Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1790. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.15. N 771 қаулысымен. ~P990771

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына сәйкес (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 410-құжат) Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын

мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi туралы
ереже;
     Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын
мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымы
бекiтiлсiн.
     2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын
мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi туралы
ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы
11 тамыздағы N 1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997
ж., N 37, 350-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1790 қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
             Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды
            тiркеу жөнiндегi агенттiгi (Әдiлетминiнiң
             Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды
                 тiркеу жөнiндегi агенттiгi) туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              МИССИЯСЫ



      Заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу саласында мемлекеттiк стратегияның мiндеттерiн iске асыру.

                          I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды тiркеу жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң құзыретi және оған берiлген өкiлеттiктер шегiнде дербес түрде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн, салааралық үйлестiрудi, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi және онымен жасалатын мәмiлелердi, заңды тұлғалар мен бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу, жылжымайтын мүлiкке баға беру және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы қызмет көрсету жөнiндегi қызметтi басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органы, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
      2. Агенттiктiң аппаратын ұстау республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
      3. Агенттiк заңды тұлға құқықтарын иеленедi, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, дербес балансы, есеп айырысу және өзге де шоттары, тиiстi мөртаңбалары болады.
      4. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының

Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен
Үкiметiнiң актiлерiн, осы Ереженi, Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрiнiң бұйрықтарын және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi
басшылыққа алады.
     5. Агенттiк өзiнiң ұсынуы бойынша құрылған, ол бекiтетiн
құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейтiн мемлекеттiк
кәсiпорындар мен өзге ұйымдарға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы
субъектiсiнiң (мемлекеттiк басқару органының) мiндеттерiн  жүзеге
асырады.

                II. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары

     6. Агенттiк қызметiнiң басымдықтары мыналар болып табылады:
     жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру
және үйлестiру;
     құқықтық кадастрды қалыптастыру және жүргiзу;
     Қазақстан Республикасының аумағында құрылған, қайта
ұйымдастырылған және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғаларды есепке
алу;
     заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiн жүргiзу;
     жылжымайтын мүлiктi бағалау және адвокаттық қызметпен
байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi
лицензиялауды қамтамасыз ету.

                    III. Агенттiктiң мiндеттерi

     7. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:


      Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;
      өз құзыретiнiң саласында аумақтық әдiлет органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерi туралы мәлiметтердiң сипатталған бiрыңғай құқықтық кадастрын жүргiзу;
      жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу, сондай-ақ жылжымайтын мүлiктi бағалау саласында бiрыңғай әдiстемелiк база дайындау;
      Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз ету;
      заңдарда белгiленген тәртiппен заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзбесiн тiркеу және жүргiзу;
      заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметке әдiстемелiк басшылық жасау;
      20 000 есептi көрсеткiшке дейiнгi мәлiмделген жарғылық капиталы бар акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарын тiркеудi қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi оның құзыретiне жатқызған қызмет түрлерi бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, лицензиар функцияларын жүзеге асыру;
      Агенттiкке заңдармен жүктелген өзге де мiндеттер.

                     IV. Агенттiктiң функциялары

      8. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес ұйымдастырушылық, әдiстемелiк, бақылау-қадағалау және басқа да басқару функцияларын жүзеге асырады.
      9. Жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу саласында Агенттiк мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметке басшылық жасау;
      аумақтық әдiлет органдары мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмлелердi тiркеу саласындағы қызметiн үйлестiру, оған әдiстемелiк көмек көрсету және оны тексеру және осы қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      аумақтық әдiлет органдары мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу мәселелерi жөнiндегi ерекшелiктерiне жасалған шағымдарды қарау;
      құқықтық кадастрды жүргiзу.
      10. Заңды тұлғаларды, олардың филиалдарын және өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу саласындағы Агенттiктiң негiзгi функциялары мыналар болып табылады:
      заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi қызметке басшылық жасау және осы қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      заңды тұлғалардың, аумақтық органдар мен Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың "Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын орындауына бақылауды жүзеге асыру:
      аумақтық әдiлет органдары мен Агенттiкке бағыныстағы ұйымдардың заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу жөнiндегi қызметiн үйлестiру және оған әдiстемелiк басшылық жасау, осы қызметтi тексеру және оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;
      заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiн және заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу;
      аумақтық әдiлет органдарының және Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың тiркелген (қайта тiркелген) және таратылған заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпараттың берiлуiн қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жұмыс iстейтiн заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы бiрыңғай деректер банкiн қалыптастыру;
      тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ресми баспасөз органына Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген және өз қызметiн тоқтатқан заңды тұлғалардың, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiнiң тiзiмiн жариялау үшiн материалдар беру;
      акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздары эмиссиясын тiркеудi жүзеге асыру;
      аумақтық әдiлет органдарының және Агенттiкке ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың заңды тұлғаларды және бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттiк тiркеу мәселелерi жөнiндегi әрекеттерiне жасалған шағымдарды қарау.
      11. Агенттiк және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар

заңдарда көзделгеннен басқа да функцияларды, оның iшiнде мынадай
функцияларды жүзеге асырады:
     басқа мемлекеттiк басқару органдарының регистрлерiмен
(тiзiлiмдерiмен) өзара байланыс жүргiзу;
     Агенттiкке құзыретiне жатқызылған мәселелер жөнiндегi заңдардың
және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге
қатысу;
     Қазақстан Республикасының Үкiметi оның құзыретiне жатқызған
қызмет түрлерi бойынша лицензиялау;

                      V. Агенттiктiң құқықтары

     12. Жүктелген мiндеттерiне және орындайтын функцияларына сәйкес
Агенттiктiң:


      өз құзыретiнiң шегiнде барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi ведомстволық актiлер шығаруға;
      өз құзыретiнiң шегiнде орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруге;
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуға және алуға;
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсi функцияларын жүзеге асыруға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен жылжымайтын мүлiктi бағалау және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялауды жүзеге асыруға;
      өз құзыретiнiң шегiнде аумақтық әдiлет органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылауға;
      жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркегенi, сондай-ақ ақпараттық қызметтер көрсеткенi үшiн заңдарға сәйкес ақы алуға;
      заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi туралы ақпаратты (қызметтiк немесе коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда) мүдделi тұлғаларға шарттық негiзде сатуға;
      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 206-бабына сәйкес Агенттiктiң мүлкiн иеленуге және пайдалануға;
      баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар.

                 VI. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      13. Агенттiктi Директор басқарады, Агенттiк директорын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Агенттiк директорының орынбасары болады, оны Агенттiк директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      14. Агенттiк директоры Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылықты жүзеге асырады, Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      15. Агенттiк директоры:
      Агенттiк қызметiн басқарады:
      Агенттiк және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар қызметкерлерiнiң мiндеттерiн және жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
      Агенттiк қызметкерлерiн және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      Әдiлет министрiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмiмен, сонымен бiр уақытта Агенттiк жүйесiне кiретiн жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жөнiндегi бас тiркеушiлер болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталықтар мен Агенттiкке

ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларын және бас бухгалтерiн
қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
     Агенттiктiң және оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың
қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады;
     өз құзыретiнiң шегiнде өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер
бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;
     Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ
оған ведомстволық ұйымдардың құрылтай құжаттарын бекiтедi;
     өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда
Агенттiктi бiлдiредi, шарттар, келiсiмдер жасасады, сенiмхаттар
бередi, банктерде есеп айырысу, валюталық және басқа да шоттар ашады;
     өз құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер бойынша шешiмдер
қабылдайды.

                 VII. Агенттiктiң  қызметiн тоқтату

     16. Агенттiктiң қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен қайта ұйымдастыру
немесе тарату жолымен жүргiзiледi.

                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1790  қаулысымен
                                               бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң
             Жылжымайтын мүлiктi және заңды тұлғаларды
                    тiркеу жөнiндегi агенттiгiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық

     Жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды және онымен жасалатын
     мәмiлелердi тiркеу басқармасы

     Заңды тұлғаларды тiркеу басқармасы

     Қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады