Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiiнң Қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1781. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.09. N 1028 қаулысымен. ~P981028

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығымен "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 қаулысына P971551_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
     2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 шiлдедегi N 1061 қаулысының  

P971061_

 
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 274-құжат), 
көрсетiлген қаулының 2-тармағын қоспағанда, күшi жойылған деп 
танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1781 қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
            Қаржы бақылау комитетi (Қаржыминiнiң Қаржы
                        бақылаукомы) туралы
                               ЕРЕЖЕ



      Миссиясы: бюджеттiк қаражаттың мақсатты жұмсалуына, мемлекеттiк меншiктiң тиiмдi пайдаланылуына және оның сақталуын қамтамасыз етуге мемлекеттiк қаржы бақылауын жүзеге асыру.

                          I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетi (бұдан әрi - Комитет) барлық деңгейлердегi бюджеттiң атқарылуына, мемлекеттiк меншiктiң, қаржы ресурстарының, мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың, мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына бақылау жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитет Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрылымына кiредi және өзiне бағынысты аумақтық органдардың жүйесiнде Қаржы министрлiгi құзыретiнiң және өзiне берiлген өкiлеттiктердiң шегiнде арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi мен бланкiлерi болады.
      Комитеттiң облыстар мен Ақмола және Алматы қалалары бойынша басқармалары, сондай-ақ қалалардағы - облыс орталықтары мен облыстық бағыныстағы қалалардағы штаттық саны 20 және одан да көп адамнан тұратын бөлiмдерi заңды тұлғалар болып табылады, жедел басқару құқығында мүлiктерге иелiк етедi, банктерде ағымдағы және өзге де шоттары мен мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi болады.
      5. Комитеттiң құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, ал облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша басқармаларының құрылымдарын - Комитетпен келiсiм бойынша бөлiнген санының шегiнде осы органдардың басшылары бекiтедi.
      6. Комитет пен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған қаржы шығыстарын қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.

                           II. Басымдықтары

      7. Комитеттiң басымдықтары:
      жалпы мемлекеттiк және жергiлiктi бағдарламалар мен шараларды iске асыруға бөлiнген бюджет қаражаттарының мақсатты пайдаланылуына;
      мемлекеттiк меншiктiң тиiмдi пайдаланылуы мен сақталуының қамтамасыз етiлуiне;
      мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына;
      құқық қорғау органдарымен бiрлесiп, сыбайлас жемқорлық пен экономика саласындағы қылмыстарға қарсы күрес жөнiндегi шараларды жүзеге асыруына;
      кiнәлi тұлғалардың есебiнен мемлекетке келтiрiлген материалдық залалдың толық өтелуiнiң және мақсатсыз пайдаланылған қаражаттың бюджетте қалпына келтiрiлуiнiң қамтамасыз етiлуiне мемлекеттiк қаржы бақылауын қамтамасыз ету болып табылады.

                      III. Комитеттiң мiндеттерi

      8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      жергiлiктi бюджеттердiң қалыптастырылуы мен атқарылуына, бюджеттiк қаражаттың есебiнен ұсталатын министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың, сондай-ақ өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың және ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiне, мемлекеттiк меншiктiң, мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк және мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың, мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар қаражатының мақсатты және тиiмдi пайдаланылуына қаржы бақылауын жүзеге асыру;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарда ұрлау мен жетiспеушiлiктi, сондай-ақ қаржы қаражаты мен мүлiктi тиiмсiз пайдалану фактiлерiн болдырмау мақсатында тексерулер мен тексерiстердiң материалдарын қорытудың негiзiнде мемлекеттiк қаражат пен ресурстарды ұтымды пайдалану, төлем тәртiбiн, бюджет пен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысуды жақсарту, бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

                      IV. Комитеттiң функциялары

      9. Комитет пен оның аумақтық органдарына қойылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мынадай функциялар:
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен Жоспарға сәйкес Комитеттiң жұмысын жүргiзу;
      жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру мен атқару жөнiндегi жұмыстардың жай-күйiн кешендi тексеру;
      республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың шығыстар сметаларының атқарылуына тексерулер мен тексерiстер жүргiзу;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуымен шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң Тiзiлiмiне сәйкес, белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуымен шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексерулер мен тексерiстер жүргiзу;
      мемлекеттiк және мемлекеттiң кепiлдiгiмен тартылған мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың, мемлекеттiк органдар мен бюджеттiк ұйымдар алған iзгiлiк және қаржы көмектерiнiң, сондай-ақ халықаралық қаржы-экономикалық ұйымдар мен донор елдердiң техникалық көмек заемының тиiмдi және мақсатты пайдаланылуына, мемлекеттiк лотореяларды өткiзуге бақылау жасау;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiнiң шетелдiк iс сапарларға жұмсаған қаражатына бақылау жасау;
      Қазақстан Республикасының шет елдердегi елшiлiктерi мен өкiлдiктерiн қаржыландыруға бөлiнген бюджеттiк қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзу;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резерв қорынан бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзу;
      жедел айналыстағы вексельдер мен мемлекеттiк қазынашылық мiндеттемелердi өтеу үшiн бөлiнген бюджеттiк қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексерiс жүргiзу;
      акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне дивидендтер есептеудiң дұрыстығына және олардың бюджеттiң кiрiсiне толық түсуiне бақылау жасау;
      мемлекеттiк органдар мен меншiктiң барлық нысандарындағы ұйымдарға бөлiнген бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуына және бюджеттiк ұйымдармен өзара қаржы-шаруашылық қатынастарына қатысты мәселелер бойынша тексерiстер мен тексерулер жүргiзу;
      мемлекеттiк бюджеттен тыс қорларға тексерулер мен тексерiстер жүргiзу;
      өз құзыретiнiң шегiнде Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiмен бiрлесiп мемлекеттiк меншiктi жекешелендiрудi жүргiзу кезiнде белгiленген тәртiптiң сақталуына тексерiстер, сондай-ақ шетелдiк фирмалардың (инвесторлардың) басқаруына берiлген мемлекеттiк кәсiпорындарға тексерiстер жүргiзудi жүзеге асыру;
      өз құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жоғары тұрған органдар мен әкiмдердiң тапсырмасы бойынша, өзге де орталық атқарушы органдардың өтiнiмi бойынша, азаматтардың хаттары мен өтiнiштерi бойынша мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарға тексерiстер мен тексерулер жүргiзу;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi органдарының, Бас прокуратурасының ұсынысы бойынша және соттың шешiмi бойынша мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексерiстер мен тексерулер жүргiзу;
      аумақтық органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, оларға бақылау-тексеру жұмыстарын жүргiзуде практикалық және әдiстемелiк көмектер көрсету жүктеледi.

                       V. Комитеттiң құқықтары

      10. Комитет пен оның аумақтық органдарының өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде:
      тексерiлетiн объектiлерде тиiстi құжаттаманы (жоспарлар, сметалар, есептер, бухгалтерлiк, банктiк және қаржы құжаттары) және ақша қаражаттарының, бағалы қағаздарының және материалдық құндылықтардың iс жүзiнде болуын тексеруге;
      тексерулер мен тексерiстер жүргiзу кезiнде белгiленген тәртiппен министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге және өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға, мемлекеттiк кәсiпорындарға, бюджеттiк ұйымдарға, мемлекеттiк банктерге, әскери бөлiмдерге және олардың бөлiмшелерiне бөгетсiз кiруге;
      тексерiлетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың кассаларына, кассалық және қызмет бөлмелерiне, қоймаларына және архивтерiне сүргi салуға, ал құқық бұзушылық (құжаттарды өтiрiк жасау және жалған беру, бюджеттiк қаражатты шығындау, ұрлау, зиянкестiкпен пайдалану, мақсатсыз пайдалану) аңғарылған кезде белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттарды алуға, олардың алынғандығы туралы актi жасауға және iстерде алынған құжаттардың көшiрмесiн немесе қаттамасын қалдыруға;
      тексерiлетiн ұйымдардың басшылары мен басқа да қызметкерлерiнен тексеру мен тексерiстiң барысында пайда болған мәселелер бойынша жазбаша түсiндiрме талап етуге және алуға;
      тексерулер мен тексерiстерге қатысу үшiн басқа ведомстволардың мамандарын тартуға;
      тексерулер мен тексерiстердiң процесiнде тексерiлетiн ұйымның басшыларымен бiрлесiп, анықталған қаржы тәртiптерiнiң, бухгалтерлiк есеп жүргiзу тәртiбiнiң бұзылуын жою, келтiрiлген залалды өтеу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдауға;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша, әр кәсiпорынның (ұйымның) тұрғысында жарты жылдықтың нәтижесi бойынша ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметтерiнiң нәтижелерi туралы есептер алуға;
      тексеру комиссиясының құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Тiзбеге сәйкес шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексерулер мен тексерiстер жүргiзуге қатысуға;
      тексерулер мен тексерiстердiң материалдары, талдаудың нәтижелерi бойынша мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға ашылған тәртiп бұзушылықтарды жою туралы, атқару үшiн мiндеттi қаржы-шаруашылық қызметi туралы есептер беруге, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен залалды өтеу және кiнәлi адамдарды жауаптылыққа тарту жөнiнде өзге де шаралар қабылдауға;
      шығындау, ұрлау, қызмет жағдайын асыра пайдалану және тексерiлген объектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiндегi өзге де құқық бұзушылықтар жөнiндегi тексерулер мен тексерiстердiң материалдарын тергеу органдарына жолдауға;
      тергеу органдарынан осы материалдар бойынша қабылданған шешiмдердiң нәтижелерi туралы және егер ондай болған болса, материалдық залалды өтеу туралы мәселенiң шешiлуi жөнiнде ақпарат алуға;
      салық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда материалдарды жасырылған салықтар мен төлемдердi, айыппұлдық және әкiмшiлiк санкцияларды қоса есептегенде, бюджетке өндiрiп алу жөнiнде оны iске асыру және шаралар қабылдау үшiн салық органдарына беруге;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне мақсатсыз тұрғыда пайдаланылған бюджеттiк қаражаттарды, ағымдағы қаржыландырудың есебiне есептеудi жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзуге құқығы бар.

                VI. Лауазымды тұлғалардың жауаптылығы

      11. Комитет пен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруы кезiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен осы Ереженi қатаң басшылыққа алуға, тексерулер мен тексерiстер жүргiзу кезiнде алынған мәлiметтердi тек қызметтiк мақсатта пайдалануға мiндеттi.
      12. Лауазымды тұлғалар өз мiндеттерiн орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны және мемлекеттiк және коммерциялық құпияларды сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауаптылықта болады.

                 VII. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру

      13. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады.
      14. Төрағаның оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын екi орынбасары болады.
      15. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң және оның аумақтық органдарының қызметiне басшылық жасайды, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
      16. Комитеттiң төрағасы:
      өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен номенклатураға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;
      тәртiптiк жаза қолданады;
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
      Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде қолданылып жүрген заңға сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм қабылдайды.
      17. Қалалық және аудандық бөлiмдердiң қызметкерлерiн (басшыларынан басқа) қызметке қабылдауды және босатуды, қаржыландыруды және оларды ұстау жөнiндегi шығыстарды есептеудi, қажет болған кезде қызмет көрсететiн банк мекемелерiнен ақша қаражатын аудару үшiн атаулы ағымдағы шоттар ашу арқылы Комитеттiң облыстар, Ақмола және Алматы қалалары бойынша басқармалары жүзеге асырады.
      18. Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерi материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету және медициналық қызмет көрсету жағдайлары бойынша, ал Комитеттiң басшылары көлiктiк қызмет көрсету жағдайлары бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi орталық аппаратының қызметкерлерiне теңестiрiледi.
      19. Комитеттi тарату мен қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады