi және табиғи ортаның ластану жай-күйi мен бұл өзгерiстердiң себептерi туралы ақпаратқа қажеттiлiгiн қанағаттандыру болып белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi:
      заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды тiркеу жөнiнде қажеттi ұйымдастыру шараларын жүргiзсiн;
      ұйымдардың тiзбесi мен бөлiнген бюджеттiк қаржылардың есебiнен Кәсiпорын ұсынатын гидрометеологиялық ақпараттардың көлемiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына және бекiтуiне ұсынсын;
      заңдарда белгiленген тәртiппен "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 P960790_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат) бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын енгiзсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады