Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1789. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.05.06. N 539 қаулысымен. ~P990539

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 410-құжат) және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау

министрлiгi Туризм және спорт комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi;
     Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
     2. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және мәдениет министрлiгiнiң
Туризм және спорт департаментi туралы ереженi бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1145
қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж.,N 33,
307-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1789  қаулысымен
                                               бекiтiлген

       Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық
          сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетi
           (Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтауминiнiң
                        Турспорткомы) туралы

                              ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      Қазақстан Республикасында дене мәдениетiн, бұқаралық спортты, дамытуға, ұлттық құрама командалардың спорттық шеберлiгiн арттыруға, туризмдi одан әрi дамытуға жәрдемдесу.

                          I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт комитетi (бұдан әрi - Комитет) туризм, дене мәдениетi және спорт саласындағы мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Комитет Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi құзыретiнiң және өзiне берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде өз қызмет саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзедi және осы мақсатта заңдарға сәйкес салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады.
      3. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары,

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз
атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
     4. Өз қызметiнде Комитет Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан
Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де
нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа
алады.
     5. Комитеттiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi.
     6. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджетте
көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.

                          II. Басымдықтары

     7. Комитет өз қызметiнде мынадай басымдықтарды басшылыққа алады.


      Қазақстан Республикасы тұрғындарының күнделiктi тұрмысына салауатты өмiр салтын енгiзу, халық тұратын жерлерде және оқу орындарында бұқаралық спорт және дене мәдениетi - сауықтыру жұмыстарының нысандарын дамыту, туризм және спорт саласында мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру және Қазақстан Республикасы халқының дене даярлығының Президенттiк тесттерiн енгiзу;
      iрi халықаралық шараларды, оның iшiнде Азиялық және Олимпиадалық ойындарды өткiзу мақсатында туризм мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту және нығайту, инвесторларды, оның iшiнде шетелдiк инвесторларды, қатыстыра отырып қазiргi заманғы

спорттық-туристiк орталықтар құру;
     халықаралық спорт аренасында республиканың беделiн нығайту;
     республиканың туристiк - рекреациялық ресурстарды тиiмдi және
кең ауқымды жарнамалау жүйесiн жасау;
     Қазақстанға туристердi тарту мақсатында туризм инфрақұрылымын
одан әрi кеңейту;
     жоғары бiлiктi кадрлар даярлау.

                          III. Мiндеттерi

     8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:


      Қазақстан Республикасында дене мәдениетi мен спортты дамыту, спорттық резервтi және халықаралық деңгейдегi спортшыларды даярлау;
      туризмнiң, дене мәдениетi мен спорттың материалдық-техникалық базасын құру және оны нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
      салада ақпараттық-жарнамалық және баспа iсiн ұйымдастыру;
      республикада және шетелде туристiк және спорттық ұйымдар үшiн мамандар даярлауды ұйымдастыру мен реттеу, олардың iскерлiк бiлiктiлiгiн арттыру, сондай-ақ мамандарды ұтымды пайдалану, туристiк және спорттық қозғалысты насихаттау;
      мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып туризм, дене мәдениетi және спорт саласында зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу;
      мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың туризмдi, дене мәдениетi және спортты дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясатты iске асыру мәселелерi жөнiндегi қызметiн, сондай-ақ облыстардың, астана мен Алматы қалалары әкiмдерiнiң осы саладағы өзектi проблемаларды нақты шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара қарым-қатынасын үйлестiру.

                           IV. Функциялары

      9. Негiзгi мiндеттерiне сәйкес Комитет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын iске асырады, туризм, дене мәдениетi және спорт саласында перспективалық, ағымдағы, мақсатты бағдарламаларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
      мемлекеттiк органдардың халықаралық және iшкi туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту, тиiмдi және ұтымды пайдалану, ақпараттық-жарнамалық iстi дамыту, ғылыми зерттеулер мен өз қызметiнiң басқа да бағыттарын ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi жұмысын үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес туризм инфрақұрылымын құру, туристiк, спорттық және басқа да өнiмдер шығару үшiн инвестицияларды тартуда бiрыңғай стратегияны қалыптастырады және iске асырады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес халықаралық, аймақаралық және iшкi туристiк, спорттық байланыстарды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен, мамандармен, жетекшi бапкерлермен және спортшылармен келiсiм-шарттар жасасады;
      спорттық ғимараттарды пайдалану жөнiндегi нормативтер мен талаптарды және ведомстволық және аумақтық тиесiлiгiне қарамастан спорттық ғимараттардың, базалар мен ұйымдардың барлық басшыларының орындауы үшiн мiндеттi спорттық шараларды, оқу-жаттығу процесi мен жиындарын өткiзу кезiндегi техникалық қауiпсiздiк ережелерiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      туристiк және спорттық ұйымдарды жабдықтаудың нормативтерiн, туристерге қызмет көрсету стандарттарын әзiрлейдi және бекiтедi, туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен лицензия бередi және оларды керi қайтарып алады;
      туризм, дене мәдениетi және спорт мәселелерi бойынша республика заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, саланың халықаралық және аймақаралық шарттарының, үкiметаралық келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
      ақпараттық-жарнамалық және баспа қызметiн жүзеге асырады, спорттық, туристiк тауарлар мен қызмет көрсетулердiң республикалық көрмесiн өткiзедi, халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысуды қамтамасыз етедi;
      туристiк және спорттық ұйымдарға ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылық жасайды;
      басқа мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен бiрлесiп ұйымдастырылатын туристiк және спорттық шаралардың жоспарларын үйлестiредi, шаралардың, жарыстардың бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарларын әзiрлейдi, олардың орындалуына бақылау жасайды;
      Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлайды, республика спортшыларының ТМД елдерiнiң, Еуропа, Әлем чемпионаттарына, Олимпиадалық және Азиялық ойындарға, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

     мүдделi мемлекеттiк органдармен және қоғамдық ұйымдармен
бiрлесе отырып спорттық резерв даярлау жөнiндегi жұмысты жүргiзедi,
спорт клубтарының, мектептерi мен ғимараттарының, олимпиадалық
даярлық орталықтарының жүйесiн дамытуды, сондай-ақ ондағы
оқу-жаттығу процесi мен допинг бақылауды ұйымдастыру жұмысын
үйлестiредi;
     бағдарламалар мен ерекшелiктер тұрғысынан бюджеттiк және
бюджеттен тыс қаражат бойынша шығыстар сметаларын әзiрлеп, бекiтуге
ұсынады.

                            V. Құқықтары

     10. Комитеттiң:
     туристiк қызметтi лицензиялауға;
     белгiленген тәртiпте халықаралық, аймақаралық, туристiк және
спорттық ұйымдарда республика мүддесiн бiлдiруге;


      Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң жобаларын, саланы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың мемлекеттiк бағдарламалары мен жоспарларын жасауға қатысуға;
      туристiк және саяхаттық бағдарламалар мен бағыттарды әзiрлеуге және бекiтуге;
      кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру, олардың қызметiн әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету бағдарламаларын бекiтуге және үйлестiруге, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлерi мен туризм, дене мәдениетi және спорт жөнiнде мамандармен тәжiрибе алмасуды ұйымдастыруға;
      туристiк және спорттық шараларға қатысушыларды материалдық қамтамасыз етудiң шығыс нормаларын белгiленген тәртiппен бекiтуге;
      халықаралық, аймақаралық және республикалық туристiк шаралар, спорттық жарыстар мен жиындар өткiзуге;
      спорттық жарыстар мен жиындар өткiзудiң ережелерiн, спорт түрлерiнiң жiктемесiн, оларды өткiзу жөнiндегi жұмысты реттеп отыратын бағдарлама-әдiстемелiк және басқа да нормативтiк құжаттарды бекiтуге;
      белгiленген тәртiппен республикалық спорттық және басқа да шаралардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiне спорттық және құрметтi атақтар беру, медальдармен, белгiлермен, дипломдармен, жүлделермен, грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау мәселелерiн шешуге, жаттықтырушы-оқытушылар құрамына санаттар тағайындауға құқығы бар.

                       VI. Қызметiн ұйымдастыру

      11. Комитетi Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      Төрағаның екi орынбасары болады, оларды Төрағаның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      12. Төраға:
      Комитеттiң жұмысына басшылық жасайды;
      Комитетке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуына жеке жауап бередi;
      Комитеттiң орталық аппаратының қызметкерлерiн, Комитетке

ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды
және қызметтерiнен босатады;
     өз құзыретiнiң шегiнде Комитеттiң барлық бөлiмшелерi мен
Комитетке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың орындалуы үшiн
мiндеттi бұйрықтар шығарады, нұсқаулар мен өкiмдер бередi;
     Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
     белгiленген адам саны мен еңбек ақы қорының шегiнде Комитеттiң
орталық аппаратының штат кестесiн бекiтедi.
     13. Комитеттi тарату және қайта ұйымдастыру қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1789  қаулысымен
                                               бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және
           денсаулық сақтау министрлiгi Туризм және спорт
                 комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың
                              ТIЗБЕСI

                          I. Оқу орындары

     Республикалық спорттың бұқаралық түрлерi жөнiндегi жоғары
спорттық шеберлiк мектебi

     Республикалық спорттың ойындық және қысқы түрлерi жөнiндегi
жоғары спорттық шеберлiк мектебi

     Республикалық спорттың қолданбалы түрлерi жөнiндегi жоғары
спорттық шеберлiк мектебi

     Республикалық олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар
мен жасөспiрiмдер мектебi

     Қ.Мұңайтпасов атындағы N 1 республикалық спорт колледжi

     Қ.Ахметов атындағы N 2 республикалық спорт колледжi

                 II. Республикалық маңызы бар спорт
                            ғимараттары

     "Монтажник" спорттық-сауықтыру кешенi
     "Медеу" спорт кешенi
     Б.Шолақ атындағы мәдениет және спорт сарайы
     Орталық жүзу бассейнi
     "Достық" оқу-спорт кешенi
     "Бутаковка" оқу-жаттығу базасы

                       III. Басқа да ұйымдар

     "Қазспортжабдықтау" басқармасы
     Спорт түрлерi жөнiндегi штаттық ұлттық командалар дирекциясы

                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1789 қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және
         денсаулық сақтау министрлiгiнiң Туризм және спорт
                        комитетiнiң құрылымы

     Туризм басқармасы
     Спорт басқармасы
     Қаржы-экономика бөлiмi
     Ұйымдастыру-кадр жұмысы бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады