Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кеден комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1792. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.02.25. N 173 қаулысымен. ~P990173

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттi басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылдың 10 қазанындағы N 3655 U973655_ Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi

орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
     3. Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, бiр айлық мерзiм iшiнде Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға
сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi туралы
ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы
29 сәуiрдегi N 682 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1997 ж., N 17, 155-құжат) күшi жойылған  деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1792 қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
           Кеден комитетi (Қаржыминiнiң Кеденкомы) туралы
                               ереже

                              Миссиясы



      Қазақстан Республикасында кеден iсiне тiкелей басшылықты қамтамасыз ету және бiрыңғай кеден саясатын жүзеге асыруға ықпал ету.

                          I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай жүйесiне басшылық жасайтын, кеден iсiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын, бiрыңғай мемлекеттiк кеден саясатын iске асыратын және осы мақсатта салааралық үйлестiрудi жүргiзетiн мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Комитет өзiнiң құзыретi мен өзiне берiлген өкiлеттiктерiнiң шегiнде арнайы атқарушы және бақылау функцияларын дербес жүзеге асырады. Комитеттiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi.
      3. Комитет өз қызметiн басқа да мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимылда жүзеге асырады.
      4. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Комитеттi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгi үшiн көзделген қаражаттың есебiнен
жүзеге асырылады.
     6. Комитеттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының
Үкiметi айқындайды.
     7. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның банкте шоттары,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өзiнiң
атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi, тиiстi мөрлерi және мөртабаны
болады.

                          II. Басымдықтары

     8. Комитет өзiнiң қызметiнде мынадай басымдықтарды:
     қазақстан рыногын, қазақстандық өндiрушiлер мен тұтынушыларды
қорғауды;
     өндiрiп алу кеден органдарына жүктелген кеден төлемдерiн және
салықтарды толық жинауды;
     сауда саясаты мiндеттерiн шешудi;
     кеден iсiн ұйымдастыруды және жетiлдiрудi;
     кеден органдарының жүйесiн жетiлдiрудi басшылыққа алады.

                     III. Комитеттiң мiндеттерi

     9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
     Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеуге және осы
саясатты iске асыруға қатысу;
     өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының аумағында
бiрыңғай кеден саясатын қамтамасыз ету;
     өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық
қауiпсiздiгi мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
     Қазақстан Республикасында кеден iсiн ұйымдастыру және жетiлдiру;


      Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың басымдықтарын сүйене отырып, кедендiк реттеудi ұйымдастыру және жетiлдiру;
      Қазақстан Республикасының кеден мәселелерi жөнiндегi халықаралық ынтымақтастыққа қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

                      IV. Комитеттiң функциялары

      Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Қазақстан Республикасының кеден саясатын жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды дайындауға қатысады;
      Қазақстан Республикасының кеден саясатын iске асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру тетiгiн әзiрлеуге қатысады;
      Қазақстан Республикасында кеден iсiн дамытудың бағдарламасын әзiрлейдi және iске асырады;
      заңдарда белгiленген тәртiппен кеден iсi туралы заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады;
      белгiленген тәртiппен өндiрiп алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кеден баждары мен салықтарын қолданудың ставкалары мен тетiгi туралы ұсыныс енгiзедi;
      лицензиялауды қоса алғанда Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын әзiрлеуге қатысады;
      тауарлардың кедендiк құнының дұрыс анықталуына бақылау жасаудың жүйесiн ұйымдастырады;
      өндiрiп алу Қазақстан Республикасының кеден органдарына жүктелген кеден баждарының және салықтарының республикалық бюджетке уақтылы және толық төленуiн қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзген кезде кеден режимдерiн тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi;
      кеден делдалдарына және мамандарына заңдарда белгiленген тәртiппен лицензиялар, бiлiктiлiк аттестаттарын бередi;
      кедендiк бақылауды жүзеге асыруды және тауарлар мен көлiк құралдарын ресiмдеудi ұйымдастырады, оларды жетiлдiру жөнiнде шаралар қолданады;
      дербес және құқық қорғау органдарымен өзара iс-қимылда кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етедi, кеден инфрақұрылымы объектiлерiн күзету жүйесiн ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының кеден шекарасын күзету жөнiнде басқа да шараларды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзуге рұқсат ету тәртiбiнiң сақталуын әзiрлеуге және қамтамасыз етуге қатысады;
      заңдарда белгiленген тәртiппен стратегиялық және басқа да Қазақстан Республикасы үшiн өмiрлiк маңызы бар материалдарды, сондай-ақ мәдени құндылықтарды сыртқа шығаруға экспорттық бақылауды жүзеге асырады;
      өз құзыретiнiң шегiнде және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының мемлекеттiк қауiпсiздiктi, табиғи ортаны, жануарларды және өсiмдiктердi қорғау, республикаға әкелiнетiн тауарларды тұтынушылардың мүддесiн қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға қатысуын қамтамасыз етедi;
      контрабандамен және кеден iсi саласындағы өзге де қылмыстарға қарсы күрес жүргiзудi ұйымдастырады;
      кеден ережелерiн бұзушылықтың жолын кесуге байланысты жұмысты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының халықаралық терроризмге қарсы күрестегi қызметiн ұйымдастырады және басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының әуежайларында халықаралық азаматтық авиацияның қызметiне заңсыз араласудың жолын кесуге ықпал етедi;
      заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды тұлғаларының контрабанда туралы, кеден iсi саласындағы өзге де қылмыстар туралы iстер бойынша iс жүргiзуi, жедел iздестiру қызметiн жүргiзуi, кеден ережелерiнiң бұзылуы туралы iстер бойынша iс жүргiзуi және оларды қарауы кезiнде заңдылықты сақтауына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының кедендiк статистикасы мен әлеуметтiк кедендiк статистиканы жүргiзудi ұйымдастырады;
      Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасын жүргiзедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде шағымдар мен өтiнiмдердi уақтылы және әдiл қарауды ұйымдастырады, азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келтiретiн себептердi жою жөнiнде шаралар қабылдайды;
      Қазақстан Республикасындағы кеден iсiнiң жай-күйi және оны дамыту жөнiндегi ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзедi;
      Қазақстанның қатысуымен кеден iсi мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оларды жасасу жөнiнде келiссөздер жүргiзедi, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде кеден iсi мәселелерiмен шұғылданатын халықаралық ұйымдардың қызметiне қатысады;
      Қазақстан Республикасы мен шетелдiк мемлекеттерде кеден iсi туралы заңдардың қолданылуы, оның iшiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргiзiлуi практикасын қорытады және талдайды;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп кеден органдарының лауазымды тұлғаларын даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды, кеден зертханаларында, басқа да ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда жұмыс iстеу үшiн мамандарды даярлауды қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден басқармаларын, кедендердi, кеден постыларын, кеден зертханаларын, қызметi Қазақстан Республикасы кеден органдарының мiндеттерiн шешуге жәрдемдесетiн құрылыс-пайдалану және өзге де ұйымдарды құрады, қайта ұйымдастырады және таратады;
      өз құзыретiнiң шегiнде өзiнiң жүйесiнде ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң, оқу орындарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;
      заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдары жүйесiнiң мүлкiн басқаруды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай

автоматтандырылған жүйесiн құруды, олардың жұмыс iстеуiн және оларды
жетiлдiрудi қамтамасыз етедi;
     кеден органдары жүйесiнiң материалдық-техникалық және
әлеуметтiк базасын дамытады;
     кеден органдары жүйесiнiң лауазымды тұлғаларын құқықтық және
әлеуметтiк қорғау шараларын iске асыруға жәрдемдеседi;
     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен
иелiгiнде теңiз, өзен және әуе кемелерi бола алады;
     Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген басқа да
функцияларды орындайды.

                      V. Комитеттiң құқықтары

     11. Комитет өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды жүзеге
асыру кезiнде:
     өз құзыретiнiң шегiнде кеден режимдерiн құқықтық реттеудiң
ерекшелiктерiн айқындауға;


      тауарлар мен көлiк құралдарын еркiн кеден аймақтары мен бос қоймаларға әкелудiң және олардан әкетудiң не оларды кеден қоймаларына орналастырудың тәртiбiн белгiлеуге;
      жеке адамдардың тауарлар тасымалдауының оңайлатылған, жеңiлдiктi тәртiбiн белгiлеу жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзуге;
      мемлекеттiк органдардан меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды тұлғалардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен баспа қызметiн жүзеге асыруға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен өнiмдердiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) мемлекеттiк тапсырысшысының функцияларын орындауға, кеден iсi мәселелерi жөнiнде үйлестiрушiлiк сараптық кеңестер мен жұмыс топтарын құруға;

     өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасында да, одан
тысқары жерлерде де мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, сондай-ақ
лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жүргiзуге;
     ведомстволық автоматтандырылған байланыс жүйесi болуға;
     Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқық
күшiн жүзеге асыруға құқықты.

                   VI. Комитеттiң жауапкершiлiгi

     12. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен:
     Қазақстан Республикасының экономикалық егемендiгi мен
экономикалық қаупiсiздiгiн қамтамасыз ету;
     Кеден iсi саласында адамдардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң
қорғалуын қамтамасыз ету;
     кеден iсi саласында заңдардың сақталуы;
     мемлекеттiк қаржының тиiмдi және мақсатты пайдаланылуы үшiн
жауапкершiлiкте болады.

                     VII. Қызметiн ұйымдастыру

     13. Комитет Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiрыңғай
жүйесiне кiредi.


      14. Комитет Қазақстан Республикасы кеден мекемелерiнiң, кеден зертханаларының және басқа да өзiне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдердегi кедендiк өкiлдiктерiнiң қызметiн басқарады.
      15. Комитеттiң орталық аппараты басқармалардан және оның қызметiн қамтамасыз ететiн өзге де құрылымдық бөлiмшелерден тұрады.
      16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады, ал оның орынбасарларын Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      17. Облыстық кеден басқармаларының, кедендердiң және кеден постыларының бастықтарын, облыстық кеден басқармалары бастықтарының орынбасарларын Комитет Төрағасының ұсынуы бойынша Қаржы министрi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      18. Кедендер мен кеден постылары бастықтарының орынбасарларын, Комитеттiң қызметкерлерiн Комитеттiң Төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Облыстық кеден басқармаларының, облыстық кеден басқармаларының бағынысындағы кедендер мен кеден постыларының қызметкерлерiн облыстық кеден басқармаларының бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Комитеттiң тiкелей бағынысындағы кедендер мен кедендердiң бағынысындағы кеден постыларының қызметкерлерiн кедендердiң бастығы қызметке тағайындайды және қызметтер босатады.
      21. Төраға Комитеттiң жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
      Комитеттiң Төрағасы осы мақсатта:

     өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi
басшыларының мiндеттерiн айқындайды;
     тәртiптiк жаза қолданады;
     өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
     Комитеттiң, кеден басқармаларының және кедендердiң құрылымдық
бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
     өз құзыретiнiң шегiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
     өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiм
қабылдайды.

                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1792 қаулысына
                                              қосымша
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.10.06.
              N 1004 қаулысымен.  

P981004_

 

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
                 Кеден комитетi орталық аппаратының
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Кеден кiрiстерi басқармасы
     Кедендiк бақылауды ұйымдастыру басқармасы
     Энергия ресурстарын кедендiк бақылау жөнiндегi басқарма
     Контрабанда және кеден ережелерiн бұзушылыққа қарсы күрес
     жөнiндегi басқарма
     Жеке қауiпсiздiк басқармасы
     Кедендiк бақылау мен режим басқармасы
     Құқықтық басқарма
     Жедел-талдау басқармасы
     Сыртқы байланыстар басқармасы
     Күрделi құрылыс пен материалдық-техникалық қамтамасыз ету
     басқармасы
     Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi
     Қаржыландыру, бухгалтерлiк есеп, есептiлiк және бақылау
     басқармасы
     Кадрлар және оқу орындары басқармасы
     Автоматтандыру және кедендiк статистика басқармасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады